Дайын өнімді сақтау жəне тасымалдау. Нан – тұтыну кезінде
қосымша аспаздық өңдеуді қолданбайтын тағам түрі, сондықтан
оны сақтау жəне тасымалдау кезінде санитарлы ережелер қатаң
түрде сақталу керек.
Нан сақтауға арналған қоймалар, экспедициялар жəне басқа
да орындар, сонымен бірге тара жəне тасымалдаушы көліктер
үнемі санитарлық бақылауда болу керек. Нанды сақтауға арналған
қоймалар мен орындарды үнемі тазалап, зарарсыздандырып отыра-
ды.
Тараларды, сөрелерді жəне басқаларды да үнемі санитарлық
өңдеуден өткізеді жəне белгілі бір заттардың беткі қабатының
тазалығын залалсыздандырылған тампонмен тексереді. Нан
тасымалдауға арналған көліктерде санитарлық қадағалауға рұқсаты
болу қажет.