79-бап. Бірнеше бала асырап алу 1. Бір адамның ағалы-інілі жəне апалы-сіңлілі (қарындасты)
болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше
баланы асырап алуына болады.
Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың
арасында ағалы-інілі жəне апалы-сіңлілі (қарындасты) сияқты
құқықтар мен міндеттер пайда болады.
2. Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін
жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді
(қарындастарын) əртүрлі адамдардың асырап алуына жол
берілмейді.