Лексикалық ойындар 1. «Сөз жарысы» ойыны.
Мақсаты: Сөздікті байыту.
Ойынның барысы: Бұл ойынды өткізгенде
үш студентті тақтаға шығарып, қалған студент-
тер орысша сөздер айтады, үш студент оларды
қазақшаға аударып отырады. Қайсысы көп сөз
айтса, сол жеңеді.
2. «Кім бұрын сөз құрайды?» ойыны.
Мақсаты: студенттердің сөздік қорын дамы-
ту.
Ойынның барысы: Суреттегі заттардың бі-
рінші әріптерінен сөз құралады. Мысалы: әже, ұшқыш, бағдаршам, шаңсорғыш, өзен, егін, үй- рек, қалам т.б. суреттер салынған үлестірмелі
карточкалар таратылады. Суреттегі заттардың
атын атап, әріптерінен сөз шығаруы тиіс. Мыса-
лы: жоғарыдағы ұшқыш салынған суреттегі бас
әріп «ұ» болғандықтан ұран, ұлан, ұлағат, ұрпақ
т.б. сөз құрауға болады.
3. «Кім көп мақал-мәтел біледі?» ойыны.