лингвистикалық тұрғыдан басым сипаттау тиімді –ау деймін.
Н.Оралбайдың аталған оқулығында сөзжасам мəселесінде уақыт, кеңістік, əлеу-
меттік факторларды жалпылай байланыстырылады. «Сөзжасамдық тəсілдердің бəрі қазір
де тілде белсенді түрде қызмет атқарады. Олардың сөзжасамдық қызметі күрделенген, да-
мыған. Көне түркі жазбалар тіліндегі сөзжасамдық жұрнақтардың саны көбейген, сапасы
да əлдеқайда артқан. Яғни сөзжасамдық тəсілдер тілде сақталып қалумен бірге, олар тілде
қалыптасып, орнығып, қызметі де, саны да дамыған. Өйткені тілдің сөзжасам жүйесі тілдің
даму үрдісінен тыс қала алмайды. Ал тіл кенеттен түбегейлі өзгеретін құбылыстарға жат-
пайды, тілдің дамуы бірте –бірте болатын сан өзгерістері жолымен болатындықтан, ол тілдің
барлық құбылыстарына қатысты. Сондықтан тілдің сөзжасам жүйесі де бірте –бірте дамып
отырады. Ол өзгерістер, сөзжасамдық бірліктердің мағынасының кеңеюіне, сөзжасамдық үл-
гілердің бірде белсенді, бірде бəсеңдеуіне, кейбіреулерінің қолданыстан шығып қалуы, кей-
бір бірліктердің қосылуы сияқты түрлі өзгерістер болып тұрады.
Мысалы, -шы жұрнағы – қазір тілдегі өте өнімді, белсенді жұрнақтардың бірі. Со-
лай бола тұрса да, оның ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сөзжасамдық қызметі сəл бəсең
болғаны байқалады. Х1Х ғасырдың екінші жартысында оның қызметі көтеріле бастайды.
Бұл кезде ол адамның əдеті, қабілеті сияқты (өтірікші, өсекші, қамқоршы, ақылшы, əңгімеші,
ертегіші, қайыршы) мағынада көбірек кездессе, ХХ ғасырдың басында мамандық мағына-
сын білдіре бастайды, яғни оның мағынасы кеңейеді. Мысалы, тарихшы, диханшы, сауын-
шы, соқашы, қырықтықшы, қайшы, балықшы, бұрғышы, емші, үйші, темірші т.б. 1930 жыл-
дардың бастап, -шы жұрнағының қызметі бұрынғыдан да артты. Ол басқа сөздермен қатар
терминдердің жасалуына белсенді қатысады. Мысалы, айыптаушы, тергеуші, қорғаушы, ша-
буылшы, қақпашы, тарихшы, тілші, жазушы, бақылаушы, жазалаушы, аудармашы т.б.
1920 -1930 жылдар арасында –шыл, -паз, -ма, -лық, -ды, ыс, жұрнақтарының қыз-
меті артты. Мұндағы –ды жұрнағы көне ескерткіштер тілінде өнімсіз жұрнақтарға жатқан.
Ал кейінгі дəуірде –лық жұрнағының қызметі артқаны соншалық, оны аздап, тежеуге де
тура келді.», -дейді ғалым.
Айта кетелік, бір кездерде аударма терминдерге –лық/ -лік, дық/ дік, жұрнағын орын-
ды –орынсыз тықпалаушылар көп болған. Қазмемтерминком мəжілісіндегі орын алған
осындай бір сəтте сондай адамға академик І.Кеңесбаев «осы бір жұрнақты тықпалай беруді
қойсаңшы, əйтпесе сізді бұдан былай «Шəріптік Қасым дейміз» деген екен. Осыдан кейін
аталған жұрнақты қолдану сəл тежеле бастапты, қазір шектеулі қолданылуда. Мұның өз əле-
уметтік себебі бар.
Ретіне қарай, сөзжасамның ерекшелігін танытатын сөзжасам кешенді бірліктерін əле-
уметтік лингвистикалық таразыға тартып, психолингвистикалық сүзгіден өткізген тиімді
болса керек. Осы тұрғыдан тілдегі ағылған жаңа сөздер (деривация) мен соның нəтижесінде
туынды не күрделі сөздердің (дериванттар) пайда болуына байланысты, бұлардың мағына-
сы мен олардың құрамындағы формалардың мағыналарының өзара сематикалық байланысы
(уəждеме), уəждеме тудырушы жəне уəжделген тіл бірліктерін, сөзжасам уəжділігінің алу-
андығын сипаттау барысында сөзжасамның жаңа теориясы жасақталады.
16
Елімізде «үштілділік» деп үш тілді өз бетінше оқытуды түсіну басым. Бұл дұрыс емес.
Өйткені үштілділік деген – біртарапты тілдік құбылыс, ал үш тілді өз бетінше оқыту – əр та-
рапты тілдік құбылыс. Үштілділік құбылысы бір тілге негізделеді, мысалы, қазақ-орыс-ағыл-
шын үштілділіктің негізгі сыңары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мəртебелі тілі.
Егер қазақ-орыс-ағылшын үштілділігінің негізгі сыңары халықаралық тілдердің бірі болса,
қазақ тілі қолданыстан шығып қалуы əбден мүмкін.
Қай тіл болмасын, негізге алынған тіл өзге екі тілмен туыс болса, салыстырмалы əдіс
қолданылады, ал егер туыс болмаса (мысалы, ағылшын, орыс тілдері сияқты), ондай жағдай-
да контрастивтік лингвистикалық (яғни салғастырмалы лингвистикалық) əдіс-тəсілдер қол-
данылады.
Біздің елімізде қазақ-орыс-ағылшын үштілділігін сауатты түрде дамыту үшін қазақ
тілі материалдары контрастивтік лингвистикалық тұрғыдан салғастыруға түсуі шарт. Міне,
осы тұрғыдан келгенде біздің нақты тірегіміз – Н.Оралбай мен отандас əріптестерінің,
шəкірттерінің зерттеу нəтижелері.
Əлбетте, қазақ-орыс-ағылшан үштілділігін жан-жақты дамыту шетелдік ғалымдар-
дың ғылыми еңбектерінің нəтижелері де тиісті дəрежеде ескерілуі тиіс. Мысалы, қазақ тілі
негізі модель болса, орыс ғалымдары А.А.Потебня, Ф.Е.Корж, Е.Д.Поливанов, В.А.Богоро-
дицкий, И.А. Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба, А.Н.Тихонов, П.А.Соболева еңбектері де салы-
стыруға түсуі тиіс.
Сондықтан шетелдік ғалымдар В.Дресслер, Х.Брекле, Л.Липки, Т.Репер, В.Мотила,
М.Халле сияқты ғалымдардың тұжырымдары ескертілуі керек.
Айта кету керек, тілшілеріміз қазақтың соңғы жылдары пайда болған сөзжасамдарын
жиып – теріп «Қазақ сөзжасамын» түзеуі тиіс. Бұл үшін алдымен Н.Уəли бастаған сөздіктер
тобы шығарған «Қазақ сөздігі» мен Ғ.Қалиев шығарған сөздіктерін сүзіп шығу керек. Мұ-
ның үстіне жергілікті сөзжасамды Ш.Ш.Сарыбаев басшылығымен жарық көрген «Аймақтық
сөздік» бойынша жинау керек.
Бұл ретте сөзжасам түрлерін, терминологиялық сөз тіркесін ажырата алу шарт.
Күллі қазақ сөзжасамының тарихи тегін анықтайтын кез жетті. Мұның да қайнар көзі
бар, ол – Н.Оралбайқызының, оның əріптестері мен шəкірттерінің еңбектері.
Қазақ сөзжасамының сырбаз да сыралғы сыншысы Нұржамал Оралбайқызы – қазақ тілі
сөзжасамының тамсандыра түйсіндірер тағылымды шежірешісі. Ғалымның басшылығымен
жүзеге асқан «Қазақ тілінің сөзжасамы» қазақ-орыс-ағылшын үштілділігінің контрастивтік
лингвистикалық тұрғыдан сомдалуымен жүзеге асуы тиіс.
Қорыта айтқанда, əзіз Нұржамал Оралбайдың сөзжасам туралы зерттеулері, мазмұны
мен ішкі жүйесі жағынан маңызды да мəнді. Ғалымның зерттеулеріндегі сөзжасам танымдық
пайымдаулары тіл білімі теориясы тұрғысынан тетігін тауып қалану үстінде, заманымыз-
дың магистрант, докторанттарының іргелі зерттеулерінің сыр сандығының бірегей қозғаушы
күшіне айналуда.
|