Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет42/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Сәбидің дүниеге келуі
қалай  барып  қалғандарын,  тіпті  өздері  де  аңғармай 
қалатындықтары жиі ұшырайды»
89

Бұл кезеңде бала абстрактілі ойлау қабілетіне қол 
жеткізеді. Олар айналасындағы барлық құбылыстарды 
ішкі  жан-дүниелерінің  тебіреністерімен  салыстыра 
отырып  бағалай  алады.  Өзінің  көзқарасын  білдіріп, 
үлкендермен  пікірталастыратын  да  кездері  болады. 
Адамдардың ойымен санасып, пенделердің кемшіліктен 
кенде  емес  екенін  ұғынады.  Өмірдің  өткінші  екенін 
түсініп, өмір бар жерде өлімнің бар екеніне көзі жете 
түседі. Бұл жаста балалар өте сезімтал келеді. Балалықта 
ұялаған  қорқыныш  сезімі  жасөспірімдік  жылдарда  да 
жалғасады.  Бұл  кезеңде  баланың  бойына  қорқыныш 
сезімі мына үш негізде ұялайды:
1. Аңдардан және түрлі құбылыстардан қорқыныш: 
жылан,  ит,  ұшақ,  жел,  от,  қараңғылық  секілді 
нәрселерден қорқуы. 
2. Әлеуметтік  қарым-қатынастағы  қорқыныш: 
адамдармен  танысу,  кекетіп-мұқатып  қалған  адам-
дармен  бірге  болу,  көпшіліктің  алдына  шығып  сөз 
сөйлеу, үлкендердің арасына қосылу олардың бойын-
да қорқыныш сезімін ұялатады. Бұл қорқыныш сезімі 
көбіне ұялу, қымсыну түрінде байқалады.
3. Жеке  басына  қатысты  қорқыныш:  жоқшылық, 
өлім,  өзінің  немесе  жанұясындағы  жандардың  ауы-
рып  қалуы,  мектепте  немесе  істеген  істерінде  келең-
сіздіктерге ұрыну жасөспірімдердің бойына қорқыныш 
ұялатуы мүмкін. 
89
  С.  Ғаббасов,  Халық  педагогикасының  негіздері,  386-387-б., 
Алматы, 1995.


100
Исламдағы бала тәрбиесі
Жасөспірімдіктің  алғашқы  жылдарында  бала 
сабақтарын  көптеу  уайымдайтын  болса,  одан 
кейінгі  жылдары  денсаулығын  уайымдай  түседі. 
Денсаулығында  бір  ақауды  байқаса,  соны  ойлап 
уайымдаумен  бірнеше  күн  көңіл-күйі  жабырқаулы 
жүреді.  Осының  өзі  баланың  психологиясына  әсер 
етіп,  бойындағы  қорқыныш  сезімдерін  ушықтыра 
түседі.  Жасөспірімге  осы  психологиялық  күйді  жеңіп 
шығуда ортаның тәрбиелік ықпалы зор. Егер жанұяда 
сыйластық,  имандылық  пен  инабаттылық,  береке-
бірлік болса, жасөспірімнің өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, 
ақыл-ойы толысқан, ұстамды, адамгершілік қасиеттерді  
бойына  жинақтаған  тұлға  ретінде  балиғат  жасына  оң 
қадам басары анық. 
Жасөспірімдер  естіген  мәліметтерін  ой  елегінен 
өткізіп, саралап, өз беттерінше қорытынды жасай ала-
ды.  Абстрактілі  ойлаумен  қатар  істің  нәтижесін  ал-
дын ала болжай біледі. Бұл жастағы балаға иман мен 
дінге  қатысты  мәліметтерді  толықтай  түсіндіруге  бо-
лады.  Себебі,  баланың  санасы  айтылғандарды  түсіне 
алатындай  дәрежеге  жетеді.  Ол  өзіне  айтылғандарды 
ой  таразысына  тартып,  бағамдайды.  Сондықтан  оған 
айтатын  мәліметтерімізді  нақты  дәлелдерге  сүйеніп 
айтуымыз  керек.  Жасөспірімге  бәрін  түсіндіруге  бо-
лады  екен  деп  жөнсіз  мәліметтерді  тықпалай  беру  де 
орынсыз.  Тақырыптардың  ретін  белгілеп,  баланың 
психологиялық  жағдайын  ескере  отырып  түсіндіру 
қажет. 
Балаға 11 жасына дейін Аллаһқа иман тақырыбына 
қатысты негізгі мәліметтерді сіңіріп әрі ойында жүрген 
күмәнді сұрақтарын сейілткен жөн. 11 жасынан кейін 


101
Сәбидің дүниеге келуі
балаға  сол  кезеңге  дейін  айтуға  батылыңыз  жетпеген 
тақырыптарды  қозғауыңызға  әбден  болады.  Аллаһқа 
иман тақырыбын толық меңгергеннен кейін күпірліктің 
не  екенін,  Аллаһ  тағалаға  серік  қосушылықтың  күнә 
екендігін,  және  сол  секілді  басқа  да  тақырыптарды 
түсіндіруіңізге  болады.  Құранда  хазірет  Лұқпан  бала-
сына  айтқан  өсиетінде  былай  дейді:  «Балам,  Аллаһқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет