198
Құқық теориясында қылмыс қасқана әдейі және жанама
болып бөлінеді.Ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, тыйым салынған
тәсілмең аң аулау, т.с.с осылардың бәрі және ұсақ әрекеттер
тек қанақасақана жасалмауы керек. Көптеген әкімшілік құқық
юұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады.Мысалы, жол жүру,
өрт
қауіпсіздігі ережелерін бұзу, т.с.с.
Кінә – әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.
Ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ
деп табылады.
Қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің
мүдделерін зиян келтіретін әрекеттер танылады. Әкімшілік
жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға
қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық салмағы
қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде
басқаша
бағаланады, аса қатаң емес жауаптылық белгіленеді.
Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің – жасы
кәмелетке толмағандардың, әскери қызметшілердің және тәртіп-
тік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар
шет елдердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін
жауаптылығының тәртібі белгіленеді.
Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары
үшін соларды жасаған кезде он алты жасқа толғандары жауапты
болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған он алты жастан
он сегіз жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері
жөніндегі комиссиялар туралы Ережеде көзделген шаралар
қолданылады.
6 жастан 18 дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13-бабында көрсе-
тілген (ұсақ бұзақылық,полиция қызметкерінің немесе халық
жасақшысының заңды өкіліне немесе талабына қасақана бағынбау
және т.с.) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда
олар жалпы негізде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Әскери қызметшілер және жиындарға шақырылған әскери
міндетті адамдар, содай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы
және басшы құрамдағы адамдары ,әкімшілік құқық бұзғандары
үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол
жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және контрабанда жатпайды.
Осы көрсетілген жағдайларда бұл адамдар жалпы негіздерде
әкімшілік жауапты болады. Сосын,бұл санаттағы азаматтарды
199
әкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қыз-
метшілерге айыппұл да салуға болмайды.
Қазақстан аумағында тұратын шет ел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азамат-
тығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік юридикциясын имму-
нитетпен пайдаланатын шетел азаматтарының жауаптылығы
туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.
Лауазымды адамдар олардың қызмет жағдайларына бай-
ланысты әкімшілік құқық субъектілерінің ерекше санатын
құрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті,
табиғатты, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы белгіленген
ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету өздерінің қызмет
міндетіне жататын басқа ережелерді сақталмауына байланысты
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды адамдар
жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: