151-бап. Ұйым əкімшілігінің алиментті ұстап қалу міндеті Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша
ұйымның əкімшілігі нотариат куəландырған алимент төлеу туралы
келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент
төлеуге міндетті адамның жалақысынан жəне өзге де кірісінен
алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға жəне
оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен алимент төлеуге
міндетті адамға жалақының жəне өзге де кірістің төленген күнінен
бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға
міндетті.