307
ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
26.1. Жалақы ұғымы жіне оны реттеуші әдістер
Жалақы – жеке еңбек шартының негізінде орындалған
қызметкер еңбегіне жұмыс беруші төлеуге міндетті ақы.
Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен
орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылыуы
мүмкін.
Өндіріс саласындағы қызметкерлердің жалақысының көзі
салықты және басқа да төлемдерді бюджетке төлегеннен кейін
қалған пайда, ал өндірістік емес қызметкерлердікі – әдетте,
бюджеттік бөлінетін қаржы болып табылады.
Мемлекеттің еңбекке ақы төлеуді қатаң реттеуден бұл
саладағы кең құқықтарды кәсіпорындардың өзіне берілуге
көшуі нарықтық қатынастарды дамытудың жағдайларындағы
ерекшелік болып табылады.
Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу мөлшері барлық жағдай-
ларда Қазақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың
мемлекеттік бюджеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан
төмен болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: