16
Жұрнақтар лингвистикада «суффикс» деген терминмен
белгіленеді. Латынның ‘‘suf’’ - «соң» және ‘‘fux’’- «жалғанған» деген
сөздерінің негізінде қалыптасқан.
Қызметі жағынан жұрнақтар екіге бөлінеді:
сөз тудыратын
жұрнақтар және
форма тудыратын жұрнақтар.
А) Сөз тудыратын жұрнақтар белгілі бір сөздерге жалғанып,
басқа лексикалық мағыналы сөз туғызады. Мыс,
қой-шы, қойма-шы,
тік-ін, тік-іс, тік-ін-ші т.б. Сөз тудыратын қосымшалар, әдетте,
лексикалық категория болып есептеледі. Бұл – заңды құбылыс. Сөз
тудыратын жұрнақ сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып
келеді. Ал сөздің өзіне тән мағынасын тіл ғылымының лексика саласы
қарастырады. Ендеше, лексикалық категорияның қатарына қосылатын
осы жұрнақты неге морфологияда қарастырып отырмыз деген сұрақ
тууы мүмкін.
Сөз тудыратын қосымшалар түбірге қосылғанда сөздің тек
лексикалық мағынасын ғана өзгертіп қоймайды, сонымен қатар
грамматикалық мағынасын да өзгертеді. Мысалы,
құр - етістік. Осы
сөзге сөз тудыратын жұрнақ жалғасақ
құр-ыл-ыс түрінде болып
келеді. Міне, осы сөзде тек лексикалық мағына ғана өзгермей, сондай-
ақ грамматикалық мағына да өзгеріп тұр. Яғни, бұрын етістік болған
сөз енді жұрнақтың қосылуы нәтижесінде зат есімге айналып отыр.
Сондықтан қашан да болсын әрбір жұрнақ белгілі бір грамматикалық
категорияның көрсеткіші болып қызмет етеді.
Қазақ тілі жалғамалы (аглютантивті) тіл болғандықтан, сөз
тудыратын жұрнақтар да, форма тудыратын қосымшалар да түбір
морфемаға бірнеше болып келіп жалғана алады. Мысалы,
тіг-ін-ші-
Достарыңызбен бөлісу: