152
есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне
арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін
бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің
өкілеттілігін тоқтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген
мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді
қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттілігі тоқтатылғанын
білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметтің орнынан түсуі
туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-
ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да
қабылдайды.
Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс
сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын
шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін
антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс
бірлескен
отырыстарын шақырады;
Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде
қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның
жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін
қайтарады;
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасын қызметке
тағайындайды, оны қызметтен
босатады;
Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас
Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын
қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара
отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары
әскери атақтар мен өзге де атақтарды береді; Республикаға
қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей
қатер төнген ретте республиканың бүкіл аумағында немесе
оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара
немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика
Парламентіне
дереу хабарлайды; Қауіпсіздік кеңесін құрады.
Президенттің басты міндеті – ел ішінде және халықаралық
қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл
жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі
ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген
сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Қазақстан