Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет74/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Атқа міну
Баланың  денесін  шынықтыратын  жаттығудың 
келесі түрі – атқа міну. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
 атқа мініп шабуды да балаларға үйретуді насихат-
тайды.  Тіпті  оны  көңілді  сейілтетін  жаттығу  ретінде 
күндегі  жаттығулардың  арасына  қосуды  айтқан.  Ат 
және  түйе  жарыстарын  өткізіп  тұруға  шақырған
162

Кейбір  хадистерде  Ардақты  елшінің  өзінің  тікелей 
осындай  жарыстарға  қатысқандығы  айтылады
163
.  Бұл 
жайлы  Әнәс  (р.а.):  «Пайғамбарымыздың  Абда  атты 
түйесінен  ешқандай  түйе  оза  алмайтын.  Бірде  бір 
бәдәуи келіп Пайғамбарымызбен жарысып, озып кетті. 
Бұл  мұсылмандарға  ауыр  тиді.  Пайғамбарымыз  олар-
ды жұбату үшін: «Әрбір шарықтауға Аллаһ тағала бір 
құлдырау береді»
164
 дегенін айтады.
Аталарымыз  да  баланы  жастайынан  атқа  мінуге 
дағдыландырып  отырған.  Бұл  сол  кездегі  өмірдің  ең 
негізгі қажеттілігі еді. Ат әрі көлік, әрі ердің қанаты бо-
латын. Өйткені талай батырлар ат үстінде елін қорғады. 
Сондықтан қазақтың батырларымен қатар арғымақтары 
да дастанға айналған. 
Иә,  баланың  денсаулығы  мен  дене  тәрбиесінде 
атқа  мінудің  көптеген  пайдалары  бар  екені  белгілі. 
162
 Нәсәи, Хайл, 6/214-229
163
 Бухари, Салат 41; Муслим, Имара 95; Ибн Мажә, Жиһад 44
164
 Бухари, Риқақ 38; Нәсәи, Хайл, 14; Әбу Даууд, Әдәб, 9


173
Тәрбие тармақтары
Қазіргі таңда дәрігерлер көптеген жүйке ауруларына да 
қатысты  ем  ретінде  атқа  мінуді  қолданып  келеді.  Со-
нымен қатар атқа міну баланың денесінің шымыр боп 
өсуіне, әрі бойына батырлық рухын сіңіруде де өзіндік 
орны бар екенін ұмытпаған жөн.
Күрес
Баланың  денесін  шынықтыру  үшін  қажетті 
спорт  түріне  күресті  де  жатқызуға  болады.  Оны  да 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  ата-аналарға 
хадистерінде  айтып,  өсиеттеген.  Мұхаммед  ибн  Әби 
Алиден  жеткен  мүрсәл  бір  хадисте  хазірет  Хасан 
мен  Хұсейіннің  (р.а.)  Пайғамбарымыздың  алдында 
күресетіндіктері  айтылады.  Сонда  Пайғамбарымыз 
Хасанға  жақтасатын  көрінеді.  Оның  себебін 
сұрағандарға  «Хұсейінге  Жәбірейіл  көмектесуде,  мен 
болсам Хасанға көмектескенді ұнатамын» деп жауап 
берген екен
165

Ибн  Хишамның  жеткізген  бір  мәліметі  бо-
йынша  Пайғамбарымыздың  өзі  де  күрескен.  Сол 
кездегі  Меккенің  атақты  балуаны  Руқәнә  ибн 
Әбди  Язид  мұсылман  болу  үшін  мұғжиза  ретінде 
Пайғамбарымыздың өзімен күресіп, жауырынын жерге 
тигізуін талап етеді. Айласы мен күшіне сенген Руқәнәні 
Пайғамбарымыз алып ұрып, таң қалдырады
166



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет