Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет69/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Санитарлық бақылау
Нан  зауытындағы  жүйелік  санитарлық  бақылау – ол 
технологиялық  процестің  қалыпты  өтуін  жəне  өнімнің  жоғары  са-
пасын, əсіресе үздіксіз технологиялық сызбамен жұмыс жасағанда 
қамтамасыз  ететін  қажетті  шарттың  біріне  мынадай  санитарлық 
бақылаулар кіреді:

тазалықтың  дұрыстығын  жəне  құрылғының  тазалығын 
бақылау;

жұмыс орнын, ауа, ыдыс, көліктің тазалығын бақылау;

өндіріс жəне экспедиция жұмысшыларының жеке тазалығын 
бақылау. 
Жабдықтардың дұрыс жуылуын бақылау. Дұрыс жуылмаған 
жəне жеткіліксіз дезинфекция жасалмаған жабдықтар инфекцияның 
көзі болып табылады. Өндірісте пайдаланатын жабдықтарды үнемі 
жуып,  тазалап,  дезинфекциялайды.  Зертхана  жұмысшылары  жуу 
сапасын  көзбен  бақылап,  нан  түйірлерінің  бар-жоқтығын  бақылап 
отырады,  қажет  жағдайда  жабдықтардың  ішкі  жағынан  жəне  қол 
жетімсіз  жерлерінін  алынған  жағындыларды  микроскоп  астында 
қарайды. 
Жұғындыларды қарау барысында микроскоптың көру аймағында 
бірлі-жарым бактерияларға рұқсат етіледі. Əсіресе, нанның «созыл-
малы  ауруы»  пайда  болған  кезде  жабдықты  мұқият  жуып,  дезин-
фекциялау  қажет.  Жабдықтың  металды  бөліктерін,  тасымалдағыш 
ленталарды,  ұнның  сүрлемдерін  жəне  тағы  басқа  тұстарын  ұнның 
қалдықтарынан мұқият тазалайды. Нан илейтін ыдысты, сұйық жəне 
престелген ашытқыларға арналған ыдыстарды алдымен қамыр жəне 
қоректік орта қалдықтарынан механикалық түрде тазалайды, сосын 
ыстық сабынды ерітіндімен (10 литр ыстық суға 200 грамм кір са-
бын)  немесе 0,5% каустикалық  сода  ерітіндісімен  шайқайды.  Кей-
де 3% хлорлы əк ерітіндісін (тұнған) пайдаланады. Қышқылдарды 
тезірек  бейтараптандыру  үшін  жабдықты  дезинфекциялаушы  зат-
тармен  өңдеп  болған  соң,  күкірт  немесе  тұз  қышқылымен  аздап 
қышқылданған  ыстық  сумен  шаяды.  Ағаш  жабдықты 1%-дық  тұз 
қышқылы  ерітіндісімен  немесе 3% хлорлы  əк  ерітіндісімен  зарар-
сыздандырады. 
Қамыр  бөлетін  жəне  формаға  келтіретін  машиналарды  ұнның 
қалдығы  мен  қамырдан  тазалайды.  Қамыр  жабысқан  машинаның 
бөліктеріне тазалағаннан кейін өсімдік майын жағады. Нан пісіруге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет