Қоян түрлері. Елімізде қоянның бірнеше түрі өмір сүреді: ақ қоян, ор
қоян, құмды қоян. Құмды қоян екі түрін біріктіреді: құм қояны және
маньчжур қояны. Ақ қоян Солтүстік орманды тундра жолағында кездеседі;
ор қояны оңтүстік орманды дала және далалы жолақта; құм қояны
Забайкаледе, Қазақстан жане Орта Азия далаларында, маньчжур қояны
Уссурийск аймағында кездеседі (сурет 8.19 а,б.в).
Белгілері: қоянның, ақ қоянның түкті жабынды, таза ақ түсті, жұмсақ
үлпілдекті, құлақ ұшында кішкене қара дағы болады. Жазды күні түкті
жабыны аласа, жон арқасы және жан-жағы қоңыр түсті. Терінің ұзындығы
45-70 см аралығында. Ор қоянының жон арқасындағы түкті жабыны жеңіл
бұйраланған, аз үлпілдекті болып келеді. Қысты күні ол толығымен
ағармайды. Құйрығының жоғарғы жағында және жон арқасында қара дақ
қалады. Терісінің ұзындығы 50-70 см.
Достарыңызбен бөлісу: