Құранға құрмет
Құран Кәрімді жан-жақты түсіндіру руха-
ни сергектік пен жастарда діни сананың оянуы
тұрғысынан аса маңызды. Балаға «Құран Кәрім
қасиетті кітап» деп қана таныстыру жеткіліксіз.
Мұндай сөз белгілі бір жасқа дейін айтылса да, кейін
өсе келе Құранға қырын қарамауы үшін олай танысты-
ру зиянды да. Осы себепті, Құран түскен күннен бері
ешкімнің оған қарсылық білдірмегені, бүгінгі ғылым мен
техника шарықтаған сайын оның ішкі сырларының
біртіндеп ашылып келе жатқаны әрі Аллаһтың сөзі
екендігін көптеген дәлелдермен келтіріп иландыру
қажет.
Әсілі, барша ғалам, жаратылыс жайында ең
жаңа ғылыми жаңалықтарды қамту тұрғысынан
Құран Кәрімнің ғажайып кітап екені соншалық, оны
«микро әлемнен макро әлемге дейін барлық жараты-
лысты құлшылық негізінде түсіндіреді» деуге болады.
«Білінбейтін небір қазыналар мен көрінбейтін ғайып
әлемінің кілттері Соның жанында. Біздерге сыры
ашылмаған, құрлықтағы, теңіздегі құбылыстарды
Аллаһтың Өзі ғана біледі. Бір жапырақ түссе де Аллаһ
оны біледі. Жердің қараңғылықтарындағы құрғақ не
дымқыл нәрсенің бәрі ашық Кітапта бар» («Әнғам»,
59) деген аят та осы ақиқаттың көктегі куәсі.
Бүгінгі таңда жиі ұшырасатын жайттардың
бірі – кей кісілер Құранды оқығанымен, оның ішкі
дәнегін «шоқып», мән-мазмұнына жете үңілмеуі.
Құранды Раббының алдында, яки пайғамбарымыздың
қасында оқып отырғандай сезімде оқи алсаңыз,
120
Исламдағы бала тәрбиесі
маңайыңыздағылардың да жүректерін қозғайсыз. Иә,
егер Құран оқығанда көзіңізден парлаған жасқа ие
бола алмасаңыз, мұны көрген балаларыңыз да сізден
ғибрат алары хақ. Мен Құранды байыбына бармай оқу
салдарынан адамдардың сезімі біртүрлі семіп кеткен-
ау деген ойға қаламын.
Бір хадисте Аллаһ елшісі: «Адамдардың ең
әдемі Құран оқығаны – Құранды күңіреніп отырып
оқығаны»
112
, тағы бір басқа сахих хадисінде «Құран
күңіреніспен түсті»
113
деген.
Құран мұң-қайғысы бір бітпейтін адам баласына
арналып түскендіктен, біз де осы мұңды тілге тиек
етуіміз керек. Алайда, мұндай деңгейге жетудің жолы
– Құранның не айтқысы келгенін білу. Құран Аллаһтың
сөзі болғандықтан, оның мағынасын ұғуға аз да бол-
са талпыныс жасау – ол да Құранға деген құрметтің
белгісі. Бұған қоса, сіздің осы талпынысыңызбен
балаңыз да Құран Кәрімге тән мағыналарды жүрегімен
сезініп, өз кезегінде рухани жұтаңдықтан құтылады.
Құрандағы игіліктерге қол жеткізу үшін
Құран сөздеріндегі қасиетті мағыналарды үйреніп,
балаларымызға да үйрету қажет екендігін тағы да
еске сала кетейік.
Құран Кәрімнің мағынасын ұғынып, әр сөзіне
үңіліп, асықпай баппен оқу, «Раббтың кәламы» деп оған
құрметпен қарап, ұқыпты ұстау, маңдайына тигізіп,
тіпті сүйіп қою – Құранға деген құрметті білдіреді.
Мұндай шынайы сезім оқығанды да, тыңдағанды
да Құранның сырларына жетелеп, еріксіз еліктіріп
әкетеді.
112
Мүнәуи, Фәйзул-қадир, 2/529.
113
Ибни Мәжа, Иқама, 176.
121
Сәбидің дүниеге келуі
Құранда не жазылғанына, қандай мәселелерге
көбірек тоқталғанына көңіл бөлген жөн. Рухымызға
үлкен төңкеріс әкелмесе, біздің оқығанымыз жеке
басымызға да, қоғамымызға да пайда тигізбейді. Біз
Құранды оқу арқылы кемшіліктерімізді түзетіп, оның
тереңіне бойлап, түсінуге тырыссақ, сонда ғана ол бар
інжу-маржанын көз алдымызға жайып салады.
Иә, үйіміздің төрінде үнемі Құран Кәрім, одан
кейін Аллаһ елшісінің өмірбаяны жазылған сияр кітап
және сахабалардың өмірлеріне қатысты кітаптар
тұрса, балалаларымыздың солармен сусындауына
жағдай жасасақ, олардың иманды, ибалы, парасатты
болып өсуіне зор ықпал етер едік.
Әңгіме!
Достарыңызбен бөлісу: |