Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет105/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

жəне биохимия ғылымдарымен де байланысты.

Адамның таңбалық мінез-құлқын кешенді зерттеуде нейролингвистиканың кибернети-



ка жəне ақпараттық жүйе теориясымен тығыз байланыстылығы маңызды роль ойнайды. 

Ол адамның миына тілдік рефлекторлық үдерістерді математикалық интегралдау негізінде 

кибернетикалық схема түрінде көрсетуге мүмкіндік береді, бұл адам табиғатын тануда, супер 

компьютерлерді жасау үшін үлкен мəнге ие.




133

Шамамен,  ХХ  ғасырдың  60  жылдарынан  бастап  нейролингвистика  мен  молекуляр-



лық биология арасында байланыс қалыптастырылды. Оларды адамның генетикалық коды 

мен  табиғи  тілдің  арасындағы  құрылымдық  изоморфизм  байланыстырады.  Тілге  тірі  ағза 

ретінде қарау көзқарасы сонау ХІХ ғасырда натуралистік тұжырымдама иесі болып табылған 

неміс ғалымы А.Шлейхерден [5, 77] бастау алады. Қазіргі биологтар мен лингвистер генит-

калық жəне табиғи тілдің құрылымдық ұқсастық себептерін түсіндіруге талпынуда.

Нейролингвистикалық  ілімдердің  бастапқы  алғышартты  нысаны  ретінде  сөйлеу 

ауытқушылықтарының  əртүрлі  түрлері  болып  табылатын афазия  алға  тартылады.  Афазия 

орта ғасырлардан бері байқалып қарастырылса да, бірақ жүйелі түрде ХІХ ғасырдың ІІ жар-

тысынан  бері  қарастырылған.  Афазияның  зерттелуінің  классикалық  кезеңі  ауызекі  сөйлеу 

тілі қабілетін жоғалтқан моторлық афазияға арналған Париж хирургі жəне анатомы П.Брок-

тың 1861 жылы жариялаған еңбектерінен бастау алады. Ауызекі сөйлеу тілінің бұзылуында 

кінараты болған екі науқастың қайтыс болғаннан кейінгі денесін ашып қарағанда, олардың 

сөйлеуінің бұзылуы сол жақ құлақтан сəл жоғарыда орналасқан мидың алдыңғы бөлігінің 

зақымдалуымен байланыстырылған. Сөйтіп сөйлеу орталығы ашылып, оны Брок алаңы деп 

атаған [1, 5]. 

1874 жылы неміс ғалымы К.Вернике бірінші самай иірімдері аймағының зақымдалуы 

ауызекі  сөйлеу  тілін  түсінуге  қиындық  тудыратынын,  яғни  науқас  ауызекі  сөйлеу  тілі  қа-

білетін  жоғалтпаса  да,  өзіне  қаратып  айтылған  сөйлеуді  түсінбеуі  мүмкін  еместігін  ашты. 

Сөйтіп Верниек алаңы деп аталатын сөйлеуді түсінуге жауапты орталық ашылды.

Ми  жəне  сөйлеу  əрекетіне  қатысты  одан  кейінгі  зерттеулер  90%  қалыпты  адамдардың 

сөйлеуі  мидың  сол  жақ  жартышарында  орналасқанын,  тек  10%  адамдардың  сөйлеу  орта-

лықтарының адам миының екі жартысында орналасқанын дəлелдеп шықты [1, 5]. 

Шамамен  осы  уақыт  аралығында  сөйлеу  патологиясы  фактілеріне  лингвистер  де  қы-

зығушылық тудыра бастады. Славяндық тіл білімінде алғашқы қызығушылық тудырған бел-

гілі тілші ғалым И.А.Бодуэн де Куртэне. Ол өзінің шағын көлемді «Из патологии и эмбрио-

логии языка (1885)» еңбегінде нақтылы науқастарды байқай отырып, тілдің екі жағын – пси-

хикалық  жəне  физиологиялық  жағын  ажыратып,  моторлық  афазияны  ішінара  афатиканың 

сөйлеудегі физиологиялық үдерісінің бұзылуы ретінде қарастырды [5, 117].

Тұлғаның тілдік өмірін ғалым үш жақты құрылыммен: фонация (айтылыс), аудиция (қа-

былдау) жəне церебрация (жеке ми орталығында болып жатқан үдерістер) түсіндіреді. «Тіл-

дік өзгерістердің жалпы себептері туралы» еңбегінде сөйлеу əрекетінің үш бағытын былай-

ша сипаттайды:

1)  Орталықтан сыртқарыға қарай бағыт – бұл қозғаушы моторлық жүйкелердің, сон-

дай-ақ қозғалысты, сөйлеуді, фонацияны орындайтын бұлшықет жұмысы;

2)  Сырттан орталыққа дейінгі бағыт – сезімтал жүйкелердің жұмысы: сезімтал əсер-

ленгіштіктің кернеуі, естудің əсерлілігі, орталыққа өту барысында естілуге бағытталған зей-

іннің бағытиы мен кернеуі;

3)  Тілдік жұмыстың орталығында зейін, жады, əртүрлі көріністердің сақталуы, қажет 

болған жағдайда олардың қорынан құрастырылуы. Бұл сонымен қатар ми субстанциясының 

орталық жүйкелерінің жұмысы да болып табылады.

 

Ғалым Бодуэн де Куртэне өз еңбектерінде тілдің табиғи, физиологиялық, психика-



лық, қоғамдық, жеке тұлғалық бірліктерден тұратын күрделі бірлік екеніне назар аудара оты-

рып, тілдің ерекшелігіне заманауи көзқарас негізін салып береді [1, 8] . 

Бодуэннің шəкірті, Қазан лингвистикалық мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі В.А.Бого-

родицкий ұстазының ойын жалғастырып, «Орыс грамматикасының жалпы курсы» еңбегінде 

орыс тілі дыбыстарының физиологиясын терең жетілдіреді [1, 8]. 

Бодуэннің тағы бір шəкірті Л.В.Щерба «О трояком аспекте языковых явлений и об экс-

перименте в языкознании» мақаласында жеке тұлғаның психофизиологиялық сөйлеуінің ұй-



134

ымдастырылуын оның сөйлеу əрекетінің əлеуметтік өнім тұрғысымен шарттастырып қара-

стырады. «Тіл білімінің келесі мəселелері» еңбегінде керең-мылқауларды оқыту əдістемесін 

жетілдіру жəне сурдопедагогтар мен лингвистердің одағы туралы айтып, əртүрлі афатиктерді 

қалт етпей бақылаудың маңыздылығына ерекше мəн береді [1, 9]. 

Нейролингвистиканың келесі идеяларының дамуы басқа да тілшілердің еңбектерінде өз 

жалғасын  тапқан.  Американыдқ  тілші  ғалым  Л.Блумфилд  «Тіл»  еңбегінде  психологияның 

негізгі нысаны сана емес, мінез-құлық дей келе, тілге бихевиоризм тұрғысынан жалпы си-

паттама береді. Ол тілді ынталандыру мен оған əсер ету тізбегі ретінде адам мінез-құлқының 

ерекше түрі ретінде айқындайды. Сөйлеу əрекеті «биологиялық акт» ретінде қарастырылып, 

адамның  қоршаған  ортаға  жəне  сыртқы  ынталандыруға  əсерінің  түрлері  қарастырылады. 

Нейролингвистиканың нысаны ретінде сонымен тек афазия ғана емес, сондай-ақ адамның 

тұтастай алғандағы тілдік мінез-құлқы да алынады [1, 9]. 

Поляк  ғалымы  В.Дорошевский  «Лексикология  жəне  семотика  элементтері»  еңбегінде 

жоғарыда аталған Л.Блумфильдке ұқсас көзқарастарды атап өтіп, адамды биопсихоəлеумет-

тік жаратылыс ретінде қарастырады. Жалпылама түрдегі тілдік механизмдердің қызмет етуін 

«ынталандыру-əсер ету» формуласының көмегімен айқындайды, қоздырға əсер ету өзі ішіне 

субъектінің оған елеңдеу жадысын жандандыратын ассоциацияны да алады [1, 9]. 

Афазияны кеңінен зерттеген келесі ғалым Р.О.Якобсон «Ми жəне тіл», «Афазияның линг-

вистикалық түрлері» еңбектерінде афазияларда тілдік құрылымдардың құрылуының кейбір 

жалпы принциптерінің байқалатынына назар аударады. Якобсонның афазиологиялық еңбек-

терінде тұтастай алғандағы тіл мен мидың арақатынасы мəселелері талқыланып, жалпы се-

миотикалық мəселелердің мəні түсіндіріледі [1, 10]. 

Нейролингвистиканың  іргелі  мəселелерімен  И.П.Павловтың  физиологиялық  ілімдері-

не,  П.К.Анохиннің  функционалдық  жүйелер  теориясына,  Л.С.Выготскийдің  психологи-

ялық тұжырымдамаларына сүйене отырып, осы ғылымның іргесін қалаған көрнекті ғалым 

А.Р.Лурия. Олардың тарапынан нейролингвистика мен нейропсихология бас миының жер-

гілікті зақымдалуы салдарынан пайда болатын сөйлеу əрекетінің, жоғары психикалық қы-

зметтің  бұзылуының  талдауына  əкелетін  жалпыпсихологиялық  жəне  психофизиологиялық 

идеялардың қосымшасы ретінде қалыптасты. Ол афазияны жаңаша тұрғыда жіктеп, жады, 

ойлау, қабылдау бұзылушылықтарының əртүрлі түрлері бар екендігін дəлелдей білді. Өзінің 

«Нейролингвистика негіздері», «Нейролингвистиканың негізгі мəселелері», «Тіл жəне сана» 

жəне т.б. еңбектерінде адамның жоғары психикалық қызметін ұйымдастырудағы ми ұйымда-

стырылуының жалпы принциптерін айқындап, сөйлеу хабарламаларының қалыптасуы мен 

оқылуы ми қабығының күрделі фунционалдық жүйесі алаңы арқылы жүзеге асытынын көр-

сетті. Сол не басқа алаңның жергілікті ошақтық зақымдауы сөйлеу хабарламаларының код-

талуы немесе декодталу үдерістерінің бұзылуына əкеледі жəне бұл үдеріс əртүрлі буында-

рында ауытқып, əртүрлі түрді қабылдауы мүмкін [3, 83]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет