Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


  Қабылдауды  зерттеу  əдістемесі



Pdf көрінісі
бет101/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   215
2.  Қабылдауды  зерттеу  əдістемесі.  «Қандай  бейне  толық 
емес?» əдістемесі Қабылдаудың тұтастығын бақылау. Балаға та-
ныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның əрбір сурет-
ке мұқият қарауын жəне жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз 
(2-сурет).
3. «Бұл  не,  танып  ал»  əдістемесі.  Алдымен  балаға  суреттің 
бөлігін фрагменте көрсетілгендей анықтау қажет, яғни бөлік не-
месе фрагмент бойынша тұтас суретті салу керек. Балаға а) басқа 
барлық  фрагменттері  қағазбен  жабылған  үш  суретті  көрсетеді. 
Осы  фрагмент  бойынша  бұл  бөлшектер  жалпы  кандай  суретке 
тиісті екенін айту керек. Есепті шешуге 10 секунд уакыт беріледі. 
Егер  бала  дұрыс  жауап  бермесе,  онда  оған 10 секундқа  келесі 
толығырақ  фрагмент  көрсетіледі,  тағы  сол  сияқты  бала  суретте 
не бейнеленгенін аңғарғанынша жалғаса береді. Жалпы 6-7 жасар 
балалар фрагмент бойынша тапсырманы 20 секунд ішінде орын-
дай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет