Болат мырзалиев


Keywords:  trilingualism,  trilingual  policy,  professional  competence  of  teachers-psychologists,  competence. КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет85/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

Keywords:  trilingualism,  trilingual  policy,  professional  competence  of  teachers-psychologists, 
competence.
КІРІСПЕ
«Үштұғырлы тіл» саясатын жүйелі жоспарлап, 
жүзеге асырудың мақсаты – халықаралық білім 
беру кеңістігінде және еңбек нарығында ұтқыр, 
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар мең-
герген  біліктілігі  жоғары  мамандарды  даярлау 
болып табылады. Осы мәселе мемлекет тарапы-
нан басты нысанаға алынғандықтан, елбасының 
жыл сайынғы жолдауларында, «Тілдерді дамыту 
мен қолдау» бағдарламаларында және т.б. нор-
мативтік-құқықтық құжаттарда айқын көрініс та-
бады. 
«Үштұғырлы  тіл»  саясатын  пайдалану  мә-
селесі  тұңғыш  президентіміз  Н.Назарбаевтың 
2006  жылдың  қазан  айында  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясында ХІІ құрылтайында жарияланған 
болатын.  Сонымен  қатар,  елбасы  2007  жылғы 
«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа 
жолдауында  «Тілдердің  үштұғырлылығы»  атты 
мәдени  жобаны  кезең-кезеңімен  іске  асыруды 
ұсынды. Осы тұста, ол «Қазіргі заманғы қазақс-
тандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес та-
быстылығының  міндетті  шарты»  деп  қарастыр-
ды [Назарбаев Н.Ә., 2010, 19-32 б.]. 
«2011-2020  жылдарға  арналған  Қазақстан 
Республикасының  Тілдерді  дамыту  мен  пайда-
ланудың  мемлекеттік  бағдарламасы»  тілдерді 
дамыту  мен  пайдаланудың  нормативтік-құқық-
тық  және  әдіснамалық  базасын  жетілдіруге  ба-
ғытталған комплексті жұмыстарды жүйелі түрде 


51
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
жүргізілуді  қарастырады.  Сонымен  қатар,  мем-
лекеттік  тілді  меңгеру  және  оны  пайдалануда 
жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу бойын-
ша комплексті жұмыстар жоспарлануда [2].
«Үштұғырлы тіл» саясаты – жақсы өрнектел-
ген тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа 
формасы  ретінде  пайда  болмағаны  белгілі.  Ол 
–  қоғамдағы  әлеуметтік  қажеттіліктер  мен  сұ-
раныстардың  негізінде  туындаған  игілікті  идея. 
Өйткені,  бүгінгі  таңда  бірнеше  тілді  меңгерген 
мемлекеттер  мен  халықтар  өзінің  коммуника-
циялық және интеграциялық қабілетін дамытып 
отырған. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдегі 
бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудыің ал-
ғашқы баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін 
сөйлей алатын, сауатты жаза алатын мамандар 
өз елімізде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті 
маманның кәсіби тұлғасына айналуы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет