С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет546/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
373 
Сөздердің  атауларын  балалар  айналамен  танысу  барысында  игереді.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалар  сөздік  қорларын  байыту  аясында:  тұрмыстық,  `леуметтік  ж`не  айналамен  танысу 
тақырыптарды алдымен игреруі қажет. 
Болгар зерттеушісі Ф.Г.Даскалованың ассоциациялық `діс мүмкіндіктерін қарастырайық. Бұл `діс 
ресей ғалымы О.С.Ушакова зерттеулерінде толықтырылып,  балалардың сөздік қорларының дамуын 
талдау үшін енгізілді[7].  
Ассоциациялық эксперимент барысында зерттеушілер (А. Р. Лурия, А.А.Леонтьев, О.С.Ушакова, 
Е.М.Струнина, А.А.Смага, А.И.Лаврентьева ж`не т.б.) мектеп жасына дейінгі балаларға т`н келесідей 
вербалдық ассоциация анықтады: 
1.  Синтагмалық  ассоциация:  реакция-сөз  ж`не  стимул-сөз  түрлі  сөз  таптарына  қатысты  («ішу  — 
сүт», «сары— гүл», «ағаш—өседі»). 
2.  Парадигматикалық  ассоциация:  реакция-сөз  ж`не  стимул-сөз  тек  бір  ғана  дифференциалдық 
семантикалық  қасиетпен  айрықшаланады:  («ағаш  —  қараағаш»,  «мысық  —  ит»,  «ыдыс—т`релке»). 
Балалар арасында келесі байланады: синонимдік қатынастағы ассоциация («батырлық —қорқақтық»); 
антонимдік қатынастағы ассоциация сөздері («биік— төмен», «жақсы — жаман») құбылыстар сирек 
кезігеді. 
3.Тақырыптық  ассоциациялар.  dдіс  мағыналық  бала  реакциясына  қатысты,  бір  семантикалық 
алаңмен  сипатталады.  Реакция-сөз  ж`не  стимул-сөз  бір  ғана  семантикалық  қасиетпен  айрықшала-
нады.  
Мектеп жасына дейінгі балалардың келесідей тақырыптық семантикалық түрлері байқалады: 
- объект пен оның мекеніне қатысты («ит — үйшік», «ыдыс—үй»); 
-  объект  пен  онымен  орындалатын  іс-`рекеттер  («ыдыс—жуу»,  «қарындаш—сурет  салу»),  бұл 
ассоциалар сирек байқалады;  
- заттардың бір қасиеттеріне қарай («көбелек—құс»). 
4.  Словообразовательные  ассоциации.  dдістемеде  балалар  сөздің  түп  нұсқасынан  оларға  жаңа 
сөздерді құрайды.Бұндай ассоциацияның екі түрі бар: реакция-сөз ж`не стимул-сөз бір сөз таптарына 
жатады  («қоян—көжек»,  «тез—тезірек»,  «сөйлейді—`ңгімелейді»);  ж`не  стимул-сөз  түрлі    сөз 
таптарына жатады(«көңіл—көңілді», «биік—биіктеу», «орман—орманды»). 
5.  Бір  сөздің  грамматикалық  формалар  ассоциациясы.  Бұл  `дісте  реакция-сөздер  ретінде  сөздің 
көпше формасы айтылады («үстел—үстелдер», «көбелек—көбелектер»). 
6.Фонетикалық  ассоциация.  Реакция-сөздер  мен  стимул-сөздер  бір  бірінен  дыбыстық 
айырмашалыққа ие, олардың арасында семантикалық байланыс жоқ («тұр» — «түр», «бер»— «бар»). 
Бұл ассоциалар сирек кездеседі. 
7. Кездейсоқ ассоциациялар: реакция-сөздер мен стимул-сөздер арасында мағыналықта, граммати-
калықта ж`не дыбыстықта байланыс жоқ («тез — топ», «орман—орындық»). Балалар көбіне айнала-
дағы заттардың атауын  атайды. Ассоциацияның осы типі  бес-алты жасар балалар арасында кеңінен 
тараған. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қоры  дамыған  сайын  олардың  вербалдық  ассоциа-
цияларының сипаттамасы да өзгере түседі. Н. В. Серебрякованың зерттеу деректері бойынша, алты-
жеті  жаста  лексикалық  жүйенің  қалыптасуында,  семантикалық  алаңды  ұйымдастыруда  үлкен 
сапалық  серпініс  байқалады.  Ассоциациялық  алаңда  пардигматикалық  ж`не  синтагматикалық  реак-
циялардың  қатынасы  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырайды.  Бес-алты  жасар  балаларда  синтагмати-
калық  реакция  парадигматикалықтан  жоғары  болып  келеді.  Олар  өте  жиі  кездеседі.  Жеті  жаста, 
керісінше, парадигматикалық реакция синтагматикалыққа қарағанда `лде қайда жоғары[8]. 
Бес-алты  жасар  балаларда  тақырыптық  ассоциациялар  кең  тараған.  Жеті  жаста  тақырыптық 
ассоциациялар  парадигматикалыққа  қарағанда,  сирек  кездеседі.  Бұл  жеті  жасар  балаларда  семанти-
калық  алаңның  діңгегі  (ядросы)  қалыптаса  бастағанның  ку`лігі.  Сонымен,  балалардың  ассоциация-
лық іздеу реакция стратегиясы жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отыратындығы зерттеулерде көрсетіл-
ген.  Біздің  сөздің  семантикалық  алаңын  кеңейтетін  жұмыстарды  талдауға,  тақырыптық  ассоциация-
лар  көріністеріне  көп  назар  қоюымыз:  бала-бақшада  баланың  барлық  `рекеттері  тіл  дамыту  жұмы-
сымен байланысты, осы орайда ақыл-ой т`рбиесі, танымдық қабілеттерінің қалыптасуы арасындағы 
сабақтастықпен түсіндіріледі. 
Ана  тіліне  үйретуде  басты  орынды  семантикалық  мағынасы  бар  сөзбен  жұмыс  алса,  бала  онда 
айналамен тілдік қатынасқа түскенде, шығармашылықпен пайдалана алады.   
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
374 
Жоғарыда зерттеулеу сараптамасына сүйенсек, семантикалық тұрғыдағы жұмыстар өте маңызды, 
өйткені  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын  дамыту  сөздердің  лексикалық  мағына-
сының,  олардың  қандай  жағдайда  қолданылуы  балаға  түсініксіздігі.  Ал  сөздердің  дұрыс  қолдану 
дағдысын  қалыптастыру  үшін  м`тінге  сай  сөздерді  семантикалық  таңдау  жасауын  дамыту  қажет. 
Бұндай даму байланыстыра сөйлеуді жетілдіруге, оның м`нерлігіне септігін тигізеді. 
 
1 Эльконин Д.Б. Как учить детей читать. М.: Педагогика, 1976. 
2 Конспекты занятий по развитию речи/ О.С. Ушакова, Е.М.Струнина. – М., 1998. 
3 Выготский, Л.С. Обучение и развитие в дошкольном возрасте Избранные психологические исследования/ 
Л.С.Выготский. - М., 1956, с. 269. 
4 Ушакова, О.С. Теория и практика развития речи дошкольника/О.С. Ушакова – М., 2008. 
5  Лаврентьева  А.И.  Система  работы  над  синтаксической  стороной  речи  младших  дошкольников:  дис. 
канд. пед.наук. – М.,1998. 
6 Серебрякова, Н.В. Логопедическая работа по формированию лексики дошкольников со стёртой формой 
дизартрии: дис.канд.пед.наук. – М.,1996. 
7  Ушакова,О.С.  Диагностика  речевого  развития  дошкольников  (3-7  лет)/О.С.  Ушакова,  Е.М.Струнина.  – 
М., 1998. 
8 Серебрякова, Н.В. Логопедическая работа по формированию лексики до школьников со стёртой формой 
дизартрии: дис.канд.пед.наук. – М.,1996. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет