Əдебиеттер:
Н.Ə.Назарбаев «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм-
кіндіктері» атты Жолдауы – Егемен Қазақстан, 10 қаңтар 2018 жыл.
«Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» - Алматы, 1971 ж. Филоло-
гия ғылымдары докторы дəрежесін алу үшін дайындалған автореферат.
А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Монография» -Алматы, 1964, 1974, 1991.
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» -Алматы, 2014. (авт. бірлестікте).
«Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамы» -Алматы, 1988.
47
ИННОВАТОР ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ
Бақбергенова Роза
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ тілі теориясы мен əдістемесі кафедрасы
Зерттеуші ғалым Н.Л.Макаренконың “инноватор” терминіне: “Инноватор – это творче-
ская личность, обладающая инновационным мышлением и с высокой инновационной культу-
рой инноваций” – деп берген анықтама мазмұнын ой елегінен өткізіп зерделесек, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар
академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.О-
ралбайқызы – инноватор ғалым-педагог.
Қазақ тіл біліміне өлшеусіз үлес қосқан ғалым Н.Оралбайқызының инноваторлығы сөз-
жасам саласының тұғырнамасын, заңдылығын алғашқылардың бірі болып зерттеуінде жа-
тыр. 1989 жылы қазақ тіл білімі тарихында сөзжасам лингвистиканың дербес саласы ретінде
зерттеліп, авторлық бірлестікте “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” монографиясы жазылды.
Монографияда сөзжасам жүйесіне тəн заңдылықтар, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық
ұя, сөзжасамдық мағына мен сөзжасамдық тəсіл мəселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп
берді. Ғалымның осы бағыттағы инновациялық ойлары Б.Қ.Қасым, З.Бейсембаева, Қ.Құр-
манəлиев, А.Омарованың докторлық диссертациялары мен сөзжасамдық ұя құрылымын
зерттеген Б.Есімсейітов, Н.Қоқышева, З.Құрманəлиевалардың кандидаттық диссертация-
ларында ғылыми негізделді. Инновациялық технологияға, оның ішінде модульдік техноло-
гия негізінде жазылған “Қазақ тілінің сөзжасамы” (2002) оқулығы, “Қазақ грамматикасы”
академиялық еңбектегі (2002) сөзжасам бөлімі, “Қазақ тілінің сөзжасамы” (2014) авторлық
бірлестікте шыққан оқулығында сөз таптарының сөзжасамы ғылымның соңғы деректері дең-
гейінде берілді.
Лингвистиканың жаңа да тың саласы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” ғылыми курсын
ЖОО-ның филология мамандықтарына инновациялық технология, оның ішінде модульдік
технология негізінде оқытуды оқу жоспарына енгізіп, типтік оқу бағдарламасын жасады.
1990 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Филология факуль-
тетінде “Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен əдебиеті” мамандығын ашты. Қазіргі уақыт-
та 5B012100 – “Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті” маман-
дығы елімізді мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне жəне шетелдік азаматтарға мемлекеттік
тілді меңгерту бағытында кадрлар даярлайтын ең негізгі мамандық. Осы мамандықта
оқитын студенттерге арнайы авторлық бірлестікте “Практикалық қазақ тілі” (1993) оқу-
лығын жазды.
Профессор Н.Оралбайқызының “Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту əдістемеcі”
(1996) монографилық еңбегі жоғары оқу орындарында орыс тілді мектептерде қазақ тілінен
мұғалімдерді даярлауда мəні зор тұңғыш оқулық. Аталған еңбекте қазақ тілін орыс мектеп-
терінде оқыту əдістемесінің методологиялық негізі айқындалып, дидактикалық ұстанымдар
негізінде сұрыпталған əдістер жүйесі ұсынылады.
Ғалым оқу құралында лексика-грамматикалық минимумды сұрыптауда кезінде өзі
ұсынған сөздің төмендегі қасиеттерін ұстанады: 1) сөздердің қолданылу жиілігі; 2) сөздердің
жеңіл-қиындығы; 3) сөздің синонимдік қасиеті; 4) сөздің тақырып қажеттіне сəйкестігі; 5)
екі тілге ортақ сөздерді санатқа енгізбеу; 6) сөздің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің
дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне сəй-
кестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі. Орыс тіліндегі мектептерді қазақ тілін үйре-
тушілердің лексикалық материалды жүйелі таңдап, сұрыптауда сөздің жоғарыда аталған қа-
сиеттеріне ерекше мəн беру қажеттігін ескертеді[1.30].
48
Профессор Н.Оралбайқызы жоғары оқу орындарында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін
оқыту, үйретудің теориялық-əдістемелік негізін жасауда тілді меңгертудің дидактикалық
ұстанымдарын өте тиімді негізге алып отырған.
Түркітанушы ғалым Н.Оралбайқызы 1980 жылы Ташкентте өткен Бүкілодақтық ІІІ түр-
кологиялық конференцияда, 1984 жылы Қазанда өткен Бүкілодақтық IV түркологиялық кон-
ференцияда жасаған баяндамаларының өзектілігін шетелдік тілші-ғалымдар жоғары баға-
лап, конференцияға қатысушы ғалымдардың зор ілтипатына бөленді.
1992-1994 жылдары Түркия мемлекетінің Анкара университетінде профессор қызметін
атқара жүріп, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту əдістемесінде өзінің тың ізденістерін жүр-
гізді.
1994 жылы Анкара қаласында «Қазақ тілінің дыбыс үндестігі» деп аталатын мақа-
ласын түрік тілінде “Түрік мəселелері” атты шетелдік басылымда жариялады. Мақала-
да шетелдік студенттерге қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын тілдік, этикалық
жəне коммуникативтік нормаларына сəйкес сөйлеу тілін игеретіндігіне назар аударды.
Ғалым-педагог шетелдік тіл үйренушінің қазақ тілінің үндестік заңын терең меңгермей-
інше, орфоэпиялық нормаға сəйкес өз деңгейінде сөйлей алмайтындығына, сөз мəдени-
етінің қалыптаспайтындығына тоқталады. Шетелдік түрік азаматтарына қазақ тілін үй-
ретуде тілдік бірліктерді коммуникативтік-танымдық тұрғыдан меңгерту қажеттілігіне
тоқталады. Қазақ тілін меңгертуде нені, қалай, қайтіп үйрету қажет екендігін үнемі ой
елегінен өткізіп, жай рефлексия жасап қана қоймай, интерспективті рефлексия жасаған-
дығын аталған мақаладағы: “Анкара университетінде қазақ тілінен сабақ берген кезде
студенттерге дыбыс үндестігі, əсіресе, буын үндестігі қиындық келтіргені байқалды.
Студенттерде жуан, жіңішке сөз деген, жуан сөзге жуан қосымша, жіңішке сөзге жіңішке
қосымша қосылады, олар жазуда түрлі əріптермен жазылады деген əдет жоқ. Бұл сабақта
біраз қиындық туғызды, сондықтан бұл мəселелермен таныстыруды дұрыс көрдік” – де-
ген үзіндіден байқаймыз [2.27].
Шетелдік тіл үйренушілерге қазақ тілінде коммуникативтік, лингвомəдениеттанымдық
құзыреттіліктерін жетілдіруде ғалым Н.Оралбайқызы ерекше мəн берген үндестік заңы ере-
желерін тілдік норма жаттығуларын жүйелі жүргізу басты ұстаным ретінде негізге алына-
ды. Тілдік норма қалыптастыру жаттығулары студенттерді орфоэпиялық, орфографиялық,
сөзжасамдық норма талаптарын орындап, туынды сөздерді дұрыс қолдану бағытын жетіл-
діреді. Қазақ фонетикасын эксперименттік əдіспен терең зерттеуші профессор Ə.Жүнісбек
орфография мен орфоэпияның арасында толықтай сəйкестік болмайтынының əр түрлі себебі
бар екендігіне тоқтала келіп: “Бір ғана дыбыстың сөйлеу барысындағы түрленген айтылым
варианттарын жеке-жеке əріптермен белгілей беру, мысалы, сөйлеу үстіндегі қатаң дауыс-
сыздың ұяңдануы, ұяңның қатаңдануы, тоғысыңқы дауыссыздың жуысыңқы дауыссызға ай-
налуы тəрізді дыбыстық өзгерістерді естілуі бойынша таңбалап отыру мүмкін емес” [3] ,
– деген тұжырым жасайды. Мысалы, басшы, қара құлақ тəрізді сөздерді естілуінше башшы,
қарағұлақ деп берудің тиімсіз екендігіне тоқталады. Сонымен бірге бір ғана з дыбысы бірде с
(бергізсе – бергіссе, сызса – сысса т.б.), екіншіде ш (сызшы – сышшы, сөзшең – сөшшең) ды-
бысталуының заңды екендігін, ауызша сөз мəдениетін сақтау үшін маңызды екендігін атап
көрсетеді [3.7-8].
Тіл үйретуші оқытушы қазақ тілін интерактивті оқытуда лексикалық минимумды сұрып-
тап, ұсынып қана қоймайды, сонымен бірге сөздердің дəл, анық жəне таза айтылуына ерек-
ше мəн береді. Орфоэпиялық норма қалыптастыру жаттығуларын дұрыс сұрыптап, жүйелі
жүргізу тіл үйренушілердің тілдік коммуникацияда туынды сөздердің дұрыс айтылып, ком-
муниканттарға жағымды естілуін қамтамасыз етеді. Тіл үйренуші студенттерді тіліміздегі
сөздерді дұрыс айтуға үйрету қазақ тіліндегі табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтауға дағды-
ландырады.
49
Қазақ тіліндегі бір ғана и əрпіне бірнеше дыбыс үлгілері сай болып шығады, сөзжа-
самдық жаттығуларды орындауда, профессор Ə.Жүнісбек еңбектеріндегі фонетикалық заң-
дылықтар негізге алынды. Мысалы:
ы – й: Ми – мый; милы – мыйлы; мисыз – мыйсыз; мишық – мыйшық.
і – й: Киіз – кійіз; киіз үй – кійіз үй; киіз қалпақ – кійіз қалпақ.
і – й: иіс – ійіс; иіс су – ійіс су.
Тіл біліміндегі интерграциялық əдіс, яғни сөзжасамның фонетикамен байланысы əр са-
бақта жүргізіледі.
Шетелдік тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгерту – кешенді үдеріс. Ғалым Н.Оралбай-
қызы шетелдік стуенттерге қазақ тілін меңгертуде қазақ тілін кешенді оқыту технологиясы-
ның қажеттілігіне де ерекше мəн берді. Бұл салаға байланысты көп еңбек сіңіріп, өзге ұлтқа
қазақ тілін үйрету мəселесін ғалымдарымыз профессор Н.Оралбаева мен Х.Есенов, С.Хай-
руллина авторлығымен шыққан “Қазақ тілін үйренеміз” – “Изучаем казахский язык” (1989)
оқулығын ерекше атап айтуға тиіспіз. Аталған оқулықтың құндылығы – өзге ұлт өкілдеріне
қазақ тілін үйретуде сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін сабақта кешенді қолдану тəсілін
алғаш ұсынғандығында. Оқулықта берілген материалдар сөйлесім əрекетінің түрлерін ке-
шенді қолдану арқылы тіл үйренушілердің коммуникативтік-танымдық құзыреттілігін қа-
лыптастырып, дамытуға бағытталған. Еліміз егемендік алған жылдары университетімізге
қазақ тілін үйренуге Америка, Корея, Қытай Халық Республикасы, Вьетнам, Түркия елдері-
нен арнайы келген студенттер осы оқулықпен қазақ тілінде тілдік коммуникация жасауды
меңгерді.
Мемлекеттік тілді кешенді оқытудың мақсаты – қазақ тілін меңгертудің əр түрлі дең-
гейін жүзеге асыратын; тілді меңгертудің интербелсенді əдіс-тəсілдері мен инновациялық
технологияның озық үлгілерін қамтитын; бір-бірімен сабақтас, жүйелі оқу құралдарын ком-
муникативтік тұрғыдан ұсыну; тіл үйренушілерге қазақша тілдік қатынасты еркін меңгерту
арқылы коммуникативтік тілдік аяда қарым-қатынас жасауға үйрету. Осы бағытта
Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген түрік студенттеріне арналған
«Қазақша үйренеміз», «Қазақша сөйлесеміз» екі бөлімді оқу құралының тілді меңгертудегі
тиімділігі түрік бөлімдерінде оқитын студенттерге жүргізілген тəжірибе барысында анықтал-
ды. «Қазақша үйренеміз» оқу құралында негізгі материалдар қазақ тілі грамматикасына,
жаттығу жұмыстары мен диалогтарға негізделген болса[2.235], «Қазақша сөйлесеміз» оқу
құралы «қазақ жерінің тарихы мен салт-дəстүрінен, ұлы адамдар өмірінен қысқаша мəлімет-
терге құрылған». Оқу құралында берілген мəтіндер, жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін
жасауда тіл үйренуші шетелдік студенттердің лингвомəдениеттанымдық, коммуникативтік
жəне когнитивтік құзыреттіліктерін дамыту ұстанымдары жалпы дидактикалық ұстанымдар-
мен сабақтастырылған. Оқу құралының мазмұны шетелдік студенттердің қазақ тілінде инте-
рактивті коммуникация жасай білуіне бағытталған. Түріктілді студенттерге қазақ тілін мең-
гертуде Н.Оралбайқызының түрік бөлімдеріне арналған оқу құралы қолданылды[4;5].
Жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдеріне арналған “Қазақ тілі” (2007) оқулығы
оқытудың жаңа технологиясы негізінде жазылған оқулық. Оқулық 10 модуль 70 сабаққа
бөлініп, өздік жұмыстары мен сөздік жұмыстары ұсынылған. Əр модуль соңында студенттің
өзін-өзі тексеруі үшін тест тапсырмалары берілген. Əдістеме негізінде құрылған бұл оқу-
лықта мəтінмен кешенді жұмыс, сөздік жұмыстар берілген. Мақал-мəтелдер, даналар сөзі,
нақыл сөздерді де оқып-үйрену қамтылған. Тарихта аты қалған қазақ батырлары, ағартушы-
лар, ардақты азаматтар мен қазақ өнерпаздарының тəрбиелік мəні бар өмір кезеңдерінен де
мағлұмат берілген жаңа бағыттағы оқулық.
Аталған оқулықтың ең негізгі құндылығы – ғалым-педагог Н.Оралбайқызының тіл ғылы-
мындағы «ішкі лингвистика» бағытын ұстанып, тілдің құрылымдық моделі тілдік тұлғаға
берілетін білімнің негізгі мазмұны екендігіне ерекше мəн бергендігінде. Лингвистика ғылы-
50
мындағы теориялық ақпараттар коммуникативтік бағытта, яғни тілдік қарым-қатынас (ком-
муникативтік) құзыреттілік, лингвомəдениеттанымдық құзыреттілік қалыптастыруға
бағытталу қажеттігін дəйектейді[6].
Ұлағатты ұстазымыз профессор Нұржамал Оралбай апайымыздың қазақ тіл біліміне қа-
тысты теориялық тұжырымдары мен əдістемелік тəжірибесі жаңа үлгідегі ұлттық мектеп мо-
делін жасауда рухани азық болары сөзсіз. Инноватор педагог-ғалымның ғылыми-əдістемелік
тұжырымдарын зерделеу, ғылыми ізденістерді жалғастыру ұлттық педагогика ғылымының
қорын үздіксіз толықтырып, ХХІ ғасырдың терең білімді, бəсекелестік жағдайда рухани
өресі биік, азаматтық бет-бейнесі қалыптасқан зияткер тұлғаны тəрбиелеуде үлгі боларлық
тағылым деп зор құрметпен, ізгі ниетпен айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |