Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет39/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Сәбидің дүниеге келуі
әрі  теориялық  жағынан  толық  меңгерсе,  кейін  кезде-
сетін қиындықтарға мойымайтын болады.
Бала  бұл  кезеңге  дейін  сіздің  барлық  іс-әре-
кетіңіздің  маңызы  мен  мақсатын  түсінетін  дәрежеге 
жетеді.  Сіздің  ендігі  міндетіңіз  –  осы  күнге  дейін 
оның көріп-білгендерінің түп-төркінін түсіндіріп, сәті 
түскенде  құлшындырып,  реті  келгенде  ағат  кеткен 
тұстарын  ескертіп  отыру.  Сондықтан  да  белгілі  бір 
жасқа дейін балаға іс-әрекетпен үлгі көрсету маңызды. 
Белгілі бір жастан кейін баланың ойлау деңгейіне қарай 
мәселелерді түсіндіру қажет...
Аллаһ елшісі «Ұят – иманның маңызды бір тірегі»
76
 
деген. Тағы бір хадистерінде «Ұяты жоқтың – иманы 
жоқ»
77
 деп айтып кеткен. Олай болса, ұрпағымыздың 
арлы,  ұятты,  ибалы  болып  өсуін  тілесек,  тәрбиесін 
бүлдіршін  кезінен  бастап  қолға  алуымыз  керек.  Олар 
есейе келе, Құран тәрбиесін бойға сіңірген сайдың та-
сындай нағыз атпал азаматтарға айналады. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 бір хадисінде: 
«Дінде тәфаққуһты
78
 үйрену әрбір мұсылманға міндет. 
Олай болса үйреніңдер, үйретіңдер, түк білмейтін на-
дан  болып  дүниеден  өтпеңдер»  деген.  Осы  хадисті 
басшылыққа ала отырып, біз балаларымызға жеті жасы-
нан бастап қарапайым ғылымхал мәліметтерін үйрете 
бастағанымыз дұрыс. Имам Ғазали да осы тұрғыда ойын 
былай жеткізеді: «Бесін намазы уақытында намазға бас-
тайтын адам дәрет пен намазға қатысты мәліметтерді 
76
  Мүслим, Иман, 57-58; Бұһари, Иман 3; Әбу Дауыд, Сүннет 14; 
Нәсәи, Иман, 16; Ибни Мажә, Мұқаддима 9.
77
  Қараңыз, Әли Мұттақи, Кәнзул Ұммал, 3/119.
78
  фықыһ үкімдерін, яғни ғылымхал мәліметтерін – Құр.


90
Исламдағы бала тәрбиесі
тура  сол  уақытта  үйрене  алмайтындықтан  алдын  ала 
үйренуі тиіс»
79

Намазға үйрету кезінде кейбір ғалымдар балаларға 
оңайлату үшін бесін мен екіндіні, ақшам мен құптанды 
бірге  қосып  оқуына  болатынын  айтқан.  Олардың 
ұйықтап жатқандарынан намаз оқығаны абзал деген
80

Осы жастан бастап балаларға діни мәліметтерді беру-
мен қатар дінге деген құрметтерін арттыра түсу керек. 
Айтып өткеніміздей, бала тәмииз жасына келген-
де  оған  діни  білімдерді  үйрете  бастаған  жөн.  Бұны 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 да бір хадисінде бы-
лай  баяндайды:  «Білімді  жастайынан  үйренген  адам 
тастың  үстіне  нақыштағандай,  есейгенде  үйренген 
адам судың бетіне жазу жазғандай»
81

Осыған ұқсас тағы бір хадисінде: 
«Кім  Құранды  жас  кезінде  үйренсе,  етіне  және 
қанына  сіңдіреді,  ал  есейгенде  үйренген  уысынан  тез 
шығарып алады..»
82
, – дейді. 
Кейбір ғалымдар: «Санада әлі ешқандай білім не-
месе  сенім  тұрақтамай  тұрып  ол  ештеңе  жазылмаған 
ақ қағаз тәрізді. Бұл жерге бір нәрсе жазылса, артынан 
басқа нәрсе жазу қиын, өшіру де оңай емес. Адамдардың 
түсініктері де солай. Оған дұрыс немесе бұрыс, қандай 
да  бір  білім,  сенім  немесе  әдет  бірінші  жазылса,  оны 
өшіру  қиын».  Кішкентай  кезінен  үйренген  нәрселер 
баланың бойына қасиет ретінде сіңіп қалады. Сондықтан 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 балаларға әлі парыз 
79
  Имам Ғазали, Ихияу улумуд дин, 1-т., 45-б.
80
  Ибн Әби Шәйбә, 1-т., 348-б.
81
  Мәжмауз-Зәуәид, 1-т., 125-б.
82
  Ибн Сахнун, 325-б.


91
Сәбидің дүниеге келуі
болмаса да құлшылықтар мен діни білімдерді үйретуді 
ерте қолға алуды өсиет еткен. 
Тәмииз  жасынан  бастап  балалардың  үйренетін 
білімдері:  иман  негіздері,  Құран  және  ғылымхалдағы 
қарапайым мәліметтер. Бұл білімдерді бала тәмииз жа-
сына дейін де аздап үйрене бастайды. Ал бірақ бұдан 
кейін  саналы  түрде,  мектепте  оқушы  ұстаздан  білім 
үйренгендей  үйренуі  керек.  Сол  үшін  бұрынғы  кез-
дерде  мұсылман  мемлекеттерінде  кішігірім  медре-
селер  болған.  Қазіргі  таңда  ондай  мүмкіншіліктер 
болмағандықтан,  ата-ана  бұл  істі  өзі  мойнына  ала-
ды  немесе  баласына  арнайы  ұстаз  жалдайды.  Яки, 
мешіттердің жанынан ашылған медреселерде мектептен 
тыс  уақыттарда  оқыту  секілді  шаралар  қарастырғаны 
жөн.
Көпшілік ғалымдар балаға Құран оқуды үйренудің 
ең сәтті кезеңі ретінде 7 жасты айтады. Бірақ баланың 
қабілетіне  қарай  одан  да  ерте  бастауға  болады  деген 
көзқарастарды  ұстанатындар  да  бар.  Десе  де  7  жасқа 
дейін де арабша оқуды, жазуды үйретуге болады. 
Өзіне  сегіз  жасынан  бастап  қызмет  еткен  са-
хаба  Әнәс  ибн  Маликке  Пайғамбарымыз  бірде  бы-
лай  деп  өсиет  айтқан  екен:  «Әй,  балам!  Құранды 
оқудан қол үзбе, себебі, Құран өлі жүректі тірілтеді, 
жамандықтардан, теріс қылықтардан және шектен 
шығудан сақтайды»
83
.
Имам Бухари балаларға кішкентай кезінен Құран 
оқуды  үйретуге  болады  деген  көзқарасты  ұстанады. 
Ал ғұлама Ибраһим Нәхаи балаға ақыл кіргенге дейін 
бұл ерте десе, Саид ибн Жубәйр тәмииз жасына дейін 
83
  Дәйләми, 2-т., 377-б.


92
Исламдағы бала тәрбиесі
Құранды  оқытуды  ғұламалардың  құптамағанын  айта-
ды
84

Ибн  Кәсир  алғашқы  мұсылмандардың  тәжірибе-
лерінен  мынадай  мәлімет  ұсынады:  «Сахабалар  ба-
лаларын  алғашқы  жылдарда  ойынға  қоя  беріп,  сосын 
барып  Құранды  оқуды  үйренуді  дұрыс  көретін.  Бала-
ны ерте кезден қырағатқа (Құранды ережесіне сай оқу) 
мәжбүрлеу  оны  тез  зеріктіретінін,  баланың  бәрібір 
ойынға қашатынын айтқан. Кейбіреулері бала үйреніп 
отырғандарын түсінбейінше, Құран үйрету дұрыс емес 
деп  қабылдаған.  Естері  кіріп,  тәмииз  жасына  жеткен-
ге  дейін  баланы  өз  еркіне  жіберіп,  баланың  талабы, 
есте сақтау қабілеті мен зейініне қарай жайлап үйрету 
керектігін айтқан»
85
.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  өмір  сүрген 
тұста  Амр  ибн  Сәләмә  деген  бала  ауылына  келіп-
кеткен мұсылмандардан Құран үйренеді екен. Кейіннен 
Пайғамбарымыздың  қасына  баратын  топқа  ілесіп, 
Мәдинаға  келеді.  Келген  топтың  ішінде  Құранды  ең 
көп білетін сол болғандықтан Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)
  оны  8  жасында  руластарына  имам  етіп 
тағайындаған екен
86
.
Сахаба Абдуллаһ ибн Аббас өз естелігінде былай 
дейді: «Пайғамбарымыз қайтыс болар кезде мен 10 жас-
та едім. әл-Мухкәмді оқыдым»
87
. «әл-Мухкәм» – «Ху-
журат» сүресінен кейінгі 68 сүре. Он жасында осынша 
сүрені жатқа білуі – оның Құран оқуды ерте бастағанын 
көрсетеді. 
84
  И. Жанан, Хз. Пейгамберин сүннетинде тербие, 163-б.
85
  Ибн Кәсир, Фәдаилул-Қуран, 7-т., 486-б., Бәйрут, 1966.
86
  Нәсаи, Имамәт, 11.
87
  Бухари, Фәдаилул-Қуран, 25.


93
Сәбидің дүниеге келуі
Алғашқы мұсылмандар балаға Құран оқытуды бас-
тату жасы турасында әр түрлі көзқарасты ұстанғанымен 
«Сендердің ең қайырлыларың − Құранды үйренгендерің 
әрі үйреткендерің» деген хадис негізінде барлығының 
балаға Құран үйретуді аса маңызды санағаны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет