Оқуды игеру (обучаемость) –оқу үрдісінде адамның білімді,
білікті жəне дағдыларды игеруінің жылдамдығы мен сапасының
жеке өзіндік көрсеткіші.
Педагогикалық психология – педагогикалық үрдістің пси-
хикалық құбылыстары мен заңдылықтарын, даму ерекшеліктерін
зерттейтін психология саласы.
Пилотаждық зерттеу – негізгі зерттеудің алдында жүргізілетін
оның қарапайым «іздестіруші эксперимент» деп аталатын зерттеу
əдісінің бір түрі.
Профессография – түрлі кəсіптердің адамның жеке қасиеттеріне,
психологиялық қабілеттеріне, физикалық мүмкіндіктеріне сəйкес
келу–келмеу себептерін зерттейтін əдіс.
Психология –психиканың заңдылықтарын психикалық құбы-
ластарды, үрдістерді, қалыптарды, индивидтің даму жолын жəне
оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының қалыптасуын
зерттейтін ғылым.
Психика – жоғары дəрежеде құрылған бас миының мінез-
құлықпен іс-əрекетті қамтамасыз ету қабілеті.