Бағалы - үлбір жартылай фабрикатының ассортименті келесі топтарға бөлінеді: бағалы жартылай фабрикат - өңделген бағалы аң терілері; қаракөл жартылай фабрикаты - әртүрлі түқымдас қойлардың өңделген терісі; қой - үлбір жартылай фабрикаты - өңделген әр түрлі түқымдас үлкен қой терілері (үлбірлік қой терілері); үлбірлі жартылай фабрикат - өңделген қоян, мысық, ит, бүғы, қүлын, бүзау, ешкі терілері; теңіз аңдарының терілері - өңделген теңіз мысығының ит балықтың және нерптің терілері; пластина және үлбір. 8.2. БАҒАЛЫ - ҮЛБІР ТЕРІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Бағалы-үлбір терісі былғарыдан және түкті жабыннан түрады. Былғарыны көлденең кесіндісінде эпидермис, өзең және терасты - май қабаттарын ажыратуға болады. Өзеңінде түкті қабаты бар былғарыньщ негізгі қабатын қүрылымдағы болатын коллагенді, эласты, ретикулинді