95-бап. Бала асырап алудың күшін жоюға негіздер 1. Бала асырап алушылар өздеріне жүктелген міндеттерін
орындаудан жалтарған, ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған,
асырап алынған балаға қатал қараған, соның ішінде оған күш
қолданып немесе психикалық зорлық- зомбылық етіп, жыныстық
пəктігіне қастық жасаған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе
уытқұмарлықпен ауырады деп танылған жағдайларда, баланы
асырап алудың күші жойылуы мүмкін.
2. Сот баланың мүдделерін негізге алып жəне баланың пікірін
ескере отырып, басқа да негіздер бойынша баланы асырап
алудың күшін жоюға құқылы.