Суға сүңгудің пайдасы Қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы патша үкіметі
тұсында түрмеге жабылады. Ол бір күні түрмеден қашып, өзен
жағасымен келе жатқанында артынан қуғыншылар келіп қалыпты.
Қуғыншыларды көрген Құрманғазы жағада өсіп тұрған қамысты
сындырып алып, аузына салыпты да, су астына сүңгіп барып, жата
қалыпты. Аузындағы қамыстың бір ұшын судың бетіне шығарып
қойып, өзен түбінде дем алмай жата берген. Қуғыншылар
Құрманғазының ізін таба алмай кейін қайтады. Сөйтіп кемеңгер
172
Исламдағы бала тәрбиесі композитор тапқырлығы мен суға сүңги білгендігінің арқасында
аман-есен жаудан құтылып еліне жеткен екен.