Ғылыми мақаламыздың мақсаты - профессор Ə.Құрышжанұлының 1956 жылы орыс
тілінде жазылған жоғарыда аталған тақырыптағы кандидаттық диссертациясы[1] тілінде
кездесетін лингвистикалық терминдерді қарастыру, септік категориясының «Кодекс Кумани-
кус» ескерткішінің тіліндегі түрлерінің сол кезеңдегі ғылыми атауларымен таныстыру.
Қазақ тілінің ғана емес, түркі тілдерінің, соның ішінде қыпшақ тілінің тарихын зерт-
теген ғалымның ғылыми жұмыстарының алғашқыларының бірінен саналатын осы еңбектің
тілінде қаншама ақпараттар мен қазақ тіл білімі тарихына қатысты зерттеулер мен танымдық
мағлұматтар бар. Ғылыми жұмыстың авторы: жұмыстың үш бөлімнен тұратынын: алғашқы
бөлім – сол кезеңдегі куман халқының тарихына, «Кодекс Куманикус» ескерткіші қай уақыт-
та жазылғаны, Ю.Клапрот, Г.Кун, В.В.Радловжəне К.Грёнбекбасылымдары жөнінде мəлімет-
тер беріледі дей келе, ескерткіш тілінен мысалдар келтіріп, куман тілі мен қазақ тілінің сөздік
қорын салыстыратынын айтады[1, 5]. Еңбектің екінші бөлімінде автор:«септіктердің грам-
матика-морфологиялық сипатына арналып, əрбір септік түрлері жалғауларының дыбыстық
нұсқалары берілгенін жəне солтүстік-батыс немесе қыпшақ тілдерінің ұқсас деректерімен
салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырылғанын» айтып өткен.Үшіншібөліміндесептік-
тердің үстейтін мағыналары мен олардың жалғанатын сөздермен сəйкес келуі табиғатын қа-
растырған.
Ғылыми мақаламызға арқау етіп отырған тілдік материал осы диссертациялық жұмы-
стың барлық бөлімдерінде қолданылатын, əсіресе екінші бөліміндегі септіктің лингвисти-
144
калық атаулары мен оның мəн-мағыналары, яғни осы еңбектегі лингвистикалық терминдер,
терминдердің семантикалық өрісі мен қолданыс аясы. Мақаламыздың дереккөзі ретінде
еңбектің 68-94 беттеріндегі терминдер жəне олардың тұжырымдалуы қарастырылды.
Жалпы, кез келген ғылыми жұмыстың ақпараттылығы оның ғылыми аппаратыны, тірек
терминдеріне қатысты. Олай болса, аталған жұмыстағы қолданылған септік категориясының
түрлері жеке-жеке қарастырылып, оның жасалу жолдары арқылы мазмұнды ғылыми тұжы-
рым ұсынылады. Ə.Құрышжанұлының аталған еңбегі тұнып тұрған куман қыпшақтарының
тіліндегі элементтер ғана емес, оны дəлелдеуі мен ұсынуы табиғи, əрі өте қарапайым түсінік-
ті ғылыми стилде жазылған еңбек. Ғылыми жұмыстың 65-66 беттерінде ғалым былай дейді:
«Нами куманские падежи обозначены традиционными латинскими терминами потому, что
они имеют место и воригинале «Кодекса» и в различных его изданиях, в которых перечис-
ляются 6 падежей: номинатив, генетив, датив, аккузатив, аблатив и вокатив. Мы со своей
стороны, во-первых, придерживаемся мнения А.Самойловича[2], который пишет, что особо-
го звательного падежа в тюркских языках вообще не существует, 2 потому, что он выражает
обращение, а не отношение существительного к другим словам в предложении. Во-вторых,
список падежей дополняем локативом и инструментальным падежом» [1, 65].
Лингвистикалық ұғымдардың қалыптасу тарихы Азия жерінде арабтың үш бірдей ірі
лингвистикалық мектептерінен бастау алғаны мəлім. «Басты тілдік мектептер қазіргі Ирак
территориясын арабтар рухани жаулап алғаннан кейінгі Басрий мектебі - барлық мектеп-
тердің ең көнесі, Куфий жəне Бағдат мектептері болған» [3, 20].
Лингвистикалық терминдердің қалыптасу тарихы қазақ топырағында, алдымен Ор-
хон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерінен, əл-Фараби еңбектерінен бастау алатынын, ал са-
лыстырмалы-тарихи тіл білімі, яғни компаративистика ғылымының негізін салушы,«Диуани
лұғат-ат түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегінің авторы М.Қашқари екені белгілі.
Лингвистикалық терминдер теориясын қалыптастыруда 1930 жылдардағы Алаш зиялы-
ларының да өзіндік үлесі бары терминтану саласы ғалымдарының ғылыми жұмыстарынан
танылып келеді[4, 93].
Ə.Құрышжанұлының 1956 жылы ғылыми ортаға ұсынылған осы еңбегінің қазіргі линг-
вистикамыздағы терминдер жүйесіне қосар үлесі, алатын орны ерекше.
Ғалым номинатив – атау септіктерминін былай түсіндіреді:«Интересно отметить, что
Г.Кун на стр.75 и СІV своего издания СС для номинатива приводит примеры в нулевой фор-
ме слова, напр.: аt(лошадь) и в форме множественного числа, напр.: аtlar(лошади). Притя-
жательная форма слова тем не указывается, очевидно, Г.Кун ее считал не характерной для
номинатива. Итак, отсутствие какого-нибудь падежного окончания в куманском языке, как и
в других тюркских языках, означает номинативный падеж»[1, 67].
Қазіргі қазақ тіліндегі атау септік тұлғалы сөздерді зерттей келе, ғалымдар атау септі-
гінің нөлдік формада келуінің өзі атаулық мағына беретіні туралы С.Исаевтың, Н.Оралбай
еңбектерінен белгілі [5; 6].
Ə.Құрышжанов ілік септігінің жасалу жолында оның қосымшаларына тоқталады: «Вто-
рой падеж в Кодексе в простом и притяжательном склонении имеет окончаниening/ning и
Достарыңызбен бөлісу: