193
Қоғамдық қатынастардың әкімшілік-құқық нормаларының
реттеудің ерекшеліктері, оның қатысушылары тепе-теңдікке
негізделген қатынастарды реттеудің азаматтық – құқықтық
әдісімен салыстыру арқылы айқындауға болады.
Әкімшілік құқық нормаларының әрекеттілігі маңызды
ерекшеліктерімен өзгешеленеді, олардың мәні мыналарға келіп
тіреледі:
1 Әкімшілік- құқықтық реттеу механизміне өкілетті басқару
органының немесе лауазымды адамның шығарған міндетті
тапсырмалары (өкімдері) тән болып табылады.
2 Әкімшілік құқықтық реттеу қатынасқа қатысушылардың
біреуінің бір жақты ерік білдіруін болжайды. Бұл ерік білдірушілік
заңды түрдегі өктемдік, сондықтанда оның шешуі маңызы бар.
Сонымен, басқару органының өз еркін білдіруі бір жақты
және міндетті болатыны белгілі, ол мемлекеттің атынан іс-
қимыл жасайды немесе заң бойынша оған биліктік өкілеттіктер
берілген, сонымен қатар басқа негіздер бойынша да мысалы,
белгілі бір аймақтың халқымен сыйланған жергілікті өзін-өзі
басқару органы юолып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: