С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет42/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

раттық  жүйелерді  (ГАЖ)  қалыптастырды.  Бұл  атаулардағы  «географиялық»  дегеннің  өзі  кеңістік-
тік  деген  мағына  берумен  қатар,  зерттеу  ұстанымының  кешенділігі  мен  жүйелілігіне  де  қатысты 
қолданылған. dлемдегі ең алғашқы ГАЖ ХХ ғасырдың 60-жылдарында Канада мен АҚШ-та жасал-
ған болатын [1, c. 2]. Қазіргі кезде алуан түрлі салаларда мыңдаған ГАЖ қолданылады. ГАЖ барлық 
кеңістіктік  деңгейлерді  (ғаламдық,  аймақтық,  ұлттық,  жергілікті)  қамтып,  қоршаған  орта  мен  қоғам 
туралы барлық дерлік ақпаратты (картографиялық, статистикалық, қашықтан зондылау, меторология-
лық ж`не т.б.) жүйелейді.  
Бүгінде  ГАЖ  жасауға  ғылыми  ж`не  білім  беру  мекемелері  ғана  емес,  халықаралық  ұйымдар 
(Біріккен  Ұлттар  Ұйымы,  ЮНИСЕФ,  ЮНЕСКО,  ЮНКТАД  ж`не  т.б.),  мемлекеттік  мекемелер, 
министрліктер мен статистикалық басқармалар, геологиялық, картографиялық ж`не жер қатынастары 
жөніндегі мекемелер де қатынасады. Көптеген дамыған елдерде ГАЖ жасауға ед`уір қаржы жұмса-
лып,  жетілген  геоақпараттық  инфрақұрылым  мен  автоматтандырылған  картографияны  дамыту, 
геоақпараттану  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  қалыптастыру,  ақпаратты  ұлттық  жоспарлау, 
жинақтау ж`не тарату секілді қызметтерді дамытуда.  
XXI  ғасырдағы  ғылым  мен  технологияның  дамуы  барлық  зерттеу  ақпараттарын,  `дістерін  ж`не 
олардың  н`тижелерін  өңдеуді  сандық  түрге  көшіруді  талап  етіп  отыр.  Бұл  бағыт  картография  сала-
сындағы  ГАЖ  технологиясын  пайдаланып,  сандық  түрге  көшіруді  қажет  етуде.  Мұндай  `дістер 
д`стүрлі  картографиялық  зерттеу  `дістеріне  қарағанда,  кез  келген  зерттеу  нысаны  туралы  ақпарат-
тарды жүйелеуге мүмкіндік береді. Бұлар тұтынушыға Жер шарының кез келген нысандарын көзбен 
көріп,  ол  туралы  қосымша  м`ліметтер  (координатасы,  биіктігі,  тереңдігі,  ауданы,  арақашықтығы 
ж`не т.б.) алуға, компьютерлік өңдеуге жағдай жасайды. ГАЖ құру үшін қолданылатын бағдарлама-
лардың негізін – ArcGIS, MapInfo, ArcInfo, ERDAS Imaging, ENVI ж`не т.б. бағдарламалар құрайды 
[2, 33-34 б.б.].  
ГАЖ-өнімдерін  алдыңғы  қатарлы  `лем  университеттері  өздерінің  зерттеу  жұмыстары  мен  білім 
беру  процесінде  кеңінен  қолданады.  Мысалы,  АҚШ-тағы  500-ден  астам  университетте  ғылыми 
зерттеулерде  ж`не  студенттерді  оқыту  барысында  1996  жылы  Қоршаған  орта  жүйелерін  зерттеу 
институты  (ESRI)  жасаған  ARC/INFO  бағдарламалық  өнімдері  пайдаланылады.  Бұл  өнімдер  ең 
алдымен  кестелердегі,  м`тіндік,  картографиялық  ж`не  басқа  ақпаратты  қамтитын  компьютерлік 
деректер  базасын  жасау  мақсатында  жасалған.  ARC/INFO  бағдарламалық  өнімдері  АҚШ  бойынша 
40-қа жуық департаментте қолданысқа енгізілген. dсіресе бұл өнімдерді география, геология, с`улет 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
15 
өнері,  қалалық  ж`не  аймақтық  жоспарлау,  орман  шаруашылығы,  қоршаған  ортаның  жай-күйін 
зерттейтін ұйымдарында аса маңызды орын алады. АҚШ-та жүргізілген сауалнама деректері бойын-
ша,  ГАЖ-технологияларын  оқып-үйренетін  оқу  орындарының  жартысына  жуығында    ARC/INFO 
бағдарламалық өнімдері орнатылған. Жыл сайын бұл елде аталған бағдарламалық өнімдермен жұмыс 
істеуді үйрететін арнайы курстарды 20 мыңнан астам студент оқып шығады.  
АҚШ-тағы білім беру мекемелері мен ғылыми орталықтарда ГАЖ-технологиялардың қол жетімді 
болуына  барлық  жағдай  жасалған.  Мысалы,  Джорджия  университеті  құрамына  енетін  Карл  Винсон 
үкіметтік  институтында  ARC/INFO  1200-ден  астам  лицензиялық  орында  орнатылған,  соның  арқа-
сында  ғылыми  қызметкерлер,  оқытушылар  мен  студенттер  қалашығының  кез  келген  тұрғыны  бұл 
өнімдерді  пайдалана  алады.  Кейбір  мекемелерде  ГАЖ-технологияларды  ұжымдық  деңгейде  пайда-
лану үшін арнайы құрылымдар жұмыс істейді. Мысалы, Оңтүстік Каролина университетінде компью-
терлік лаборатория базасында арнайы үйлестіруші кеңес құрылған, ол ГАЖ бойынша кеңес берумен, 
оқытумен, осы технологияларды енгізу, қолдаумен айналысады [3].  
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, 
т`уелсіз  Қазақстанның  дамыған  б`секеге  қабілетті  30  елдің  қатарында  терезесін  тең  ететін  –  білім. 
Сондықтан  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдына  оқыту  үрдісін  технологияландыру 
м`селесін қойып отыр. Қазіргі географиялық білім берудегі ақпараттық технологиялардың бірегейі – 
ГАЖ технологиялар. ГАЖ бағдарламаларын жүйелі білім беруде тиімді пайдалану  – бұл жаңашыл-
дықтың  белгісі.  Сондықтан  да  ГАЖ  бағдарламаларын  білім  беруде  тиімді  пайдалану  м`селелері 
бойынша ғылыми `дебиеттерге шолу жасалды. Дамыған шет елдер т`жірибесіне талдау жасау арқы-
лы  салыстырмалы-географиялық,  ақпараттарды  жүйелеу,  географиялық  болжау  ж`не  картография-
лау `дістері қолданылды.  
Ғылым мен білім беру саласы ГАЖ-өнімдерді қолдану ауқымы жөнінен басқа салалардың барлы-
ғынан  алда  тұр.  Өйткені  кез  келген  елде  мұрағаттық  ж`не  тағы  басқа  ақпарат  қорына  жылдам  қол 
жеткізу  мүмкіндігінің  болуы  елдегі  ақпараттық  тордың  даму  деңгейін  ж`не  жалпы  алғанда  елдің 
еркін, демократиялық сипатын көрсетеді. Мұндай ақпарат ғылыми қызметкерлерге, білім алушыларға 
ғана  емес,  кез  келген  азаматқа  қол  жетімді  болуы  қажет.  Ақпарат  массиві  арасында  `сіресе  тарих, 
табиғат  жағдайлары,  экономикалық  ж`не  `леуметтік  жағдайды  сипаттайтын  көрсеткіштерді  қамти-
тын деректер базасының орны ерекше [4, с.76-80]. 
Қазіргі таңда география ғылымының дамуында зор маңызға ие болған ГАЖ құру, оны география-
лық  білім  беруде  ж`не  зерттеулерде,  картографиялық  зерттеу  `дістерінде  тиімді пайдалану,  ғылым-
ның  `ртүрлі  салаларында  қолданыс  тапты.  Жүйеленген  ақпараттарды  арнайы  құралдар  көмегімен 
көрсетіп, оны түсіндіру `дістері бүгінгі педагогика ғылымының ақпараттық-инновациялық дамуында 
аса зор м`нге ие болуда. Соның мысалы ретінде, Қазақстан аумағында кеңінен таралған ESRI компа-
ниясының өнімі болып табылатын ArcGIS 9.3 (10) версиясындағы идентификатор ж`не гиперсілтеме 
құралдары  арқылы  кез-келген  форматтағы  ақпараттарды  білім  алушыларға  көрсетіп,  түсіндіру, 
алынған  н`тижені  жариялау,  географиялық  зерттеу  жұмыстарының  жүйелілігін  көрсетеді.  Мысалы, 
Қазақстанның  физикалық  географиясы  курсы  бойынша  Қазақстанның  табиғи  зоналары  мен  геомор-
фологиясына арнап құрылған ГАЖ-дан мысал келтіруге болады. Көп жағдайда ГАЖ сандық ақпарат-
тың өте мол банктері мен деректер базасы негізінде жасалады. Сонымен қатар, географиялық обьект 
туралы қосымша деректер кесте негізіндегі атрибуттық деректер базасына жүйеленеді. Бұл дереккөз-
дер  арасында  статистикалық  материалдар,  жергілікті  жердегі  көп  жылдық  байқаулардың  материал-
дары, қашықтан зондылау деректері мен картографиялық материалдар бар (1-сурет).  
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
16 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет