84
Исламдағы бала тәрбиесі
тілеуден гөрі Аллаһ тағалаға алғыс айту басымдау
келеді. Дұғаларында сезімге берілу байқалады. Сондай-
ақ тілектері ақыл-ойға қонымды бола бастайды. 7-10
жас аралығында балалардың мінез-құлқы тұрақтанады.
Оның жақсы мінез-құлықтарды бойына жинақтауына
сол аралықта дами түскен діни дүниетанымы да өз
әсерін тигізеді.
Бастауыш мектеп кезеңіндегі бала физиологиялық-
психологиялық тұрғыдан жетілген сайын бойында
өзімшілдік қылықтар азайып, қоғамдық белсенділікке
қарай қадам басады. Әсіресе, 8-10 жастарда баланың
әлеуметтік, рухани және эстетикалық қабілеттері
бой көрсетеді. Егер жан-жақты дамуға мүмкіншілік
жасалса, осы жастың өзінде балалардың даналыққа
қадам басатындықтарына күмән жоқ. Мысалы, Құран
Кәрімде Яхия пайғамбар (а.с.) жайлы:
«Уа, Яхия!
«Кітапқа барынша беріл» деп, бала кезінің өзінде
оған үкім, жұмсақ жүрек және саф көңіл бердік. Ол
Аллаһтың алдында тақуа еді»
74
– дейді. Аят бойын-
ша бала жаста оған берілген «үкімнің» кейбір тәпсір
кітаптарында даналық, білім, пайғамбарлық екені,
ал кейбіреулерінде байсалдылық, ынта, жақсылыққа
құштарлық, жақсылық жолындағы жанкештілігі екені
айтылады. Ал Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде:
«Бауырым Яхияға Аллаһ тағаланың
рақымы жаусын! Балалар оны ойынға шақырғанда,
әлі сегіз жасында болса да, «Ойын үшін жаратылған
жоқпын ғой», − деген. Күнәлары дәптерге жазылатын
жасқа жетпеген бала осылай десе, ол жастан асқан
адам не деу керек?»
75
– деп, Яхия пайғамбардың сегіз
74
«Мәриям» сүресі, 12-13-аяттар.
75
Ибн Кәсир, Тәфсир, IV-т., 442-б.
86
Исламдағы бала тәрбиесі
керек. Баланың айналасындағы жаратылыстың түр-
түсі, сұлулығы, жүйелілігі мен тәртібін аңғаруы Аллаһ
тағаланы тануға ынтасын арттырып, сүйіспеншілігін
оятады.
Жеті жасқа дейін балалық кезеңде бала көргенін
қайталағыш, еліктегіш келеді. Түрлі ойындарға
құмартып, егер сіз онымен ойнасаңыз, ол да сізбен
ойнағысы келіп тұрады. Бұл жастан асқанда сана-
сезіміне, ұғымталдығына қарай ұлттық әрі рухани
құндылықтарды жайлап сіңіре бастайтын уақыт келеді.
Бұл – нағыз Құранды үйрететін кезең. Бұдан кейін оның
парасат пайымына қарай харам мен халалды ажырата
білуге үйренетін кезең келеді, бұл кезеңнің мерзімі де
әуелгісіндей деуге болады.
Ендігі жерде оны қолынан жетектеп, сол өмірге
қадам бастыру керек. Оны кейде түсіндіру, ынталан-
дыру, қызықтыру арқылы, енді бірде ескерту жасау
арқылы іске асырасыз. Демек, белгілі бір жасқа дейін
көбінесе үлгі-өнеге болу арқылы санасына сіңдіретін
болсақ, одан кейін ақыл деңгейі мен ойлау қабілетіне
қарай
мәселелерді ашып, түсіндіре бастағаныңыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: