248
Мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет және
жергілікті бюджеттер бөлінеді, сондай-ақ осы бюджеттер өте
мол ақша қоры түрінде көрініс табады. Бюджеттік құқықтың
құқықтық реттеу аясында- пәніне мыналар жатады:
1)бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;
2)бджеттің шығыстарының бағытын(құрамын) анықтау;
3) мемлекеттік
бюджеттің құрылысын анықтау;
4)республикалық және жергілікті өкілді органдардың
бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;
5)бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртібін белгілеу.
Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары,яғни
бюджеттік құқықтық нормалары бар.
Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілермен
ерекшеленеді:
1) бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және
олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз
етіледі;
2) бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер
жүктейді
және өктем билік береді;
3) бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті ор-
гандардың қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде
заңдарда, жарлықтарда, өкімде,
қаулыда көрініс табады;
4) бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделері
қамтамасыз етуге бағытталған;
5) бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма
түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық
көрсеткіштері,т.б.)
ұшырасады;
6) бұл номалар көбнесе өктем –әмірлі сипатта болады;
7) бұл нормалардың біршама бөлігі құзырет белгілеу нор-
маларын құрайды;
8) бұл нормалардың көбі бастапқы кездерінен тиісті заңдарға
байланысты,бір жылдың көлемінде ғана заңи күшінде болады.
Міне осы құқықтық нормаларының жиынтығы бюджеттік
құқықты құрайды. Сонымен, бюджеттік құқық деп мемлекет
аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ
осы бюджеттерден бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды
ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
250
қызмет түрі ретінде ерекшеленеді. Құқықтық ғылым аясында
бюджеттік жоспарлаудың орнына көбінесе бюджеттің қаржылық
жоспар түрінде белгілі бір сатылардан өтуі. Бюджеттік процестің
басты сатылары мыналар:
1)
бюджеттің жобасын әзірлеу;
2) бюджеттің жобасын қарау;
3)
бюджетті бекіту;
4) бюджетті атқару және атқарылуына бақылау жүргізу:
5) бюджетті жабу және атқарушы жөнінде есеп беру.
Бюджеттік процесті жүзеге асыру барысында алға қойылған
мақсат тек жоспарлау, яғни бюджеттің жобасын әзірлеу ғана
емес, сонымен қатар оны орындаудан (атқарудан) тұрады. Осы
аяда қолданылатын ең басты әдістің бірі- баланыстық әдіс, яғни
бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін теңдестіру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: