Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет43/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЖҮЙЕСІ
6.1.Мемлекеттік  биліктің  ұғымы  және  Қазақстан 
Республикасында оны ұйымдастырудың қағидалары
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, 
әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегі мен билік етуші 
субъектілердің ерік-жігері іске асырыладынемесе қоғам өмірінің 
экономикалық,  әлеуметтік  және  рухани  салаларын  басқару 
жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы 
көрінеді. Олар әралуан. Мемлекет органы дегеніміз – белгіленген 
тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік 
аппараттың бір бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер 
тән:  біріншіден,  орган  мелекет  орнатқан  тәртіпте  құрылады; 
екіншіден, органға  мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге 
асыру үшін уәкілеттілік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті 
де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы 
мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа 
мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға 
тиісті  міндетті  актілер  шығара  алады  және  өздері  шығарған 
актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет 
органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері 
тиіс.  Мысалы,  сот  төрелігі  органдары  үшін  азаматтық  және 
қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.
Қазақстан Республикасының мемелкеттік органдары мемел-
кеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша – өкілді, атқарушы, 
сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға 
бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне 
бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай – орталық және 
жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіліктің мерзімі бойынша – 
тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша 
( қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзіретін 
жүзеге асыру тәртібі бойынша – алқалы (Парламент) және дара 
(Президент) басшылық;  қызметінің құқықтық нысаны бойынша 
– құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; 
құзіретінің  сипатына  қарай  –  жалпы  (Үкімет)  және  арнаулы 
(министрліктер) органдар болып бөлінеді.
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  органдарды 
құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі кағидат 
билікті бөлу теориясы болып табылады, ол билікті органдар 


148
және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар, мекемелер немесе 
жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар 
жасайды. Бұл орайда олардың әрқайсысы дербес әрі бірін бірі 
тежеуші әрі тепе-теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін 
органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы 
жүзеге асырады.
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі (аса маңызды қағидаттың) 
–  онда  әлдебір  билікті,  басқа  бір  органның  әрекетін  белгілі 
бір дәрежеде шектеуге мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір 
тұтқасының  билікті өз қолына шоғырландыруын болдырмау 
көзделінген.  Билікті  бөлу  Конституцияның  Президент  (ІІІ 
бө-лім),  Парламент  (IV  бөлім),  Үкімет  (Vбөлім)және  соттар                   
(VI бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып 
нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны олардың өзара іс-
қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді. 
Мысалы, Парламентке берілген заң қабылдау айрықша қызметі 
Президенттің  заңдарды  қайтару  құқығымен  үйлестірілген. 
Президентке  заңдарға  қайшы  келмейтін  жарлықтар  шығару 
құқығы  берілген.  Ал,  Үкіметке  Конституция,  заңдар  және 
Президенттің  нормативтік  жарғылар  негізінде  және  соларды 
орындау үшін қаулылар шығару құқығы берілген. Сонымен бірге 
Президентке Конституцияға сәйкес халықаралық шарттар құқығы 
берілген  (44-баптың  11-тармағы),  алайда  оларды  Парламент 
бекітуі (54-баптың 7-тармағы) тиіс.
Сот билігінің де құқықты шектеуші амалдары бар, ол Консти-
туцияда, заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы, азаматтардың заң, 
сот алдында теңдігі, жариялылық, судьядан бас тарту және т.б. 
қағидаттарға негізделген. Сөйтіп, биліктің бірде-бір тармағы 
бүкіл мемлекеттік билікті тұтастай өзі иемденіп кете алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет