142
Исламдағы бала тәрбиесі
− Сүйіспеншілікті шақырсақ болмай ма? Сонда үйіміз
сүйіспеншілікке, сыйластыққа бөленер, – дейді. Қызының сөзіне
бір сәт ойланып қалған әкесі:
− Қызымыз дұрыс айтады. Әуелі, Сүйіспеншілікті шақыр. Ол
біздің қонағымыз болсын, – дейді. Мұндай шешімге сүйсінген әйел,
асығыс басып сыртқа шығады. Шығуын шыққанымен, шешімдерін
айтуға қысылыңқырап, бәсеңдеу үнмен:
− Кешіріңіздер, біз Сүйіспеншілікті шақыруды дұрыс көрдік,
– дейді. Сол сәтте үш қария да орындарынан тұрып, үйге кіруге
қамданады. Әйел:
− Мен тек Сүйіспеншілікті шақырдым. Сіздер үшеуіңіз үйге
бірге кірмейміз деп едіңіздер ғой, – дейді түсінбеген кейіппен. Сон-
да Сүйіспеншілік атты қария күлімсіреген жүзбен былай дейді:
− Егер сендер Табысты немесе Байлықты шақырғандарыңда
қалған екеуміз сыртта қалар едік. Алайда сендер бірінші мені
шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, Табыс пен Байлық менімен
бірге еріп жүреді.
Иә, сүйіспеншілік шаңыраққа енсе, байлық та, табыс та қоса
енеді. Әрі табыс пен байлық тек қана материалдық нәрселермен
өлшенбейді ғой!
Олай болса, таңдау сізде.
Достарыңызбен бөлісу: