15. Қуыршақ пианино сатып алды. Бұл ойынды өткізу үшін
алдыңғы ойында қолданылған қуыршақтың жиһазы бар бөлмесі
мен оның сызбасы қажет. Алайда, сызбаның суретін салмай,
калың қағаздан қырқып алынған геометриялық фигураларды
қолданып қағаз бетіне қойған жөн. Тапсырманың мəні жиһаздың
орындарын ауыстыру. Қуыршақ пианино алуға ұйғарады, бірақ
оны қайда қоярын білмейді. Ол үшін қалған жиһаздардың орын-
дарын ауыстыру керек. Баладан қуыршаққа көмектесуін өтініңіз.
Ол үшін оған пианиноны білдіретін тік төртбұрышты беріңіз де,
одан сызбадағы жиһаздардың орындарын осы жаңа бұйым сыя-
тындай етіп ауыстыруын сұраңыз. Бұл айтарлықтай оңай іс емес:
пианино қабырғаның жанында тұруы керек жəне оның жанында
орындық сыятындай жер болуы тиіс. Содан кейін бала қуыршақ
бөлмесіндегі жиһаздардың орындарын ауыстырып, өз жоспарын
іске асыруы керек. Бұл əрекет таңдап алынған шешімнің дұрыс
немесе бұрыстығын дəлелдейді. Мұндай ойын жиһаздың кез-
келген түрімен өткізілуі мүмкін.