3. Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-
кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық
түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-
қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын
іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады
және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог
құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме
нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын
болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды
сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-
тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді;
мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы
ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу
стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды
талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени
және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және
стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып,
ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі,
жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын
пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау
және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе,
және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-
композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана
отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша күрделі және
жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық
нормаларды сақтайды.
|