ҚАЛАМГЕР ЖƏНЕ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
(Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы автор бейнесі)
Сманов Б.Ө.
Абай атындағы ҚазҰПУ Серік Қирабаев атындағы қазақ
əдебиеті кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі
Құттыбаев Ш.Д.
Абай атындағы ҚазҰПУ 1 курс PhD докторанты
Abstract
This article analyzes the theoretical and practical aspects of the creation the author`s image
in the novel “Ai and Aisha” of the national writer of Kazakhstan, the holder of the State Prize -
Sherkhan Murtaza, in particular, the heroism of the main character Baryskhan in the diffi
cult times
of the 1930 years of the 20th century was revealed through the hard destiny of the family, which
called “Public Enemy”. The character of the hero, his dreams and his actions are defi ned within
social and public contradictions.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев өзінің
2017 жылғы 12 сəуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы
бағдарламалық еңбегінде: «Ұлттық салт-дəстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, əдебиетіміз, жо-
ралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда қалуы тиіс. Абайдың дана-
лығы, Əуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар
қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мəдениетіміздің бір парасы ғана», [1]
– деген еді. шындығында да рухани мəдениетіміздің бір бөлігі əдебиет екені сөзсіз. Біз əдеби
шығармалар арқылы елдің – елдігін, халқымыздың салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, тұрмыс-тір-
шілігін, ұлттық ерекшеліктерін танимыз. Олай болса, əдебиет – өмір айнасы, өткеніміз бен
бүгініміздің шежіресі десек, оның аса зор ұлттық рухани құндылық екенін ешқашан ұмытпа-
332
уымыз керек. Ол үшін көркем шығарманың мазмұн-маңызын ғана біліп қоймай, əдеби туын-
дының көркемдік құрылымдарынан да хабардар болғанымыз абзал.
Көркем əдебиеттің негізгі нысаны – өмір мен адам тағдыры. Яғни, көркем шығарма өмір-
де болған оқиғалар желісі мен образдар жүйесі арқылы жасалады. Көркем образ дегеніміз
жазушының сөзімен сомдалған кейіпкер-адам тұлғасы. Жазушы өз шығармасында көркем
бейнені алуан түрлі тəсілдермен суреттейді. Мысалы, Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін-
де ақын табиғаттың құбылыстарын, үскірік аяз бен бұрқасын қарды суреттеу арқылы көз
алдыңызға түсі суық, қатал да сұсты адам бейнесін елестері сөзсіз. Мұнда ақын жансыз та-
биғатқа жан бітіре суреттей отырып, образды көркем сөз арқылы жеткізгенін аңғаруға бола-
ды. Табиғаттың тылсым күштерін, жансыз нəрсені жандылардың іс-əрекеттері мен қимыл-а-
малдарына ұқсатып суреттеп беруін əдебиеттану ғылымында кейіптеу деп атайды. Ал көр-
кем шығармаларда адам образын сомдауда, адам мінезі мен портретін ашуда табиғаттың да
құбылыстары қатар қат-қабат байланыста, астастыра суреттеліп жатады. Бұл да жазушының
өзіндік шеберлігіне орай өрілетін əдеби құбылыс.
Образды қай тұрғыдан алсақ та өмір шындығын көзге елестету, жинақы, жанды, тұжы-
рымды түрде суреттеу арқылы жазушы өз ой-пікірін оқырманға ұсынады. Сондықтан да
атақты орыс сыншысы В.Г.Белинский: «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дəлелдемей-
ді, көзге елестетеді»,[2]– дейді. Шынында да жазушы өз шығармасында көркем образдар
арқылы тарихта өткен оқиғаны, болмаса тарихи бір тұлғаның бейнесін негізге ала отырып
оқиғаны дамытады. Белгілі əдебиеттанушы ғалым Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» моно-
графиясында: «Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қасаң қағидаларға
қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау
əрекетінің үстінде керегі – типтік туралы «қисын» емес, тірі мүсін – прототип», [3]– деп
тұжырымдайды. Осы орайда жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы
Барысхан бейнесіне назар аударалық:
Көрнекті жазушы Барысхан бейнесі арқылы тек қана өзінің жастық шағын ғана жіпке
тізіп бермей, сол кездегі қатал тағдырды барынша шынайы бейнелейді. Барысханның жа-
стық шағы сонау 30-шы жылдардағы қазақ ауылының қиын-қыстау кезеңдерімен тұспа-тұс
келеді. Барысхан əкеден ерте айырылып, жастайынан анасы Айшамен бірге колхоз жұмысы-
на араласып ерте есейген жан.
Жалпы, сол уақытта қазақ балаларының барлығы қазіргі уақыттағыдай балалық бал
дəуреннің қызығына толы шақтарын басынан өткеріп, түрлі-түрлі тəттілерді жеп, өмірдің
сан-алуан қызықтарын тамашалап өсті деп айта алмаймыз. Əрине, мұндайда қазіргі бала-
лардың шаттық өмірі еліміз тəуелсіздігінің, бейбіт өмірдің арқасында болып отырғанын
ескерген жөн. 1931-33 жылдардағы болған ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүр-
гін, одан соң 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы – мұның бəрі қазақ даласын, қазақ
отбасыларын айналып өтпеді. Олай дейтініміз, мұның бəрі романда Барысханның 5 жасқа
толар-толмас шағында əкесінің «Халық жауы» деген жаламен атылып кетуі бүтін бір отбасы-
ның шаңырағын шайқалтып жібергенінен көрініс табады. Қаламгердің (Барысханның) əкесі
Мұртазаны атып қана қоймай, анасын да, өзімен тете естері əлі кірмеген сары ауыз балапан-
дай бауырларын да қатал тағдыр өз талқысына салып қояды.
Жасы алтыға толар-толмас шағында кішкентай інісі Батырханға қарайлап қалуының
өзі Барысханның қанаты қатаймай жатып ерте есейгенін аңғартады. Ол ана тəрбиесі мен
ата-бабасының қанымен берілген өр мінезімен батыл болып өседі, өзі қатарлас балалардың
мазағына ешқашан төзбейді, ешкімге есесін жібермейді. Барысханның намысшылдығы 6-7
жасында-ақ ауыл балаларымен көлде «демалыс» ойынын ойнағанда байқалады. Өзі жас бол-
са да ересек балалардан сескенбей жарыс ойнауы, сонымен қатар үнемі жеңіп шығуға ты-
рысуының өзі Барысханның өр мінезділігін көрсетеді. Бірақ ол ешкімге өзінше соқтықпай-
тын, керісінше өзін кішкентай санап, қулыққа басқан қулардың іс-əрекеттеріне төзбейтін
333
еді. Кейіннен буыны қатаймай жатып анасы Айшамен бірге колхоздың қара жұмысына ерте
араласқан бас кейіпкер сол жерде де бригадир Тасбет пен Жуанқыл сияқтылардан қатігездік
пен қиянатты көп көреді. Бұлар таңның атқанынан қара кешке дейін жұмысқа жегілген ойын
баласының назары басқаға ауып астындағы өгізі немесе есегі дұрыс жүрмей тоқтай қалса,
«контра», «банда», «халық жауының баласы» деп боқтап, қамшының астына алатын. Сон-
дайда анасы Айша баласын тек жұбатып қана қомай, орнықты сөздерімен баласының жігерін
қайраттандырып та қоятын. Бұл анасы Айшаның онсыз да қатігез қоғамның зардабын көп
татқан баласы Барысханның от жігері мүжіліп кетпесін деген ізгі ниеті болатын.
Шерхан Мұртаза романда Барысханның анасы Айшамен қатар айды да параллель қат-қа-
бат алып отырады. Мəселен: «...Айша үндемей қалды. Жөтелгісі келгендей түйіліп-түйіліп
денесі сел-селк етіп, бір уақытта дауыстап жылап жіберді.
Үрпиісіп қалдық.
–Қой, апа, қой, жылама, – деп, Құрмаш қайта естиярлық танытты.
Ай сəулесі көрінбей кетті»... [4]– деген үзіндіден жазушы Айшаның балаларына өзінің
жастық шағы мен осы ауылға қалай келін болып түскен уақытын əңгімелеп жатып, кешегі
қаймағы бұзылмаған заманда өмір сүріп, мына заманда қайда қалғаны белгісіз болған туы-
старын еске алған сəтінде көзіне жас алуынан байқатады. Ал мына бір жолдарда: «Кешке
Айша үрпиген үш балаға уыз пісіріп беріп отырып:
–Е, Жаратқан, мұныңа да тəуба-тəуба!– деді.
Терезеден Жартыкеш Ай сығалайды, бізді көріп жаны жай тапқандай, бұлтқа кіріп ке-
теді» [4]. Бұл жолдарда Барысхан анасы Айшаның ашуланатын немесе қамығатын жерлерін-
де ай көрінбей кететінін, керісінше, Айша көңілденіп, балаларын айналып-толғанған сəтінде
ай бұлт арасынан сəулесін шашып, бұрынғыдан да əдемі болып нұрланып кететінін автор
əдемі шендестіреді. Ал Барысханның ауылдан кетіп, ана мейірімін сағынған уақытында ас-
пандағы аймен мұңдасуы да жазушының ана мейірімі мен ай нұрының жылылығын шебер
үндестіргенін көрестеді.
Барысханға адамгершілік, ізгілік қасиеттер ана сүтімен, ана тəрбиесімен дарыған. Ақ жа-
улықты ананың тəрбиесін алған Барысхан əрі қайсар, əрі батыл болып өсті. Арқа сүйер əкесі
жоқ жетім өскен баланың жігерлі, қайсар жан болмаса өмірден өз орнын табуы екі талай еді.
Жалғыз анасынан басқа оны демеп, жол көрсететін, дұшпанның тырнағынан қорғаштайтын
жанашыры да жоқ. Барысхан есейіп, ең алғаш рет елден кетіп, қаладағы мектеп-интернатқа
барғанда, тиіскен балаларға, сондай-ақ, анасы Айшаның нағашылары Сəли мен Қали атала-
рының ауылына барғанда өзіне келіп соқтығысқан шешен баласына есе жібермеген қайсар-
лығы да ана сүтімен берілген тəрбиеден қалыптасқан қасиет. Бəлкім, ол шын мəнінде қай-
сар боламын деп ойламаған болар. Арқа сүйері болмаған соң өзінше қорғанғаны да шығар.
Осындайда дана халқымыздың «Бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар» деген
нақылы бекерге айтылмағанын аңғарамыз. Жазушы романда Барысханның қайсарлығы мен
өжеттігін суреттегенде оның өзін ешкімнің нақақтан-нақақ қорлауына жастайынан көнбей-
тін бірбеткей жан екендігін көрсетеді. Алғашында əкесі ұсталып кеткен соң анасы Айшаға
Тасбеттің көрсеткен қорлығына іштей ашуланып, наразы болса, жасы он екіге толар шақта
ең алғаш рет ол анасын тағы да себепсізден-себепсіз қорлаған Тасбетпен бетпе-бет келеді.
Романда оның Тасбетпен алысуы былай суреттеледі: «...Жүгіріп барып, Молдарайымның бес
ақалы айырын ала салып, маяның түбінде шалжиып, басы қисайып, ұйқылы-ояу мүлгіп оты-
рған Тасбетке тура жүгіріппін.
– Тасбет! – деп ақырып жіберіппін. Сөйтсем, дауысым ақыруға жарап қапты, қанша де-
генмен он екіге толайын дедім ғой» [4]. Бұл Барысханның ұзақ жылғы іште сақталған Тасбет-
ке деген ашу-ызасы мен төзімнің шегі болатын. Халқымыздың «Мың асқанға – бір тосқан»
деген даналығы осындай қиянатшыл адамдардың іс-əрекеттеріне байланысты туындаған деп
ойлаймыз.
334
Осы ретте Барысханның бұл мінезі классик жазушы Мұхтар Əуезовтің «Көксерек» əң-
гімесін есімізге түсіргендей. Анасынан жаңа туған дала тағысын көзін ашпай жатып ауыл
адамдары асыраушыларынан айырып, өзін адамдар арасына əкеліп тастайды. Бұрын-соңды
мұндай «шақырылмаған қонақты» көрмеген ауыл итттері оны жабыла талап күн көрсет-
пейді. Ұзақ уақыт көрген қорлығы мен төзген азабы жанына батқан Көксерек ең алғаш рет
ауылдың қара ала төбетін талап, қорғанады. Бұл жерде кешегі əлсіз бөлтіріктің ендігі жерде
арлан болғанын, енді өзінің өр кеудесін ит-құсқа бастыртпайтынын аңғартса, Барысханның
қайсарлығы да оның жігіт бола бастағанын, ендігі жерде Тасбетке анасы Айшаны да, өзін
де қорлатып қарап отырмайтынын байқатады. Барысханға мұндай намыс пен қажыр-қайрат,
тектілік ана сүтімен дарыған тəрбие ғана емес, даңқты батыр Бауыржан Момышұлын туды-
рған қасиетті Жуалы жерінің табиғатынан да болар, бəлкім?!
«Тəрбие басы – тал бесік» дегендей, жалпы, кейіпкердің анасы Айшаның да көргенді
жердің ұрпағы екенін аңғаруға болады. «Малым –жанымның садақасы, жаным – арымның
садақасы» деген дархан пейіл, өрелі сөзге тоқтаған ата-бабаларымыздың сара жолын берік
ұстанған Айша баласын кісі ақысын жемейтін, оңай олжаны пайда тұтпайтын азамат етіп
тəрбиелейді. Олай дейтініміз, сол соғыс жылдары, қыстың қытымыр аязында, қызылшадан
басқа талғажау ететін ішерге асы жоқ күндердің бірінде, Барысханның қарыны қатты ашып,
ұйқысы келмеген соң көлде жүзіп жүрген Жұбантайдың үйрегінің біреуін алып келмекке
бекінеді. Үйінен шығып сол үйректі ұстап алып келеді. Сонда алдынан шыққан анасы:
«– А, жақсыдан жаман туған құлбарақ! Тура қазір жаныңның барында апарып таста! Ке-
шегі ер Мұртазаның баласы жаман Жұбантайдың үйрегін ұрлапты, ұры деген атқа қаласың
сорлы!» [4] деп баласының жасаған ісіне наразылық білдіреді. «Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық»
деп ұрпағын кісінің ала жібін аттамауға, біреудің мүлкіне қол сұқпауға тəрбиелеген, қашанда
əділдікті жоғары бағалаған ата-бабаларымыздың жолын ұстанып, Барысханның сол жолғы
əрекетіне тосқауыл жасайды. Бəлкім, сонда анасы ақыры аш отырмыз ғой, мейлі біржолға
Құдай кешірер десе, өсіп келе жатқан бозбала бұдан кейін ізгілік жолдан аттап кетуі де мүм-
кін еді. Себебі, « Қыран ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» демекші, дұрыс тəрбие берсең
бағбанның қолынан өскен жас шыбықтай биікке, көкке ұмтылары сөзсіз.
Романда Барысханның бойынан көрінетін намысшылдығы оны сүндетке отырғызардағы
əрекетінен де көрініс табады. Ол молдадан қорқып қашпақ болғанымен анасынан бата алмай,
амалсыз еріп үйге келгенде, үйде отырған ақсақалдардың:
«– Ой, Барысхан батыр ғой.
– Ой, ол жазда элеваторға бидай тасығанда Евгеньевканың бұзық балаларымен қорықпай
төбелескен!
– Ой, ол Салбидің қабаған итінің жағын опырып тастаған!– деп мені мақтайды шетінен.
Қашып кетуге бет қалмады. Амал жоқ, қаздай тізілгендердің қатарына мен де барып жат-
тым» [4] – дегеніне қарап молдадан қанша қорықса да үлкен кісілердің мақтауынан кейін,
сол мақтауға лайық болуға тырысып, əдеп сақтау керектігін байқатады. Тағы бірде қыстың
қақаған бет қарауға шыдатпайтын боранында от алып келуге шығып, сол отты көршіден
алғанымен, қолындағы шелегін жел ұшырып кеткен Барысхан əлгі үйге қайта барып от сұра-
уға беті шыдамай, үйге бос қайтуды тағы да намыс көріп, үйінен алысырақ тұратын Сəрсен-
бай шалдың үйінен барып шақпақтас алып келуінің өзі жас та болса оның көзсіз батырлығы
мен намысшылдығының көрінісі. Бала түгілі ересек адамның өзі адасып кететін бет қаратпас
боранда сондай тəуекелге баруы Барысханның қайсарлығын аңғартқандай. Осындай тəуе-
келшілдік адам баласының қайсар мінезінен туындайтын құбылыс.
Жазушы адам образын сомдағанда немесе типтік бейненің болмыс-бітімін, тұлғасын
қалыптастырғанда міндетті түрде басқа тұлғалардан ерекшелігін айқындау арқылы кейіп-
кер мінезін даралайды. Көрнекті ғалым Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» еңбегінде: «Мінез –
адамның ішкі болмысын, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық
335
технологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы» [3] дейді. Демек, кейіпкер тұлғасын даралап,
ерекшелейтін оның мінез-құлқы мен іс-əрекеттері. Жазушы образ сомдауда кейіпкердің то-
лып жатқан мінездерінің барлығын түгел дерлік суреттеп келеді де, солардың ішінен біре-
уін бірінші орынға қояды. Шерхан Мұртаза бұл романда Барысханның барлық қырлары мен
іс-əрекеттерін барынша дамыта суреттегенімен, оның туған жерге деген сүйіспеншілігі мен
білім алуға деген құштарлығын айрықша даралап көрсеткен. «Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас» деп дана халқымыз айтқандай, жазушы Барысханның туған жерге,
елге деген ықыласы мен махаббатын бірінші кезекке қояды.
Жалпы, Барысханның образын сомдауда жазушы оның сан қырлы ерекешеліктеріне
тоқталған. Барысханның өмірдегі көрген қиыншылықтары мен басынан өткерген сан түрлі
оқиғалар желісі арқылы оның типтік бейнесі шебер өрнектелген. Біз жас Барысханның сан
түрлі қырлары арқылы көз алдымызға осындай «тар жол тайғақ кешулерден», «соқтықпалы
соқпақсыз жолдардан» өткен, есейе келе өскен елін, туған жерін сүйген, ата дəстүр мен ана
тілін қастерлеген заңғар жазушының тұлғасын аңғарамыз. Шын мəнінде елін, жерін сүйіп,
ақ пен қараның ара жігін ажыратар азаматтың тау тұлғасы жастайынан-ақ ана сүті мен от-
басындағы тəрбие арқылы берілері айдан анық. Шерхан Мұртаза Барысхан бейнесі арқылы
өзінің шынайы келбетін, əке мен шешенің үмітін ақтаған, елі мен жерін құрмет тұтқан өзінің
азаматтық бейнесін таныта алды. Қазақтың «Сөнгенім жанды, өлгенім тірілді» деген сөздері
осындай азаматтарға арналғаны даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |