Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


тәмииз жасы: 7-10 жас аралығы



Pdf көрінісі
бет36/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

тәмииз жасы: 7-10 жас аралығы
Ислам  дінінде  бала  тәрбиесінде  тәмииз  жасының 
маңыздылығы  ерекше.  «Тәмииз»  араб  тілінде  «ажы-
рату, айыру» деген мағынаны білдіреді. Тәмииз жасы 
дегеніміз,  баланың  бір  нәрсені  басқаларынан  сана-
лы  түрде  ажырата  алуы.  Тәмииз  жасын  мұсылман 
ғұламалар өздерінің зерттеу салаларына қарай әр түрлі 
сипаттаған.  Мысалы,  хадисшілер  айтылған  нәрсені 
70
  И.  Жанан.  Хазрети  Пейгамберин  суннетинде  тербие.  Ышык 
академи йайынлары. Истанбул 2008. Б. 139.


81
Сәбидің дүниеге келуі
толық  түсініп,  жауап  бере  алу  жасын  «тәмииз  жасы» 
деп  көрсетеді.  Тәпсіршілер  болса,  «әлі  әйел  әуретінің 
байыбына бара қоймаған балалар» деген аятқа сүйеніп, 
әуретті  түсінген  баланың  тәмииз  жасына  кіретінін 
айтады.  Алиул-Қари  бұл  жастың  жеті  жас  екенін  ай-
тады.  Ислам  құқықшылары  болса,  баланың  келісім 
шарттардағы сөздерді азды-көпті түсіне алатын жасын 
«тәмииз жасы» деп атаған. Ал Нәуәуи: «Тәмииз жасы 
шамамен  7-8  жас.  Ғалымдарымыз  (фықыхшылар): 
Тәмииз  жасы  жеті  жастан  бұрын  да,  сегіз  жастан 
асқаннан кейін де болуы мүмкін, бұл жерде жас емес, 
баланың  түсінігі  маңызды»,  −  деп  құқықшылардың 
пікірін баяндайды. Ғалымдар осылайша тәмииз жасын 
әртүрлі  сипаттағанымен,  көпшілік  7-8  жасты  тәмииз 
жастың  бастауы  деп  қабылдаған.  Олар  пікірлеріне 
дәлел  ретінде  Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
 
мына  хадистерін  көрсетеді:  «Жеті  жасына  келгенде 
балаға намаз оқуды бұйырыңдар»
71
. 
«Балаға қай жастан бастап намаз оқытқан дұрыс?» 
деген  сұраққа  Пайғамбарымыз:  «Бала  оңы  мен  солын 
айыра білген кезде»
72
 деп жауап берген. 
Хадистерде айтылған «бұйырыңдар» деген сөздің 
орнына  басқа  хадис  кітаптарында  «үйретіңдер»  деген 
сөз де қолданылады
73
. Осыған қарап ғалымдар жеті жас-
та  балаға  намазды  үйрете  бастау  керек  дейді.  Себебі, 
намаздың толық парыз болатын уақыты балиғат жасы-
нан басталады. Сондықтан 7 жасынан бастап бала на-
маз  оқуды  үйрене  бастаса,  он  жасынан  бастап  намаз-
ды күнделікті оқуға жаттығады, осылайша ол балиғат 
71
  Әбу Дәуд, Салат, 26; Тирмизи, Салат, 299.
72
  Әбу Дәуд, Салат, 26.
73
  Тирмизи, Мәуақит, 182; Дарими, 1т., 273-б.


82
Исламдағы бала тәрбиесі
жасына  келгенде  намаз  оқудың  қыр-сырын  толық 
меңгерген болады. 
Жоғарыдағы  екі  хадисте  жеті  жас  аталғандықтан 
ғалымдардың  көпшілігі  жеті  жасты  тәмииз  жасы  деп 
есептеген.  Сонымен  қатар  басқа  хадистерде  намаз 
үйрену жасы ретінде баланың 20-ға дейін санай білуі, 
намаздың не екенін түсінуі, сүт тістерінің түсуі секілді 
сипаттар  айтылады.  Ғалымдар  осы  хадистердің  бәрін 
қарастырып,  намаз  оқи  бастаудың,  яғни  үйренудің 
жасы  тәмииз  жасынан  басталатынын  айтады.  Соны-
мен  қатар  ғалымдар  балаларға  7-8  жасынан  бастап, 
намазға  қатысты  парыз,  уәжіп,  сүннет  деген  сияқты 
мәліметтерді  үйрете  бастау  керектігін  айтқан.  Ал  он 
жасында  баланың  толықтай  бес  уақыт  намазға  өту 
керектігі айтылады. Сондықтан біз жоғарыдағы хадис-
терге әрі мұсылман ғалымдардың пікіріне сүйене оты-
рып, 7-10 жас аралығын тәмииз жасы деп алдық. Бұл 
кезең – қазіргі қоғамда баланың бастауыш мектеп жасы. 
Енді,  осы  жас  аралығында  баланың  физиологиялық-
психологиялық  жағдайында  қандай  өзгерістер  бола-
тынына, сондай-ақ осы жас аралығында баланың діни 
тәрбиесіне қатысты мәселелерге тоқталмақпыз. 
Физиологиялық  тұрғыда  қарайтын  болсақ,  баста-
уыш мектеп балаларына тән нәрсе – бойының біркелкі 
өсуі және денесінің пропорциялық қалыпта өзгеруі. Бұл 
кезеңде баланың қаңқасы тым иілгіш әрі жұмсақ бола-
ды.  Өйткені  қатайтқыш  минералдық  тұзы  бар  сүйек 
тканьдары  әлі  жетілмеген.  Оның  орнына  шеміршек 
тканьдары  көп  болады.  Буын  және  бұлшық  еттерін 
тік  ұстауға  ықпал  ететін  омыртқа  тым  әлсіз.  Осының 
салдарынан  денесін  ұзақ  уақыт  тік  ұстап  тұру  балаға 
қиынға соғады.


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет