Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Баланы ертеңгі күнге дайындау



Pdf көрінісі
бет38/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Баланы ертеңгі күнге дайындау
Қайталап айтуды қажет ететін мәселе – балалардың 
қоршаған  ортасын  есепке  ала  отырып,  жасына, 
деңгейіне,  білімі  мен  танымына  сай  оның  тәрбиесін 
қолға алу. Бала бес жаста болса, әліппені үйреткендей, 
діни  мағлұматтарды  ерінбей,  жалықпай  түсіндіруіміз 
керек.  Ол  жеті  жасқа  келгенде  берілетін  білім  басқа 
болса,  он  жасқа  келгенде  одан  күрделірек  білім  алуы 
тиіс. 


87
Сәбидің дүниеге келуі
Алайда  мұның  мынадай  маңызды  жағы  бар, 
балаға айтпақ болған мәліметіміз оның жасына сай әрі 
келесі кезеңнің де талаптарына жауап бере алатындай, 
оның алға басуына септігін тигізетіндей болуы керек. 
Өйткені, ол өзі өмір сүрген уақытты онсыз да көріп-сезе 
алады.  Ол  ортаның  бергені  мен  мұғалімнің  айтқанын 
жеткілікті  санауы  мүмкін.  Ендеше,  біздің  тәрбие 
арқылы сіңіретініміз алдағы уақытта оның кәдесіне жа-
райтындай болуы керек. Хазірет Әли «Балаларыңызды 
бүгіннің білімі мен мәдениетіне лайықтап емес, ертеңнің 
жағдайына лайықтап даярлаңыздар. Өйткені, олар бүгін 
үшін емес, ертең үшін туылды» деген. Бұл ұстанымды 
жалпы білім мен таным тұрғысынан қарайтын болсақ, 
дәл  қазіргі  білім  мен  мәдениетті  жеткілікті  деп  санау 
таяздық.  Өйткені,  уақыт  өте  келе  басқалар  сізді  ба-
сып озып, ал сіздің артта қалып қоюыңыз ғажап емес. 
Бұл ұстаным баланың қазіргі күйін емес, болашақтағы 
жағдайын  жақсартады.  Иә,  алты  жасар  балаға  жеті 
жасар  баланың  тәрбиесін,  ал  жеті  жасында  оған  сегіз 
жастағылардың бағдарламасын әзірлеген жөн. 
Қорыта  келе  мынаны  айтуға  болады:  бес  жасына 
дейін балаға берілген діни әрі ұлттық тәлім жұғымды 
болуы үшін оның ақыл-есі толысқан болуы керек және 
орташа  шамамен  алғанда,  он  бес  жасқа  дейін  оған 
берілетін білім біртіндеп күрделенеді. Жиырма жасар 
бозбалаға  немесе  бойжеткенге  он  бес  жасар  кездегі 
тәлімді  бермек  болсаңыз,  оның  дін,  иман,  тәрбиеге 
қатысты осы кезге дейін алған мәліметін қойыртпаққа 
айналдырып  жіберуіңіз  мүмкін.  Адамның  ағзасына 
қажетті  қорек  оның  жасына  қарай  өзгеретіні  секілді 
ақыл-ойы, сана-сезімі деңгейінде рухани азық ала ала-
ды. 


88
Исламдағы бала тәрбиесі
Егер  тәрбиелегіңіз  келген  адамның  қоғамдық  са-
насын  әрі  ақыл-ой  деңгейін  анықтамай  жатып  оған 
тәлім  беруге  талпынсаңыз,  оны  өзіңізден  бездіріп 
алуыңыз мүмкін. Бүгінгі күні білім саласының көптеген 
кемшіліктеріне  қарамастан,  кейбір  жастарымыздың 
сана-сезімі  тұнық  қалпын  сақтаған.  Мұны  Аллаһтың 
жақсылығы не олардың санасының жетілмегені, жиыр-
ма бес жаста бола тұра он бес жасар бала тәрізді өз за-
манынан артта қалып қойған деп түсінуіміз керек. Сана-
сезімі жетілмей қалған адам бір күні алда-жалда діни әрі 
ұлттық, қоғамдық пікірі өзінен әлдеқайда биік адаммен 
кездессе, Құдай сақтасын, іштей өз құндылықтарынан 
жерініп, өмірден түңіліп кетуі кәдік. Тәрбиелеу ісінде 
жас шамасына қарай жүктелетін міндеттерді уақытынан 
сәл бұрын жүргізу жайында Ислам діні мынадай кеңес 
береді: «Балаға намаз оқу он бес жасында парыз болса, 
сіз оны он жасынан бастап үйретіңіз. Оны ораза ұстауға 
да парыз жасынан ертерек үйретіңіз». Бұл діннің басқа 
да  парыздарына  қатысты.  Бала  неғұрлым  ертерек 
қамданса, ертең өзіне жеңіл болмақ.
Балаға берілетін тәрбие кішкентайынан қолға алын-
са, оған да, өзіңізге де жеңіл тиеді. Егер олар балиғат 
жасқа толысымен діни парыздарды міндетті түрде орын-
дасын десек, оны осыған алдын ала дайындағанымыз 
жөн. 
Ғалымдардың  тұжырымдауынша,  бала  жиырма 
бір жасқа дейін қоғамдық санасы өсіп, діни тұрғыдан 
кемелденуі  тиіс.  Демек,  баланы  бұл  жастан  кейін 
тәрбиелемек болсаңыз, қиынға соғады. Олай болса, жи-
ырма  бір  жасқа  дейін  оның  мінез  ерекшелігін  ескере  
отырып  діни,  ұлттық  құндылықтарды  санасына 
сіңіруіміз керек. Осы жасқа дейін ол дінді практикалық 


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет