Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет73/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

  15.4.Бюджеттен тыс  қорлар
Мемлекеттік  бюджеттен  тыс  ақша  қорлары  еліміздің 
нарықтық  қатынастарға  көшуіне  байланысты  мемлекеттік 
қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып 
отырғаны белгілі. Осы қорлардың құрылуы елімізде әлеуметтік-
экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді. 
Бюджеттік  тапшылықтардың  орын  алуына  байланысты 
мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін 
бюджеттен  тыс  қорлар  ретінде  қалыптастыру,  бір  жағынан 
бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан 
айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын 
болады. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы 
өтпелі кезеңде мемлекеттік қаржыларын тиімді және мақсатқа 
сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей 
пайдалануға  қолайлы  қаржылар  болғандықтан,  мемлекеттегі 
әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына 
қарай,  бірінші  кезекте  қоғам  мүддесін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік 
және  жергіліктік  деңгейдегі  болып  бөлінеді.  Ал  құқықтық 
тұрғыда  қарастырсақ    ҚР  Заңдарына,  жарлықтарына  сәйкес 
құрылатын  және  ҚР  Үкіметінің  қаулыларының  талаптары 
негізінде құрылатын бюджеттен тыс қорлар бар. Жоғарыда аталған 


251
нормативтік құқықтық актілерде осы қорларды қалыптастыру 
көздері де бірден белгіленеді. Сонымен, бюджеттен тыс қорлар 
деп ҚР қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, ҚР 
Үкіметінің немесе жергілікті құзыретті органдардың бюджет 
қарамағына жатпайтын ақша қорлары нысанында қалыптасып, 
қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттарды айтамыз.
  Қазіргі кезеңде ҚР бюджеттен тыс қорлардың мына келесі 
түрлері көрініс тапқан: жол қоры; халықты жұмыспен қамту 
жәрдемдесу қоры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет