88-бап. Бала асырап алғандарды асырауға алынған баланың ата-анасы ретінде жазу 1. Бала асырап алушылардың өтініші бойынша сот туу туралы
жазбалар кітабына бала асырап алушыларды өздері асырап
алған баланың ата-анасы ретінде жазу туралы шешім қабылдай
алады.
2. Осы Заңның 84-бабының 2-тармағында көзделген
жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған
балаға қатысты мұндай жазба жасау үшін оның келісімі қажет.
3. Мұндай жазба жүргізу қажеттілігі жөнінде баланы асырап
алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.