Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет61/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

   ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
11.1.Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және белгілері
Әкімшілік жауаптылық – заңдық жауаптылықтың ерекше 
түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың 
әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға 
әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық 
жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар. Сонымен 
бірге заңды жауаптылықтың жалпы белгілері заңдарда әкімшілік 
жауаптылыққа сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және 
де жауаптылықтың нақ осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.
Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшеліктері тұтасынан 
алғанда мыналарға саяды:
1) Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен  
немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалармен та-
ғайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі 
бар.
2) Әкімшілік  жауаптылықтың  негізіне  әкімшілік  құқық 
бұзушылық жатады.
3) Әкімшілік  жауаптылықтың  субъектілері  адамдар  да, 
ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін.
4) Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар 
қаралған.
5) Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды 
адамдардың үлкен тобы:атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі 
басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар 
(судьялар) қолданылады.
6) Органдармен мен лауазымды адамдар әкімшілік жаза-
ларды  өздеріне  қызмет  не  жұмыс  жөнінен  бағынышты  емес 
адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады. Осы белгі бойынша 
әкімшілік  жауаптылық  жоғары  тұрған  органның,  лауазымды 
адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен 
қызметшілерге қолданатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. 
Белгіленген жағдайларда осындай тәртіппен материалдық жауап-


206
тылық шаралары (әкімшілік жұмыскерге өзі жұмыс істеп жүрген 
жеріне келтірген зияны үшін және т.б.) қолданылуы да мүмкін.
7) Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды 
және  жұмыстан  шығаруға  жатпайды.Жазғы  тартылған  адам 
тағайындалған  мерзімі  өткенше  әкімшілік  жазасы  бар  адам 
болып саналады.
Сонымен,  әкімшілік  жауаптылықтың  басқа  түрлеріне 
айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың 
негізгі ерекшелігі, оның негізгі әкімшілік құқық бұзушылық, 
ал шараларына – әкімшілік жазалар жатады.
Кінәлілер  құқық  бұзушылық  жасаған  уақыты  мен  орны 
бойынша күші бар заңдар негізінде әкімшілік жауаптылыққа 
тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылыққа жеңілде-
тетін  немесе  жоятын  актілердің  кері  күші  болады,  яғни  осы 
актілер шыққанға дейінгі жасалған құқық бұзушылықтарға да 
таратылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық тағайын-
дайтын немесе ауырлататын актілердің кері күші болмайды.
Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың:
а) адамдарға:
б) ұжымдық құрылымдарға-кәсіпорындарға, мекемелерге 
және басқа ұйымдарға қолданылатын екі тармағы белгілі болып 
отыр.
Адамдардың  әкімшілік  жауаптылығын  таағайындайтын 
акті  Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 
болып табылады. Ол 1984 жылғы  22 наурызда қабылданып, 
1984 жылдың  1 қазаңынан бастап күшіне енгізілген.
Қазақ ССР-нің ӘПБтК-нің ерекшелігі сол, әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы істерді жүргізуді және де әкімшілік жазалар 
тағайындау туралы қаулыларды орындауды реттейтін нормалар 
оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Сол 1984 жылдан бері бұл кодекске көптеген өзгерістер 
енгізіледі. Солар ескеріліп бұл кодекстің жаңа нұсқалары 1996 
және 1998 жылдары орыс тілінде басып шығарылды. Ал қазақ 
тілінде оның өзгертілген нұсқалары шығарылмады.
Сөз  болып  отырған  кодекс  өте  ескірді,  біраз  ережелері 
қазіргі кездегі қолданылып жүрген Конституцияға және басқа 
заңдарға сай келмейді.


207
 11.2. Әкімшілік жауаптылықтан босату.
Әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  әкімшілік 
жауаптылықтан босатудың негіздері, шарттары және салдалары 
Қазақ ССР-і ӘПБтК-інің 20 және 21-баптарында қаралған.
Қазақ ССР-і ӘПБтК-тің  20-бабына сәйкес құқық бұзушы-
лықтың сипаты және құқық бұзушының жеке басының негізі 
болып табылады.
Әкімшілік жауаптылықтан босатудың салдары әкімшілік  
жауаптылық  туралы  материалдарды  қоғамдық  ықпал  жасау    
шараларын қолдану үшін жіберуге саяды. Материалдар жіберілген 
органдар мен ұйымдар ,көрсетілген адамдарға қолданған қоғамдық 
шаралар туралы материалдарды жіберген органдарға (лауазымды 
адамдарға)  хабарлауға міндетті.
Қазақ ССЗ-і ӘПБтК-тің 21-бабы бойынша жасалған әкімшілік 
құқық бұзушылықтың мәні шамалы болған жағдайда әкімшілік 
жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Салдары – ауызша ескерту, ол ешқандай құқықтық зардап 
туғызбайды.
Әкімшілік  жауаптылықтан  босатудың  негіздерін  әрекет 
жасауды (әрекетсіздікті) заңға қайшы келмейтін жағдайлардан 
айыра білу қажет. Бұл жерде мәжбүрлі қажеттілік пен қажетті 
қорғануды меңзеп отырмыз.
Мәжбүрлі қажеттілік. ӘПБтК-те және басқа  нормативтік 
актілерде  көзделген  әрекетті  жасағанымен,  бірақ  мәжбүрлі 
қажеттілік  жағдайында,  яғни  мемлекеттік  немесе  қоғамдық 
тәртіпке, меншік иесінің құқықтарына, азаматтардың құқықтары 
мен бостандықтарына және басқарудың белгіленген тәртібіне 
төнген қауіпті жою мүмкін  болмаса және егер келтірілген зиян, 
жойылған зиянға қарағанда анағұрлым кем болса, заң бойынща 
әкімшілік жауапты болмайды.
Қажетті қорғану.Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті, 
меншікті,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын, 
басқарудың белгіленген тәртібін қажетті қорғану жағдайында 
қоғамға  жат  қиянат  жасаушылықтан  қиянат  жасаушыға  зиян 
келтіру  жолында  қорғанған  кезде  әрекет  жасаған  адам,  егер 
қажетті  қорғану  шегіне  асып  кетуіне  жол  берілмеген  болса, 
әкімшілік жауаптылық болмайды.


208
Құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған кезде есі 
дұрыс  емес  күйде  болған,  яғни  созылмал  есі  ауысқан  ауру 
болуы, есінің уақытша ауысуы, кемақылдылығы немесе басқа 
бір  сыртқатты  күйде  болуы  себепті  өз  әрекеті  жөнінде  өзіне 
есеп бере алмайтын немесе әрекетін басқара алмайтын адам 
заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет