243
болып табылады. Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар
және құжат жүзіндегі ақшалар.
Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің
ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және
бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын
экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Қаржылардың еліміздін әлеуметтік-экономикалық өміріндегі
рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы
да көрініс табады.
1) Бөлу
және қайта бөлу функциясы;
2) Бақылау функциясы.
Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті орган-
дардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.
Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған
экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі
мемекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары
мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары
бойынша қайтадан бөлінеді.
Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының
жиыстырылуы және бөлу процесінің заңға сәйкес жүзеге
асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының
ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп
қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етеді.
Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын
қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі
мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары
мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.
Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру
барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқық-
тың пәні болып есептелінеді.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан
жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қоғамдық қатынастар
экономикалық қатынастарға жатады,ал осы экономикалық қаты-
настардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар
қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың
пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша
белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді.
244
1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты
қатынастар болып табылады.
2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;
3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің
нәтижесі
болып табылады;
4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты
қозғалысын білдіреді;
5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан
базистің
құрамына жатады;
6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқықтық қатынастар
түрінде кездеседі.
Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің
жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық
қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен,
ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қаты-
настардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын
,яғни ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды
үйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын.
Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің
қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қаты-
настарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық
реттеудің 2 әдісі қолданылады:
1)Мемлекеттік-өктем, императивтік әдіс; 2)Қаржылық-
шартты, диспозитивтік әдіс;
Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтық нормаларымен
реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынас-
тарға айналады.Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық,
нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесіден
өздеріне тән белгілермен сипатталады.
1)Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің
қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен
реттелген қатынастар болып табылады.
2) қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның
мүддесін жүзеге
асырудың нысаны болып саналады;
3) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік
–өктем сипатта болды;
245
4)қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне
мемлекет пен оның
уәкілетті органдары жатады;
5)қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық
сипатта болады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы
қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың
субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.
Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты
қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән
құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлғалар болып табылады.
Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық
қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық
қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз
етуге бағытталған, өктем-мүліктік сипатта болатын, қаржылық
құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен
реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын,
мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық
қызметтерінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды
айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: