Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 Тұлғаның құқықтық мәртебесінің ұғымы.Азаматтық



Pdf көрінісі
бет35/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

4.4. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің ұғымы.Азаматтық
Жалпы алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның 
мемлекеттік  ұйымының  толыққанды  мүшесі  ретінде  жеке 
адамның  заңдар  өзге  де  құқықтық  актілерде  белгіленген 
құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы 
тұрғысында көрінеді. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің 
мазмұны, оны құқықтары, бостандықтары және заңдық міндеттері  
болып табылады, ал бұлардың негізді болуы үшін белгілі бір 
алғышарттар туындауы тиіс. Тұлғаның  құқықтық  мәртебесінің 
алғышарты  оны  құқылық  қабілеттілігі,әрекет  қабілеттілігі, 
сондай-ақ азаматтыққа қатыстығы болып табылады. Қазақстан 
Республикасының 1991 жылғы  20 желтоқсандағы «Қазақстан 
Республикасындағы азаматтық туралы» Заңына сәйкес азаматтық 
дегеніміз –адамның мемлекетпен,оның  өзара құқықтары мен 
міндеттері  жиынтығын  білдіретін  тұрақты  саяси-құқықтық 
байланысы  болып  табылады.  Бір  жағынан,  азаматқа  белгілі 
бір  құқықтар  берілген,  мемлекет  осы  құқықтардың  нақтылы  
қамтамасыз етілуіне қамқорлық жасайды. Осыған орай мемлекет 
өз азаматтарын елден тысқары жерлерде де қорғауға және оларға 
қамқорлық жасауға кепілідк береді. Екінші жағынан Қазақстан 
Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында 
азаматтардың  мемлекет жөнінде белгігі бір міндеттері көзделген, 
осыған сәйкес мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты 
орындауларына тиісті шаралар қолдануға қақылығы анықталған.


123
Адам  мен  азаматтың  құқықтарының  айырмашылығы 
оншалықты емес болса да, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек   
азаматтық қана құқық береді. Азаматтықты анықтайтын құжат 
төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесінде 
Қазақстан    Республикасы  азаматтығын  алған  адамдар  үшін 
азаматтақ жағдайының мерзімі тиісті адамға азаматтық беру 
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол 
қойылған күннен бастап есептеледі, ал туғандығы – азаматтық 
жағдайы туралы куәлігі бойынша анықталады. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясы    10-бабының 
2-тармағында: «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда 
азаматтығынан, өзінің азаматтығын  өзгерту құқығынан айырға, 
сондай-ақ Қазақстаннан  тыс жерлерге аластауға болмайды » 
делінген.  Егер  «республиканың  халықаралық  шарттарында 
өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының  азаматын шет 
мемлекетке беруге болмайды»(11-бап, 1-тармақ). Конституция  
10-бабының  1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының 
азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай 
негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады» 
деген ереженің де іс жүзілік мәні зор. Республиканың азаматы 
өзінің азаматтығына орай тең құқықтарға ие болып,міндеттер 
атқарады. Қалай болса  да,адамның және азаматтың өз құқықтары 
мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары 
мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен 
қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс. Себебі, кез 
келген адам Қазақстан Республикасының азаматтығын заңды 
түрде ала алады және оны өзгерте алады. 
Бұл туралы толық мәліметті 1991 жылғы 20 желтоқсанда 
қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтығы» атты 
Заңынан алуыңызға болады. Жалпы Қазақстанда және өзге де 
шет елдерде азаматтықты алудың екі негізгі тәсілдерін айтып 
кетпесе болмайды. Соның ішіндегі ең оңай жолы- азаматтықты   
тууына  байланысты  алуы.  Олай    дейтініміз  оны  алу  не  оны 
беру  тек  жеке  адамның,не  тиісті  мемлекеттің  органның  еркі 
емес, ол адамның табиғи құқығы болып табылады. Сондықтан 
мемлекет нәресте дүниеге келгенде ғана азаматтықты беруге 
міндетті. Ол үшін баланың әкесі мен шешесінің екеуі де Қазақстан 
Республикасының азаматы болуы қажет. Егер баланың тууына 
дейін ата-анасы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты 


124
тұрып жатқан болса, онда баланың азаматтығы  олардың жазбаша 
өзара келісімі бойынша анықталады. Ал егер де баланың тууына 
дейін ата-ананың біреуі Қазақстан Республикасының  азаматы 
болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматы болып 
саналады, егер ол туса:       1) Қазақстан аумағында; 2) Қазақстан 
аумағынан  тыс  жерде  туылғанынан  ата-анасының  екеуі,  не 
олардың  біреуінің Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жері 
болса.Тұрған жеріне қарамастан, ата-ананың біреуі Қазақстан 
Республикасының азаматы болып, екіншісінің азаматтығы жоқ 
болса  да  бала  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып 
есептелінеді.
Шет  елдердің  азаматы  мен  азаматтығы  жоқ  адамдар 
да,  жоғарыда  айтылған  азаматтық  туралы  Заң  бойынша, 
өздерінің  ерікті  түрдегі  өкініштері  (арыздары)  бойынша 
Қазақстан  Республикасының  азаматтығына  қабылданулары  
мүмкін. Заң әдебиеттерінде азаматтықты алудың екінші түрін 
натурализациялау  дейді.  Онда,Қазақстан  Республикасының  
азаматтығын алу үшін оның аумағында ең кемінде 5 жыл тұрақты 
тұруы, немесе оның азаматымен некеде болуы тиіс.Осы  аталған  
жағдайлардың  жасы  толмаған  жасөспірім  балаларға,әрекет 
қабілеттілігі  жоқ  және  Қазақстан  Республикасына  айрықша 
еңбегі  сіңген  қадірлі  адамдарға,сондай-ақ  кезінде  жаппай 
қуғын-сүргін,  күштеп  ұжымдастыру  кезеңдерінде,  өзге  де 
адамгершілікке  жатпайтын  шаралар  нәтижесінде  Қазақстан 
Республикасы аймағын тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың 
және олардың үрім-бұтақтарының ( ұрпақтарының ) өз тарихи 
Отанына қайтып оралғандарына қатысы жоқ. Сонымен бірге, 
Қазақстан  Республикасының  азаматтығын бұрынғы одақтас 
республикалардың азаматтары да ала алатынын еске сала кет-
кенді жөн көрдік. Ол үшін олардың өте  жақын  туыстары (бала-
лары,  не  асырауларында  болғандары,  ерлі-зайыптылары,ата-
анасының біреулері, қарындасы,ағасы, атасы мен әжесі) тұрған 
жерінің  мерзіміне  қарамастан,  Қазақстан    Республикасының 
азаматтығында болулары тиіс.Бұларға азаматтыққа алудың ең 
жеңіл түрін қолданады, яғни арызданушылардың талабын 6 ай 
мерзімнен кешіктірмей қанағаттандыру. Мұндай жеңілдіктер 
тек екі елдің арасында тиісті шарттар болғанда ғана туу мүм-
кін. Бұл туралы шарттар Қазақстан Республикасы мен Ресей 
Федерациясының,және біздің еліміз бен Беларусь Республикасының 


125
арасында жасалғандығын  естеріңізге сала кеткенді де жөн көрдік. 
Бұл шарттар бойынша, екі жақта тұрақты қолайлы жағдайлар, 
соның ішінде,азаматтықты алудың қысқартылған түрлерін қолдану 
т.б. туғызу міндетті. Демек,жоғарыда айтылғандай азаматтықты 
төлқұжат дәлелдесе,ал туғандығы туу туралы куәлігі бойынша 
анықталады. 
Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодексінің  16-бабы 
1-тармағына сәйкес (жалпы бөлімі) тұратын жері ретінде азамат-
тың тұрақты немесе басым тұратын елді мекені саналады. Аза-
маттың  тұратын  жерін  анықтауда  оның  зайыбының  тұратын 
жерінің  маңызы  жоқ  (Неке  және  отбасы  Кодексінің  18-бабы 
4-бөлігі). Азаматтың тіркелген жері басым көпшілігінде Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы қыркүйектегі қаулысы 
бойынша Республика аумағында 1998 жылғы 31-желтоқсанға дейін 
қолданылатын ескі төлқұжат үлгісінде көрсетілген азаматтың 
нақты мекен-жайының бірден-бір дәлелі болып табылады. Сондай-
ақ мұндай дәлел азаматтың тұрақты  тұратын жері бойынша оған 
жеке басы куәлігі беріле отырып, тіркелген жері болып табылады; 
онда берген орны, уақыты және есептен шығып,келуіне орай 
жеке басы жөнінде жаңа куәлік берілетін және есепке алынатын, 
тұрақты тұратын жерге көшкен кезде өзгеретін осы құжатты 
берген орган жазылады.
Осы мәселеге байланысты тағы бір айтатын жәйт-Қазақстан 
Республикасынла  қос  азаматтық  ешкімге  берілмейді.  Бірақ, 
басқа шет мемлекеттерінде (мысалы  Ресей мен Түркменстан  
арасындағы  шартқа  сәйкес)  қос  азаматтық  беріледі.Мұндай 
қос азаматтыққа ие азаматтарды бипатридтер дейді, олардың 
құқықтары  сол  елдегі  азаматтардың  құқықтарымен  пара-пар 
болғанымен міндеттері қай елдің аумағында тұратынына бай-
ланысты. 
Ендігі айтатын жәйт – бұл Конституциядағы тұжырымда 
сөз  етілетін  азаматтардың  (адамдардың)  құқықтары  мен 
бостандықтарының  басқа  задардағы  (қылмыстық  істер                            
жүргізу, азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық  
т.б. кодекстерінде)  құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең 
негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сондықтан да 
болар оны әдебиетте «құқықтар мен бостандықтардың негіздері» 
деп атайды.


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет