Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге



Pdf көрінісі
бет49/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

7.3. Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге
асырудың негізгі нысандары
Мәслихат  өз  құзіретін  сессияда,  тұрақты  және  өзге  де 
комиссиялар арқылы, сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттігін 
іске асыруы жолымен жүзеге асырады. Мәслихат қызметінің 
негізгі нысаны сессия болып табылады, ол сонда өз қарауына 
жатқызылған мәселелерді шешеді. 
Мәслихаттар  жұмысының  басқа  да  ұйымдық-құқықтық 
нысандары арасында сессия басты орын алады. Мәслихаттар 
жұмысының осы нысанынан олардың өкілі мемлекеттік өкімет 
органдары  ретіндегі  сапасы  толық  көрінеді.  Мәслихаттар  – 
ұжымдық  басшылық  органдары.  Сондықтан  олар  өздерінің 
қарауына жатқызылған ең маңызды мәселелерді сессияға үнемі 
жинала отырып қана қарап, шеше алады. Сессиялар депутаттар 
мен оларға өкіл болып отырған сайлаушылардың тәжребиесі мен 
пікірін жан-жақты ескеруге, халықтың мүдделеріне, қоғамның 
экономикалық және әлеуметтік дамуының қоғамдық қажеттеріне 
сай келетін шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.


169
Сессия – мәслихаттың өздері үшін ортақ бір күн тәртібі бар, 
бірінен кейін бірі болатын ,бір немесе бірнеше отырыстары. «...
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» қолданылып 
жүрген Заң сессиялар ұғымы мен практикасын байытты. Енді 
сессиялар мәслихаттың жай ғана жиналысы немесе отырысы 
ретінде емес, қайта құру тәртібіндегі мәселелердің жан-жақты 
және іскерлікпен талқыланып шешілуіне бағытталған шаралар 
кешенін қамтитын күрделі құбылыс ретінде қарастырылады. 
Аталған Заңның 13-бабында «мәслихаттың сессиясы тұрақты 
комиссиялардың – жалпы күн тәртібімен біріктірілген жалпы 
отырыстары нысанында өткізіледі» деп баянды етілген.
Егер мәслихаттың сессиясында тиісті мәслихатқа сайланған 
депутаттар санының кемінде2/3 бөлігі қатысса, ол заңды болады. 
Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының 
төрағасы ашады және (мәслихаттың хатшысы сайланғанға дейін) 
жүргізіп  отырады.  Бірінші  сессияның  одан  кейінгі  жұмысы 
хатшының төрағалық етуімен өтеді. Мәслихаттың кейінгі кезекті 
және  кезектен  тыс  сессияларын  төрағалар  ашып  жүргізеді. 
Мәслихат  сессиясының  төрағасын  мәслихат  өз  депутаттар 
арсасынан сайлайды. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы 
мәслихаттың  жұмыс  жоспарын  ескере  отырып,  мәслихаттың 
соның алдындағы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы 
болмаған  жағдайда  оның  өкілеттігін  мәслихаттың  хатшысы 
жүзеге асырады.
Сессияның төрағасына мынадай өкілеттіктер берілген:
а)мәслихаттың сессиясын шақыру туралы қаулы қабылдайды 
және сессия мен оның қарауына енгізілетін мәселелердің әзір-
ленуін басшылықта жүзеге асырады;
ә)сессияның отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің 
сақталуын қамтамасыз етеді;
б)мәслихаттың  қаулылырына,  мәслихаттың  сессиясында 
қабылданатын немесе бекітілген өзге де құжаттарға қол қояды. 
Сессияның төрағасы өз қызметін қоғамдық негізде атқарады. 
Мәслихаттың сессиясын оның төрағасы шақырады. Кезекті 
сессиялар жылына кем дегенде төрт рет шақырылады. Кезектен 
тыс сессиялар тиісті мәслихатқа сайланған депутаттар санының 
кемінде 1/3 бөлігінің, сондай-ақ жергілікті әкімшіліктің бастамасы 
бойынша 2 апта мерземінен кешіктірілмей шақырылады. Сессияны 
шақыру туралы ұсыныста талқылауға ұсынылатын уақыты мен 


170
өткізілетін орны, сондай-ақ оның қарауына енгізілетін мәселелер 
туралы мәслихаттың хатшысы депутаттарға, әкімшілікке және 
халыққа  сессияға  дейін  10  күннен  кешіктірмей  хабарлайды. 
Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер жөнінде мәслихаттың 
хатшысы аталған мерзімде депутаттар мен әкімшіліктің басшысына 
қажетті  материалдарды  табыс  етеді.  Мәслихаттың  қарауына 
мәселелерді сессияның төрағасы, тұрақты және өзге комиссиялар 
мен депутаттар, жергілікті әкім енгізеді. Сессияның күн тәртібіне 
ұсыныстарды сессияның төрағасына төменгі мәслихаттар жоғары 
тұрған  өкімет  және  басқару  органдары,  поселке,  ауыл,  село, 
ауылдық (селолық) округ азаматтары өкілдерінің жиналыстары, 
қоғамдық бірлестіктерге табыс ете алады. Сессияның күн тәртібі 
оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. 
Оның бекітілуі туралы мәслихат қаулы қабылдайды. Мәслихаттың 
сессиялары мен оның органдарының отырыстары әдетте жария 
етіліп жүргізіледі және ашық түрде болады.
Бірақ мәслихат пен оның органдары жабық отырыс өткі-зу 
туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдауға  құқылы. Жер-
гілікті әкім немесе оның орнындағы адам мәслихат пен оның 
органдарының кез келген, оның ішінде жабық отырыстарына 
қатысуға құқылы.
Сессия жұмысының барысы онда қабылданған шешімдер 
туралы халыққа жергілікті бұқаралық ақпарат жеті күн мерзімнен 
кешіктірмей хабарлайды. 
Мәслихаттардың сессияларына кеңінен талдау жасау мем-
лекеттік өкімет органдары жұмысының нысанын жетілдіру үшін 
қосымша мүмкіндіктер ашады. Оның шеңберінде істің жайын 
зерттеу  үшін  жергілікті  жерлерге  ұжымдасып  баруы  жүзеге 
асырылады, баяндамашылар болмайтын, көшпелі, бірлескен, 
техникалық  ақпарат  құралдарын  пайдаланылатын  сессиялар 
таралып  отыр.  Қазір  депутаттар  мәселелерді  талқылау  мен 
шешу кезіндегі «бірауыздылық кешенінен» біртіндеп арылып 
келеді, ал бұрын мүлтіксіз жұмыс істеп келген «қолдаймыз және 
мақұлдаймыз» ұраны қазір барлық уақытта бірдей өте бермейді.
Мәслихаттардың  құзіретін іске асыруда олардың тұрақты 
комиссиялары маңызды рөл атқарады. Тұрақты комиссиялардың 
ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздері «...Жергілікті өкілді 
және атқарушы органдар туралы» Заңда баянда етілген, ал арнаулы 
«Қазақ КСР-індегі жергілікті халық депутаттары Кеңестерінің 


171
тұрақты  комиссиялары  туралы»  1991  жылғы  17  маусымдағы 
заңында неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалған.
Аталған заңдарға сәйкес мәслихаттар тұрақты комиссияларды 
мәслихаттың қарауына жатқызылған мәселелерді алдын-ала қарау 
мен әзірлеу, оның шешімдерін Қазақстан Республикасының заң 
актілерін іске асыруға жәрдемдесу, өз құзіреті шегінде бақылау 
міндеттерін жүзеге асыру үшін құрады. 
Тұрақты  комиссиялар  жаңадан  сайланған  мәслихаттың 
бірінші сессиясында оның өкілеттігі мерзіміне комиссиялардың 
төрағалары  мен  мүшелері  құрамында  құрылады.  Тұрақты 
комиссиялардың  тізбесі  мен  сан  құрамын  тиісті  мәслихат 
анықтайды. Өкілеттік мерзімі ішінде мәслихат олардың құрамына 
өзгеріс  енгізе  алады.  Тұрақты  комиссия-  комиссиясының 
төрағасын,  орынбасары  мен  хатшысын  сайлайды.  Тиісті 
мәслихаттың хатшысы, мәслихаттың тексеру комиссиясының 
төрағасы мен мүшелерін, тиісті мәслихат сессиясының төрағасы 
мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамына сайлана алмайды.
Комиссиялар функционалдық және салалық белгілер бойынша  
құрылады. Функционалдық белгілерге:жоспар,бюджет, заңдылық 
және  құқық  тәртібі  комиссиялары  жатады.  Комиссиялардың 
көпшілігі  салалық  белгілер  бойынша  құрылып,  әдетте  бір-
екі    басқару  саласын  қамтиды.  Жұмысы  бірқатар  салаларға 
байланысты комиссиялар да болады. Олар өзіндік ерекшелігі 
бар,  әлеуметтік  мүдделерді  есепке  алу  мен  қамтамасыз  ету 
үшін құрылған. Олар: жастар ісі, спорт және туризм жөнінде, 
әйелдердің еңбегі мен тұрмысы, ана мен баланы қорғау мәселелері 
жөнінде, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды 
пайдалану жөніндегі комиссиялар.
Заңдарда мәслихаттардың ең маңызды мәселелер бойынша 
кейбір комиссиялар құру міндетін тікелей белгіленеді. Басқа 
комиссияларды  мемлекеттің,  шаруашылық  және  мәдени 
құрылыстың  салалары  бойынша  мәслихат  өз    қалауымен 
құрады. Мәслихаттарда заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі, 
жастар ісі жөніндегі, табиғат қорғау жөніндегі комиссиялар мен 
мандат комиссиясы міндетті комиссиялар қатарына жатады. Ең 
көп тараған салалық және салааралық комиссиялар қатарына 
жататындар: табиғатты қорғау  және  табиғи ресурстарды ұтымды 
пайдалану, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, 
халыққа білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі комиссиялар. 


172
Мәслихаттың түрі мен сан құрамына қарай олар 5-6-дан (аудандық, 
қалалық) 8-12-ге дейін құрылады.
Тұрақты  комиссиялар  мәслихаттың  үздіксіз  және  тиімді 
жұмыс істеуін, депутаттардың шешімдерін  әзірлеуге, ұйым-
дастыру мен бақылауға тікелей және кеңінен қатысуын қамтамасыз 
етеді. Олар мынадай негізгі міндеттерді:
•Дайындаушылық-кеңесшілік;
•Бақылаушылық;
•Ұйымдастырушылық міндеттерді жүзеге асырады.
Бұл міндеттер барлық мәслихаттардың тұрақты комиссия-
ларына тән. 
Аталған міндеттерді орындау комиссияларға қажетті өкі-
леттіктер  беру  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Комиссиялардың 
міндеттерін жүзеге асыруының ерекшеліктері мыналарда болып 
табылады:  олар  дербес  мемлекеттік  органдар  ретінде  әрекет 
жасамаса  да,  бұл  жағдайда  комиссиялар  алдында  белгілі  бір 
міндеттер,  мысалы, комиссияларға қажетті мәліметтерді хабарлау, 
олардың ұсыныстарын қарау және қараудың нәтижелерін белгілі 
бір мерзімде хабарлау, ұсыныстар бойынша қажетті шаралар 
қолдану міндеттерін атқаратын әртүрлі мемлекеттік және қо-
ғамдық  органдармен,  кәсіпорындармен,  мекемелермен  және 
ұйымдармен тікелей қатынастар жасауы мүмкін. 
Дайындық-кеңесшілік міндетті мемлекеттік өкімет және 
басқару органдарының ұсыныстар әзірлеуімен, мәслихаттардың 
қарауына мәселелер дайындауымен байланысты. Ол комиссия-
лардың  мәслихат  пен  оның  органдарының  мәселелері  мен 
актілерінің жобаларын дербес әзірлеуі және оларды әзірлеуге 
қатысуы, олардың қаралып отырған мәселелері мен жобалары 
бойынша  ұсыныстар  енгізу,  қорытындылар  шығару,  сондай-
ақ комиссиялардың мәслихаттың сессияларында баяндамалар 
мен  қосымша  баяндамалар  жасау  жолымен  іске  асырылады.  
Комиссиялар  аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  мақсатында 
пайдаланатын  аса  маңызды  құқықтары:  ұсыныстар  енгізу 
(мысалы, сессиялардың күн тәртібі жөнінде, актілердің жобалары 
жөнінде),  мәселелер  мен  ұсыныстарды  әзірлеу  үшін  қажетті 
ақпарат алу,қаралып жатқан мәселелер бойынша қорытынды 
беру  құқығы,мәслихаттың  сессияларында  баяндамалар  және 
қосымша баяндамалар жасауға өздерінің баяндамашылары мен 
қосымша баяндамашыларын ұсынуға құқылы.


173
Тұрақты комиссиялардың бақылаушылық міндетті мәслихат-
тар мен жоғары тұрған органдардың актілерін орындауға, орын-
далуын  тексеруге,  сондай-ақ  заңдылық  пен  құқық  тәртібін 
сақтауға жәрдемдесу болып табылады. Тұрақты комиссиялар 
мәслихатқа бағынышты органдарға, кәсіпорындарға, мекемелер 
мен ұйымдарға, сондай-ақ оның аумағында орналасқан, оған 
бағынбайтын, бірақ бақылауындағы ұйымдарға қатысты бақылауды 
жүзеге асырады. Бақылау обьектілері мыналар: мәслихат пен 
жоғары  тұрған  өкімет  пен  басқару  органдарының  актілерін 
ұйымдастыру,  заңдарды,  азаматтардың  және  ұйымдардың 
құқықтары  мен  мүдделерін  сақтау.  Осы  міндеттерді  жүзеге 
асыруға байланысты аса маңызды өкілеттік: сессияларда сауал 
салу құқығы; комиссияның отырыстарында тиісті басшылардың, 
лауазымды  адамдардың  баяндамалары  мен  хабарламаларын 
тыңдау құқығы; бақылаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік 
және  қоғамдық  органдарға,  кәсіпорындарға,  мекемелер  мен 
ұйымдарға жол берілген олқылықтарды жою туралы ұсыныстар 
беру құқығы; лауазымды адамдарға  жауаптылықты  қолдану 
туралы  мәселе  қозғау  құқығы;  сессияларға  тексеру  жүргізу 
туралы ұсыныстар енгізу құқығына ие.
Ұйымдастырушылық міндет тұрақты комиссиялардың тәрбие 
жұмыстарын,  мәслихаттар  мен  жоғары  тұрған  органдардың 
шешімдерін орындау жөнінде әртүрлі нақты шараларды хабарлау, 
нұсқау беру және үйлестіру, озық тәрбиені тарату әдістерінің 
көмегімен ұйымдастыру жөніндегі алуан түрлі қызмет болып 
табылады. 
Комиссиялардың ұйымдастырушылық қызметке байланысты 
өкілеттігі: комиссияның жұмысы барысында белсенді қоғамдық 
жұмыс істеушілерді, мамандарды тарту құқығы; ұсыныс беру 
құқығы; мемлекеттік және қоғамдық органдардан, кәсіпорындар 
мен мекемелердің басшыларының жәрдем сұрау құқығы болып 
табылады. 
Тұрақты комиссиялардың міндеттерін іске асыруға қызмет 
ететін актілері қорытындылар мен қаулылар болып табылады. 
Тұрақты комиссияның қаулылары мен қорытындыларына 
комиссияның төрағасы қол қояды. Қаулылардағы ұсыныстарды 
мемлекеттік  және  қоғамдық  органдар,  кәсіпорындар  мен 
мекемелер міндетті түрде қарауға тиіс. Қараудың нәтижелері 
туралы немесе қолданылған шаруалар туралы комиссияларға 
олар белгілеген мерзімде хабарлануға тиіс. 


174
Комиссиялар мәслихаттар актілерінің  жобалары бойынша, 
тиісті  органдардың  тапсырмалары  мен  өтініштері  бойынша 
немесе өз бастамасы бойынша қорытындылар береді. Қорытынды 
ерекше құжат ретінде рәсімделу немесе жобаға виза қоюдан 
көрінуі мүмкін. 
Мәслихат өз өкілеттігін депутаттардың алуан қырлы қызме-
тінің құралдары бойынша  іске асырады. 
Депутаттар  сайлаушылардың  өкілетті  өкілдері  болып 
табылады  және  мәслихатта  олардың  еркі  мен  мүдделерін 
білдіреді. Олардың мәртебесінің негіздері «...Жергілікті өкілді 
және атқарушы органдары туралы» заңда баянды етілген... 
Депутаттың өкілеттігі оның депутат болып сайланған күнінен 
басталады және жаңадан сайланған мәслихат депутаттарының 
сайланған күніне өкілеттікті мерзімнен бұрын доғарған жағдайда 
аяқталады.
Депутаттың заң бойынша депутаттық міндеттерді орындаумен 
сиыспайтын қызметке сайлауына және тағайындалуына байла-
нысты,  не  депутат  болып  табылатын  адам  жөнінде  соттың 
айыптау үкімінің заңдық күшіне енуіне байланысты, сондай-ақ 
депутаттың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған 
жағдайда мәслихаттың шешімі бойынша депутаттың өкілеттігі 
мерзімінен бұрын доғарылады. Депутаттың өкілеттігі депутаттың 
өкілеттігін орындауына кедергі жасайтын мән-жағдайлар, себепті 
орнынан түсуі туралы өзі берген арызға байланысты мәслихаттың 
қабылдаған  шешімі  бойынша  мерзімінен  бұрын  доғарылуы 
мүмкін. Депутаттың өкілеттігі Парламент Сенатының шешімі 
бойынша, сондай-ақ оны сайлаушылардың кері шақырып алуы 
салдарынан мерзімінен бұрын тоқтатылуы ықтимал.
Мәслихат пен ол құратын органдардың қызметіне депутаттың 
белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ететін құқықтары бойынша 
толық  болады.Депутат  олардың  алдында  міндетін  атқарады, 
олардың  тапсырмаларын  орындайды.  Депутат  мәслихаттың 
сессиясында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші 
дауыс құқығын пайдаланады. 
Осы  мәслихаттың  органдарын  сайлауға  және  оларға 
сайлануға, қарау үшін мәселелер ұсынуға; мәслихатқа есеп беретін 
және оның бақылауындағы кез келген органның не лауазымды 
адамның есебі мен ақпаратын сессияда тыңдау туралы ұсыныс 
енгізуге; мемлекттік органдар мен лауазымды адамдарға сауал 
салуға құқылы.


175
Депутаттық  сауал  –  депутаттың  мемлекеттік  органға 
немесе  лауазымды  адамға  өкілді  органның  сессиясында  сол 
органның  немесе  лауазымды  адамның  құзіретіне  кіретін 
мәселелер  бойынша  негізделген  түсіндірме  беруді  немесе 
айқындамасын  баяндауды  ресми  түрде  жасаған  талабы.  «...
Жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар  туралы»  Заңның 
23-бабында депутаттың сауал беру құқығын іске асыру тәртібі 
былай  деп  регламенттелген:  «Депутат,  мәслихаттың  тұрақты 
комиссиясы мәслихат сессиясының төрағасына және мәслихаттың 
хатшысына, тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті 
әкімшілік пен оның органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар 
мен мекемелердің басшыларына мәслихаттың құзіретіне жататын 
мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы. Сауал сессияда 
жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі. Жазбаша түрде енгізілген 
сауал  жария  етілуге  тиіс.  Сауал  берілген  мемлекеттік  орган, 
лауазымды  адам  мәслихаттың  сессиясында  сауалға  жазбаша 
немесе аузша жауап беруге міндетті. Сауалға жауап мәслихат 
белгілеген мерзімде беріледі және сессияда жария етіледі. Сауалға 
қайтарылған жауап бойынша жарыссөз жүргізілуі мүмкін. Оны 
талқылаудың нәтижелері бойынша мәслихат қаулы қабылдайды».
Депутат үшін сауал салу құқығын іске асыру – сессияда 
мәлімделген талап арқылы кемшіліктерді жоюға, заңдар мен 
шешімдерді, тиісті тәртіпті және істің дұрыс атқарылуын сөзсіз 
орындауға қол жеткізу деген сөз.
Депутаттың сауал салу құқығын оның басқа құқығымен 
өтініш жасау құқығымен шатастырмаған жөн. Олардың арасында 
принципті айырмашылық бар. Депутаттық сауал салу құқығы – 
өкілді орган сессиясының барысында, ал өтініш жасау құқығы 
сессиялар арасындағы кезеңде ғана іске асырылады. Лауазымды 
адамға салынған сауалға жауап тек қана сессияларда қайтарылады, 
ал өтінішке жауапты тиісті басшылар сессиядан тыс және тікелей 
депутатқа қайтаруға міндетті.
Жергілікті  өкілді  органдардың  тиімді  жұмыс  істеуінің 
қажетті  шарты  депутаттардың  сайлау  округтеріндегі  халық 
арасында жүргізетін қызметі болып табылады. Сайлау округі – 
сайлау жүйесінің аумақтық бастауыш ұясы, қоғам мүшелері мен 
қажеттіліктер бірлігі  алуан түрлілігі  соның шеңберінде көрініс 
табады. Депутаттың округтегі жұмысы жеке топтық мүдделерді 
үнемі  анықтап  отыруды,  оларды  Қазақстан  Республикасы 


176
Конституциясының 86-бабында көзделгендей, неғұрлым жалпы, 
сайып келгенде жалпы мемлекеттік мүделермен салыстыруды және 
байланыстыруды талап етеді. Депутаттардың өз сайлаушыларымен 
тұрақты, тығыз байланысы: біріншіден, халықтың мүдделерін 
зерделеу,  сның  пікірлері  мен  қажеттерін  ескеру  мен  білдіру 
үшін,  яғни  депутаттың  өкілдік  міндеттерін  жүзеге  асыру 
үшін қажет. Екіншіден, ол мәслихаттардың өздері қабылдаған 
актілердің орындалуына бақылау жасалуын, оларды орындауды 
ұйымдастыруға депутаттардың тікелей қатысуын қамтамасыз 
етеді. Үшіншіден, депутаттардың сайлау округтерінде жүргізілетін 
жұмысы халық таңдаулыларына халықтың үнемі бақылау жасап 
отыруына, мәслихаттар жұмысының жариялылығын, олардың 
қызметіне сайлаушылардың тікелей ықпал жасауын қамтамасыз 
етеді. Депутат өзінің сайлау округінде:
-сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, 
жұртшылық пікірін, халықтың мұң-мұқтажы мен қажеттерін 
зерделеуге, олар жөнінде мәслихат пен оның органдарына хабар-
лауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізіп, шаралар 
қолдануға;
-халыққа тиісті мәслихаттың жұмысы туралы, аумақтық 
экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының, мәсли-
хат шешімдерінің орындалуы, сайлаушылар аманаттарының іске 
асырылуы, сондай-ақ өзінің сайлау алдындағы бағдарламасы 
туралы үнемі хабарлап отыруға;
-өзін-өзі  басқарудың  әртүрлі  нысандарына,  азаматтарды 
мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға тарту ісіне жәр-
демдесуге міндетті.
Сайлау округіндегі депутаттық қызметтің негізгі бағыттары 
мыналар болып табылады:
1) ақпараттық-түсіндіру  қызметі. Ол округтің ерекшеліктеріне, 
депутаттың даярлығы мен тәжребиесіне қарай әртүрлі әдістермен 
жүргізіледі. Депутаттар халықтың тұрғылықты жері бойынша 
жиналыстарында ,ал сайлау округтері үлкен болған жағдайда- 
еңбек ұжымдарында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының 
отырыстарында  ,сайлаушылар  алдында  хабарлама  жасайды, 
азаматтар  мен  үйлерінде  әңгімелесіп,  радио  мен  баспасөзде 
пікір айтады. 
2) заңдардың, мәслихат пен оның органдары шешімдерінің 
орындалуын,ұйымдастыру мен бақылауға қатысу. Бұл бағыт тиісті 


177
басшыларға өтініш жасау белгіленген шараларды мемлекеттік 
және қоғамдық органдармен бірлесе отырып жоспарлау, кәсіп-
орындардың, мекемелер мен ұйымдарға өз ұсыныстарын енгізеді. 
Бір жағдайларда шағымдарды қанағаттандыру үшін мемлекеттік 
органның  шешімі  қажет  болады,  басқа  бір  жағдайларды 
депутаттың кәсіпорын, мекеме немесе ұйым басшысына, өзге 
де лауазымды адамға өтініш жасауы жеткілікті. 
Депутат әрқашанда заңдардың сақталуын қадағалап, құқық 
бұзушылықпен күреске азаматтарды жоғары саналылық азаматтық 
борышын  орындау,  заңдылықты  мүлтіксіз  сақтау  рухында 
тәрбиелеуге белсенді түрде қатысуға міндетті. Азаматтардың 
құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғаны 
немесе  заңдылықтың  өзге  де  бұзылуы  байқалған  жағдайда 
депутат мұндай жолсыздықтардың тоқтатылуын талап етуге, 
ал қажет болған жағдайларда мұндай жолсыздықтарға тыйым 
салу жөнінде тиісті органдар мен лауазымда адамдарға талап 
қоюға құқылы. Заңда халық қалаулыларының жолсыздықтарды 
тоқтатуды талап ету құқығы олардың өкімет өкілдері жағдайымен 
байланыстырылады. «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар 
туралы» Заңның 22-бабында депутаттардың заңды талаптары 
бірнеше  рет  еленбеген  жағдайда  кінәлі  лауазымды  адамдар 
тиісті мәслихат хатшысының ұсынуымен заңдарда белгіленген 
тәртіппен тәртіптік жауапқа тартылады. 
Депутаттардың өз құқықтары мен міндеттерін толық жүзеге 
асыруын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған заңдарда 
материалдық,  құқықтық,  ұйымдық  және  өзге  де  жағдайлар 
(кепілдіктер) кеңінен белгіленген. Заңға сәйкес мәслихаттардың 
депутаттары сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары 
кезінде, сондай-ақ өзге де жағдайларда депутаттық өкілеттігін 
жүзеге  асыру  үшін  өндірістік  және  қызметтік  міндеттерін 
атқарудан  босатылып,  оларға  негізгі  жұмыс  орны  бойынша 
орташа жалақысы және депутаттық қызметке байланысты басқа 
да шығындарды тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен 
өтеледі. Депутат тиісті мәслихат аумағында жолаушылар таситын 
көліктің барлық түрлеріне (таксиден басқа) тегін жүру құқығын 
пайдаланады. Депутаттық құжат мәселелері бойынша депутат 
мәслихаттың аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, 
қоғамдық  бірлестіктерге,  кәсіпорындарға,  мекемелер  мен 
ұйымдарға  емін-еркін  бару  құқығын,  сондай-ақ  олардың 


178
басшылары мен басқа да лауазымды адамдардың міндетті түрде 
қабылдау құқығын пайдаланады. 
Мәслихаттар өз  құзіретіндегі мәселелер бойынша тиісті 
әкімшілік-аумақтық  бөлініс  аумағында,  меншік  нысанына 
қарамастан, барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдар-
дың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындалуы үшін 
міндетті шешімдер қабылдайды.
Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды 
немесе  жергілікті  бюджет  шығыстарын  көбейтуді  көздейтін 
шешімдердің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда 
ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы 
мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдердің сот тәртібімен 
күші жойылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет