Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет125/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
 
Республикада  жүргізіліп  жатқан  құқықтық  реформа  сот 
қызметін  жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік  
заң шығарушы және атқарушы  билікпен қатар үшінші билік  
рөлін беруге бағытталған.
Сот  билігі  Қазақстан  Республикасының  атынан  жүзеге 
асырылады (Конституцияның 75-бабы).
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге 
асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер 
болып табылады. Бұлар – азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын 
үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы 
соттардың  қарастылығына  жатқызылған  басқа  да  құқықтық 
қатынастардан туындайтын даулар.
Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот 
ісін  жүргізү  туралы  заңдармен  белгіленеді.  Республиканың 
барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық 
іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.
Азаматтық іс жүгізу құқығы – мемлекет белгіленген құқық-
тық  нормалардың  соттардың  азаматтық  істерді  қарау  және 
шешу  тәртібін,  басқаша  айтқанда,  азаматтық  істер  бойынша 
сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау 
тәртібін  реттейтін жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы 
болып табылады, оның да дербес нысанаы және реттеу әдісі 


361
бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанаы сот 
ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық 
қатынастар  болып  табылады.  Бұл  қатынастар  азаматтық  істі 
жүргізу  процесінде  туындайды.  Азаматтық  іс  жүргізу  құқық 
қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік 
органы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау 
сатысындағы) сот болып табылады, басқа субъектілер соттан 
қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не 
куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері  
арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 
44-бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, 
прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және 
заңда  көзделген  жағдайда  басқа  адамдардың  құқықтары  мен 
мүдделерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. 
Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары 
мен мүдделерін(тараптар, үшінші тұлғалар ), не басқа тұлғалардың 
құқықтары  мен  мүдделерін  (прокурор,  мемлекеттік  басқару 
органы) қорғайды. Бұлар – өздерінің іс жүргізу әрекеттері мен 
істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және 
істі  жүргізудің  қысқартылуына  (талап  –  арыздан  бас  тарту, 
тараптардың бітісу келісімін жасасуы) ықпал ететін тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-
диспозивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері (оның 
шешімдері, ұйғарымдары, нұсқаулары билік сипатында жасалады, 
олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені 
оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу 
күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар 
(тарптар) жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозивтивтік сипатта 
болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап – арыздан бас тарту 
туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін 
жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік 
ерекшелігі осында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөләм-
дерден  тұрады.  Жалпы  бөлімге  сот  әділдігі  принциптерін, 
азаматтық істердің сотқа қарастылығы (соттың жататындығы), 
сот құрамына қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың  
құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, 
талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар  енеді.


362
Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлімі – құқықтың 
осы саласының жекелеген институттарын, процесс сатыларын 
реттейтін  құқық  нормаларын  жиынтығы(бірінші  сатыдағы, 
апелляциялық,  кассациялық,  бақылау  сатысындағы  сотта  іс 
жүргізу және басқалар).
Азаматтық іс жүргізу  (азаматтық процесс) соттың, іске 
қатысушы тұлғалардың және процесске басқа да қатысушылардың 
(куәлардың,  сарапшылардың),  сондай-ақ  сот  қаулыларын  
орындайтын  органдардың  азаматтық  іс  жүргізу  құқығының 
нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, 
іс  жүргізу  құқық  қатынастары  пайда  болуының,  дамуының 
және  тоқталуының  жүйелі  тәртібі  болып  табылады,  өйткені 
бұл  қатынастар  іске  мүдделі  барлық  тұлғалардың  (әңгіме 
солардың  құқықтары  мен  мүдделері  жайында  болып  отыр) 
белсене  қатысуымен  азаматтық  істер  бойынша  сот  әділдігін 
жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процессінде пайда болады, 
дамиды және тоқталады не олар сотта істің шын мән-жайын 
анықтауына жәрдемдеседі.
Азаматтық  сот  ісін  жүргізудің  міндеттері  Азаматтық  іс 
жүргізу  кодексінің  5-бабына  белгіленген.  Сот  азаматтардың 
мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуге 
тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін 
жүргізу құқықтық мемлекеттік, заңдылық пен құқық тәртібін 
нығайтуға,  әлеуметтік  әділеттілікті  орнықтыруға,  құқық 
бұзушылықтардың  алдын  алуға,  азаматтардың  заңдарды  дәл 
және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығын, ар-ожданы мен 
қадір – қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында 
тәрбиелеуге жәрдемдесуі тиіс. Кепілдік берілген конституциялық 
құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан 
сот ісін жүргізудің барлық кездерінде қолданылуы тиіс құқық 
нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді. 
Азаматтық  процесс  жеке  сатылардан  тұратын  үдемелі 
қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:
1)  сотта азаматтық істің қозғалуы; 
2)  істі сотта қарауға әзірлеу;
3)  істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;
4)  істі апелляциялық  тәртіппен қарау;
5)  кассациялық сатыда жүргізу;
6)  заңды  күшіне  енген  сот  шешімдерін,  ұйғарымдарын, 
қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;


363
7)  заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулы-
ларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;
8)  атқару ісін жүргізу.
Азаматтық процестің сатылары – біртұтас азаматтың сот ісін 
жүргізудің аса жақын мақсатты біріктірген құрамдас бөліктері. 
Әрбір азаматтық істің жоғарыда аталған сатылардың бәрінен 
өтуі міндетті емес айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына 
байланысты (бітісу келісімін жасау, талап арыздан бас тарту, 
кассациялық шағым беру ).
М.А.Гурвич алғашқы аталған сатыларды бір сатыға – бірінші 
сатыдағы  сотта  іс  жүргізу  сатысына  біріктіреді.  Азаматтық 
процестің аталған сатылары арасындағы бірінші сатыдағы сотта 
іс жүргізу міндетті саты болып табылады.
Сондықтан азаматтық процесс (ісін жүргізу ) азаматтық істі 
қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында 
қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, 
дамуы мен тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады.
Азаматтық істердің көпшілігі талап істер жүргізу ережелері 
бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, 
оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі 
даулы құқық қатынасына (талапкер мен жауапкердің) қатысуы 
болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық 
және әкімшілік – құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, 
сондай – ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салалары, 
әсіресе  материалдық  (азаматтық,  отбасылық,  еңбек,  тұрғын 
үй және басқа) салалармен тығыз байланысты. Онда анықтау 
нысанын,  істің  сотқа  қарастылығын  анықтайтын  азаматтық 
іс  жүргізу  сипатындағы  нормалар  болады.  Сот  ісі  бойынша 
шешім шығарған кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін 
материалдық құқық нормаларын қолданады.
Азаматтық  іс  жүргізу  құқығы  қылмыстық  іс  жүргізу 
құқығымен тығыз байланысты, өйткені екі саты да сот әділдігін 
жүзеге  асыру  жөніндегі  сот  қызметінің  тәртібін  белгілейді. 
Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс жүргізу сатыларындағы 
іс  жүргізу  нысанында  болып  табылады(істерді  дәлелдеу, 
бірінші саты бойынша қарау, апелляциялық, кассациялық және 
қадағалау тәртібімен қайта қарау және т.б.). Олардың арасында 
айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың 


364
ғана емес, сонымен қатар алдын ала тергеу органдарының да 
қызметіне қамтиды. Құқықтың бұл саласын реттеу мәселесінде 
де айырма бар.
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет