Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет79/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Ас − адамның арқауы
Ислам  дінінде  асқа  да  көп  көңіл  бөлінген. 
Азықтардың  адал-арам  болып  бөлінуі,  харам 
азықтардың Құран Кәрімде қатаң ескертілуі бізге осы-
ны  аңғартады.  Бала  тәрбиесі  тұрғысынан  да  азықтың 
маңызды  екенін  сүннеттен  де  көруге  болады.  Бала 
туылғанда  алғаш  аузына  салатын  азығына  қатты  мән 
берген Пайғамбарымыз сахабаларына осы райда ескер-
тулер  жасаған.  Баланың  аузына  салынатын  алғашқы 
дәмнің  құрма  сөлі  болуын  қатты  қадағалаған.  Құран 
Кәрімде баланың сүт ему уақытын екі жыл деп беруі 
де бізге алғашқы жылдардан-ақ баланың азығына көңіл 
бөлуімізді  ескерткендей.  Хадистерде  ана  сүтіне  де 
көңіл  бөлініп,  «Сәби  үшін  ана  сүтінен  қайырлы  сүт 
жоқ»
182
  деген.  Ана  сүтінің  баланың  мінез-құлқына 
әсер  ететінін  баяндаған.  Демек,  тамақтану  мәселесі 
баланың дене тәрбиесі үшін де, мінез-құлқы, яғни ру-
хани тәрбиесі үшін де өте маңызды. Сондықтан Ислам 
дінінде тамақтануға байланысты айтылған өсиеттер мен 
182
 Мүснәду Зәйд. Б. 481. Ширатул-Ислам 84/б.


185
Тәрбие тармақтары
әмірлерді бала тәрбиесінде де басшылыққа алғанымыз 
абзал. 
Құран  Кәрімнің  ас  мәселесінде  бізге  жасаған  ең 
маңызды  ескертулерінің  бірі  адал-арамның  аражігін 
ажыратып,  адалын  ғана  жеу  екенін  жоғарыда  да 
айттық.  Құранда  бұл  жайында:  «рызық  ретінде 
берілгендердің тазасын»
183
«таза және адалын жеу»
184
 
деген  әмірлер  айтылады.  Құранда  бір  аятта  өткен-
кеткен  пайғамбарлардың  бәрінің  үмбеттеріне  таза 
ырзықтардан  жеу  әмір  етілгені  айтылады
185
.  Демек, 
адам баласы жаратылғалы бері ең басты парыздардың 
бірі – астың адалдығы. Сондай-ақ Құранда адал әрі таза 
азықты  таңдап  жеуді  мұсылмандықтың  басты  шарты 
ретінде көрсетеді
186
. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 
бір хадисінде «Харам аспен қоректенген дене ешқашан 
жаннатқа кіре алмайды»
187
 деген. Құран әмірін тыңдап, 
сүннетпен  жүруді  тура  жол  деп  қабылдаған  алғашқы 
мұсылмандар байқаусызда харам ас аузына түсіп кет-
се,  оның  бір  түйірін  де  қалдырмай,  өздерін  құсуға 
күштеген.  Осылайша  харам  астан  бойларын  барынша 
аулақ салған. 
Аллаһ  тағаланың  қоректену  мәселесінде  айтқан 
екінші маңызды әмірі – ішу, жеу, бірақ ысырап жаса-
мау. Осы тұрғыда ғұламалар өзі тойса да көзі тоймай 
ішіп-жеуді  ысырап  санаған.  Пайғамбарымыз  шектен 
шықпай ішіп-жеу жайлы былай деген: «...Адам баласы 
асқазанын үшке бөлсін: бір бөлігін – тамаққа, екінші 
183
 «Бақара» сүресі, 57-аят; «Ағраф» сүресі, 160-аят.
184
 «Бақара» сүреі, 168-аят; «Әнфал» сүресі, 69-аят.
185
 «Муминун» сүрес, 51-аят.
186
 «Бақара» сүресі, 172-аят.
187
 Әбу Яла, 8/а.


186
Исламдағы бала тәрбиесі
бөлігін – суға, үшінші бөлігін – ауаға арнасын»
188
. Ысы-
рап  жасамау  әміріне  қарап,  мұсылман  ғалымдар  аз 
жеуді мұсылманға жарасар сипат деп санаған. 
«Ауру − астан» демекші, көптеген аурудың негізгі 
себептерінің  бірі  дұрыс  тамақтанбауға  келіп  тіреледі. 
Сондықтан  мұсылман  ғалымдар  тамақтануды  ләззат 
үшін  емес,  саулық  үшін  керек  деп  қараған.  Олардың 
пікірінше  балаға  берілетін  тәрбиенің  бір  тармағы  – 
тамақтану әдебі, тамақ жеудің мақсаты үйретілуі керек 
деген. Мұсылман ғалымы Ибн Мискәуәйһ бұл жайын-
да  былай  дейді:  «Балаға  ең  алдымен  тамақтану  әдебі 
үйретілуі керек. Тамақтану әдебінде бірінші үйретілетін 
нәрсе – тамақ жеудің негізгі мақсатын түсіндіру. Бала 
тамақ  жеудегі  мақсат  ләззат  алу  емес,  денсаулықты 
сақтау  екенін  түсінуі  керек.  Барлық  азықтар  адам 
ағзасының  саулығы  үшін  жаратылған.  Азықтар 
бейне-бір ауруды жазу үшін алынған дәрі секілді. Ол 
–  аштықты,  аштықтан  туындайтын  қиындықты  жою 
үшін  алынатын  дәрі.  Дәріні  ләззат  алу  үшін  емес  ем 
үшін  қабылдағанымыз  секілді,  тамақты  да  дененің 
саулығын  сақтайтындай  мөлшерде,  аштықты  баса-
тындай етіп қана жеп, қомағайланбау қажет». Осыған 
байланысты  баланың  алдында  тамақты  мақтауды  да 
бұрынғы  мұсылмандар  дұрыс  көрмеген.  Себебі,  бала 
мұндай жағдайда адам баласы үшін ең үлкен бақыт − 
тәтті, дәмді нәрсе жеу деп ұғады екен.
Алғашқы мұсылмандардың өміріне көз жүгіртсек, 
күнде екі мезгіл тамақтанғандарын көреміз. Бірақ тамақ 
мәзірлерінде  харам  астың  тысындағы  азықтардың 
бәрін  тұтынғанын  көруге  болады.  Пайғамбарымыз 
188
 Тирмизи, Зухд, 47.


187
Тәрбие тармақтары
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 азықтарды қоректік пайдасына қарай 
хадистерінде мақтап, сол азықтардан жеуге шақырған. 
Мысалы, ет, сүт, бал, арпа, бидай, асқабақ, зәйтін майы, 
тауық, қоян еті, ірімшік, т.б. азықтардың пайдасы хадис-
терде айтылған. 
Балаларға  тамақ  жеудің  мынадай  әдептерін 
көрсеткен: тамақтан бұрын және кейін қол жуу, тамақты 
«бисмилләһпен»  бастау,  дұғамен  бітіру,  оң  қолмен 
жеу, өзінің алдынан жеу, тамақты жатып жемеу, қолды 
тіреп отырмау, тамаққа мін айтпау, нанның, тамақтың 
дастарқанға  түскен  үгінділерін  тастамау,  суды  үш 
мәрте бөліп ішу, кесенің сынған жерінен су ішпеу, су 
құйылған  ыдысқа  ауызды  малып  ішпеу,  ыдыстардың 
бетін ашық қалдырмау, тамақты қатты ыстық күйінде 
жемеу, т.б. 
Сүннет  бойынша  тамақтануға  байланысты  ұс-
танымдардың  бірі  –  отбасы  мүшелерінің  дастарқан 
басына бірге отыруы. Пайғамбарымыз: «Аллаһ тағала 
үшін  тамақтардың  ең  сүйкімдісі  −  көп  қол  созылған 
тамақ»
189
«Бәрің бірге жиналып тамақ жеңдер, бөлек-
бөлек  отырмаңдар,  себебі,  берекет  жамағатта»
190
 
дейді. 
Бірде «Қанша тамақ жесек те тоймаймыз, бұл қалай 
болғаны?»  деп  сұраған  бір  сахабаға  Пайғамбарымыз: 
«Бірге жейсіңдер ме, жоқ әлде бөлек-бөлек жейсіңдер 
ме?»  деп  сауал  қояды.  Сахаба:  «Бөлек-бөлек  жейміз» 
деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз: «Олай бол-
са,  дастарқанға  бірге  отырыңдар,  «бисмилләһ»  деп 
189
 әт-Тарғиб, 3/134.
190
 Ибн Мажә, Әтима, (2/1094, 3287. Х.).


188
Исламдағы бала тәрбиесі
жеңдер, сонда тамақ сендер үшін берекетті болады»
191
 
деп үйретеді. 
Пайғамбарымыздың  көпшілікпен  бірге  отырған 
дастарқан  басындағы  әдеттерінің  бірі  –  ғибратты 
әңгімелер  айту  болатын.  Осы  сүннетті  ұстанған 
мұсылмандар да дастарқан басында жүрекке жағымды 
әңгімелердің  қозғалуын,  ғибратты  оқиғалардың  баян-
далуын дәстүрге айналдырған. 
Бала тәрбиесі үшін дастарқан басы да − өзінше бір 
мектеп. Демек осы сәтті пайдаланып, баланың көкірегін 
ашатын, санасында сабақ болып мәңгі қалатын баянды 
оқиғаларды  айта  отырып,  әдептілікке,  имандылыққа 
баулуға болады.
Баланың қоректенуі өте маңызды. Себебі, алдыңғы 
бөлімдерде де айтылғандай, дененің өсіп-жетілуі, ойлау 
қабілетінің дамуы дұрыс қоректенуге байланысты. «Ас 

  адамның  арқауы»  деп  айтылғандай,  жас  ұрпақтың 
да  денінің  саулығы  дұрыс  қоректенуге  байланысты. 
Сондықтан  хазірет  Омар  халифа  (р.а.)  болып  тұрған 
кезінде сәбиге дүниеге келген сәтінен бастап қазынадан 
ақша бөлген.
Пайғамбарымыздың ата-анаға жасаған ескертуінің 
бірі – баланың су сұрауына байланысты. Пайғамбары-
мыз бала су сұрағанда оны күткізбей, түннің жарымын-
да  болса  да  дереу  айтқанын  орындау  керектігін  айта-
ды. Ал тамақ сұраған кезде оны күткізуге болады. Бұл 
оларды ораза ұстауға жаттықтыруға, сабырлы, шыдам-
ды болуға үйретеді.
191
 Ибн  Мажә,  3286.  Х.  ;  Әбу  Даууд,  Әтима,  15/3764.  Х.  Фәйзул-
Қадир, 1/152.


189
Тәрбие тармақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет