11.3 Әкімшілік жазалардың ұғымы және түрлері
Әкімшілік жаза – әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауаптылық
шарасы. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
а) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңдарды
сақтау және құқықтық тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеу;
б) құқық бұзушының да, басқа адамдардың да жаңа құқық
бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады
(ӘПБтК-тің 22-бабы).
Әкімшілік жазалар белгілі межеде қылмыстың алдын алу
функциясын орындайды.
Әкімшілік жазалар құқық бұзушылыққа ие моральдық,
материалдық ықпал жасаудың көрінісі болып табылады. Кейбір
әкімшілік жазалар бір мезгілде әрі моральдық айыптауды, әрі
материалдық ықпалды, әрі құқық бұзушының құқығын уақытша
шектеуді біріктіреді (мысалы, әкімшілік қамауға алу, арнайы
құқығынан айыру және басқалар).
Әкімшілік жазалар мәнінің бірлігімен, оларды қолданудың
негіздерімен және мақсаттарымен , оларды бірімен бірін
ауыстырудың мүмкіндігімен ажыратылатын үйлесімді жүйені
құрайды.
ӘПБтК-тің 23-бабында мынадай әкімшілік жазалар
белгіленіп, бекітілген:1) ескерту; 2)заттың құнын өтеп алу;
4)затты тәркілеу; 5)арнайы құқығынан айыру; 6)әкімшілік
қамауға алу; 7)кәсіпкерлік қызметке қадағалау; 8)белгілі бір
қызмет түрінің лицензиясынан айыру.
Әкімшілік жазалар мәнінің бірлігімен, оларды қолданудың
негіздерімен және мақсаттарымен , оларды бірімен бірін
ауыстырудың мүмкіндігінен айырылатын үйлесімді жүйе құрады.
ӘПБтК-тің 23-бабында мынадай әкімшілік жазалар белгі-
леніп, бекітілген:1) ескерту; 2)затты құнын өтеп алып қою; 4)
209
затты тәркілеу; 5)арнайы құқығынан айыру; 6)әкімшілік қамауға
алу; 7)кәсіпкерлік қызметке қадағалау тағайындау; 8)белгілі бір
қызмет түрінің лицензиясынан айыру.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан
Республикасының аумағынан аласталуы мүмкін.
Заңда әкімшілік жазалар негізгі және қосымша болып
бөлінеді. Заттарды құнын өтеп алып қою және тәркілеу негізгі
және қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін,
қалғандары – тек қана негізгілер ретінде. Қосымша жазалар
жеке түрінде қолданылмайды.
Ескерту – моральдық сипаты бар жаза. Ол жазбаша түрде
беріледі немесе өзге әдіспен де жасалады. Ауызша ескерту
әкімшілік жаза болып табылмайды. Барлық басқа негізгі әкімшілік
жазалар сияқты ескерту де сондай заңдық салдарлар туғызады.
Мысалы, тиісті салдарлар туғызатын құқық бұзушылықтың
қайталанғандығын анықтау үшін оның маңызы болуы мүмкін.
Айұппыл – Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген
ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінің санына
сәйкес келетін теңге түрінде Қазақ ССР-і ӘПБтК-те қаралған
жағдайлар мен шеңберлерде алынатын ақшалай төлем.
Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың негізінен барлық
түрлері үшін қаралған ең көп өріс алған жаза. Бұл заңды бұзған
адамдарға ықпал жасаудың неғұрлым тиімді тәсілі екендігін
әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр.
Азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын
айыппұл, әдетте, ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштерінің
жиырма есе мөлшерінен аспауы керек.(ӘПБтК-тің 26-бабы).
Айрықша жағдайларда әкімшілік жауапкершілікті ерекше
күшейтудің қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының
заң актілерімен осы бапта көзделгеннен көп мөлшерде айыппұл
белгіленуі мүмкін.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексі жаңа редакцияда қабылданғанға
дейін тұрақты сомада көрсетілген айыппұллар мөлшерін қайта
есептеудің тәртібі Қазақстан Республикасының 1993 жылы 26
қазанда заңымен белгіленген.
Бұл заң бойынша егер айыппұлдың жоғарғы шегі 1964
жылғы ӘПБтК-те белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің
оннан біріне тең деп , бірақ салынатын айыппұлдың мөлшері
210
елу сомнан төмен болмауы тиіс; отыз мыңнан аспаса – ол ең
төмен жиырма жалақы мөлшеріне тең деп есептелінеді, бұл
орайда салынатын айыппұлдың мөлшері ең төмен он, он бес
жалақы мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
1993 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Заңымен
ӘПБтК-тің 26-бабына енгізілген «еңбекке ақы төлеудің ең төменгі
айлық мөлшерлерінің», «ең төменгі жалағының» деген сөздер
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 13 маусымдағы заңымен
«ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштерінің» деген сөздермен
ауыстырылады.
1997 жылғы 13 маусымдағы заңмен ӘПБтК-тің 26-бабы
мына мазмұндағы бесінші тармақпен толықтырылды: Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа
кодексі қабылданғанға дейін осы күнгі қолданылып жүрген
Кодекспен белгіленеген еңбекке ақы төлеудің ең төменгі айлық
мөлшерінің (жалақының еі төменгі мөлшерінің) шамасына
сәйкес сома түрінде салынатын айыппұл - ақшалай өндіріп
алу әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кездегі Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген айлық есепті көрсеткіш
мөлшерін негізге ала отырып есептелсін делінген.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе
объектісі болып табылған затты тәркілеу – бұл затты құнын
өтемей еріксіз түрде мемлекет меншігіне айналдыру.
Егер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарында өзгеше көзделмеген болса, тәркілеуге құқық бұ-
зушының өз меншігіне жататын зат қана жатады. Әдетте,
контрабанданың заттары, заңсыз балық аулау құралдыры, аң
аулау ережелерін бұзған жағдайда оқпен атылатын қару т.с.с.
тәркіленеді.
Контрабандалық заттар , олардың иесі кім екеніне қарамастан,
тәркіленуі мүмкін.
Бұл шараларды шектеу мыналарға саяды: а) тәркілеуге
жатпайтын заттардың тізімі заңдармен белгіленген;б) аң аулаудың
басқа қаруларын тәркілеуді қолдануға болмайды.
Тәркіленетін тиісті заттың екі ғана , мүлік емес, бұл әкім-
шіліктің осы шарасын қылмыстық жаза шарасынан айырады.
Заттың құнын өтеп алып қою мен тәркілеу түріндегі жазалар
Қазақстан Республикасының 6, 26- баптарында қаралған жеке
меншік құқығы заңмен қорғалады деген қағидаға қайшы келеді.
211
26-бап бойынша соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен
айыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |