9-БӨЛІМ
КИІМ БӨЛШЕКТЕРІН БІРІКТІРУГЕ АРНАЛҒАН
МАТЕРИАЛДАР
9.1. ТІГІН ЖІПТЕРІ
Бүйымдарды тігу технологиясында және киімдерді жөндеуде олардың
бөлшектерін біріктіру үшін тігін жіптері қолданылады. Жіптердің сапасына
және ассортиментіне ерекше көңіл бөлінеді. Киімді тігу және кию кезінде
тігін жіптері физика-механикалық және физика-химиялық әсерлердің
нәтижесінде қүрылымдық өзгерістерге үшырайды. Сондықтан, тігін жіптері
технологиялық және түтыну та- лаптарына сәйкес болуы керек. Тігін жіптері
созылуға беріктігі жоғары, белгілі бір үзару көрсеткіштің бірі және осы
көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы қажет.
Киім бөлшектерін біріктіріп, машинамен тіккенде 2 - ширатпалы тігін
жіптері қолданылады, жіптердің үзілуіне ширату бағыты көп әсер етеді.
Тігін өндірісіндегі машиналардың бас білігі 3500 мин
1
айналу жиілігімен
жүмыс жасайтын болғандықтан және үйкеліс нәтижесінде инелер 300-400
0
С
дейін қызатындықтан, тігін жіптері жылуға төзімді болуы керек.
Тігін жіптері киім бөлшектерінің берік біріктіруі, тігіс түрін жақсы
көрсетуі, ылғал-жылумен өңдегенде өлшемдерін өзгертпейді.
Талшық қүрамы бойынша тігін жіптері мақта, зығыр, жібек және
химиялық жіптер болып шығарылады.
Тігін жіптері киімнің жеке бөлшектерін біріктіруге арналған негізгі
материал және әрлеуіш материал ретінде қолданылады. Мақтадан.
зығырдан, жібектен синтетикалық және штапельді жіптер жасап
шығарылады. Өндірістегі жалпы жіптердің көлемінің 80 % мақтадан
жасалған жіптер. Зығыр жіптері арнайы тапсырыстарды орындауға және
қалың брезентті сырып тігуге қолданылады. Синтетикалық тігін жіптері
қазіргі уақытта кең қолданылып, жиынтығы кеңейіп, сапасы жақсара түсті.
Жіптердің үйкелу, созылу, тарқатылу, оралу әсерінен тігімнің жа- салу
үдерісінде тігін жібінің қүрылымы, беріктігі жоғарылап, сапасы
жақсартылды.
9.1.1. Мақтадан жасалған жіптер
Мақтадан жасалған тігін жіптері жоғары сапалы иірілген тарақтық
жіптерден жасалынады, 2, 3, 4, 6, 9 және 12 қүрамдағы жіптер
243
өндіріледі. Тігін өндірісінде көбінесе 3, 6 құрамдағы жіптер кеңінен
қолданылады.
Тігін жіптің дайындалу технологиялық үдерісі келесі қатардан тұрады: -
біріктіру - негізгі иірімжіптің екі немесе үш жібінің біріктірілуі (тарақты
немесе кардалы); - 8 және 2 бағытына ширату, қайнату, бояу (қара немесе
басқа түске) немесе ағарту, әлсіз жылтырды беруге арналған күңгірт (жұқа
қабыршақты парафинмен немесе балау- ызбен өңделеді) және күшті жылтыр
беруге арналған жылтыр өңдеулер (крахмалды аппретпен қапталған)
үдерістері жүргізіледі.
Жіптің соңғы ширатпасы алдыңғы ширатпаға қарама-қарсы бағытталған
болады, ол 9.1суретте көрсетілген. Тігін жіптерінің түрлері 9.2-суретте
көрсетілген. Бұл жіптің құрылымы тұрақты және бүтін, 2, 3 құрамдағы (9.2
сурет, а) негізгі жіптің соңғы ширатпасымен алынған бір ширатпалы жіп, 2
немесе 3 құрамдағы (9.2 сурет,б) негізгі жіптің алдыңғы ширатпасынан
алынған екі ширатпалы жіп, 2, 3 немесе 4 құрамдағы осы жіптердің соңғы
ширапасынан алынған жіп болып бөлінеді, ол 9.2 суретте берілген.
Достарыңызбен бөлісу: