6-ТАРАУ. НАН АШЫТҚЫСЫН ӨНДІРУ Нан ашытқысын өндіру – ол бір клеткалы ашытқы
саңырауқұлақтарын өсіру, қоректік ортадан оларды бөліп алу жəне
престеумен шектеледі. Бұл микроорганизмдер сұйық қоректік орта-
да, жоғары аэрацияда жəне шамамен 30°С температурада көбейеді.
Олар қамырды жақсы көтереді, сондықтан нан өндірісінде кең
қолданыс тапқан.
Престелген ашытқылар – брикеттер, салмағы əртүрлі болып
келеді (50 гр-нан 1 кг дейін) ылғал мөлшері 73-75%. Қоюлатылған
ашытқылар – диаметрі 0,8-1,3 мм ұсақ түйіршіктер немесе диаметрі
2-02,5 мм əртүрлі форма түрінде болады. Кептірілген ашытқылар-
дағы ылғал мөлшері 7,5-10% құрайды.