Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Денсаулық сақтау шаралары



Pdf көрінісі
бет80/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Денсаулық сақтау шаралары
Ислам  дінінде  адамның  денсаулығына  қатты 
мән  берілген.  Себебі,  адам  баласының  бұл  өмірге 
және  ақыретке  қатысты  міндеттерін  атқара  білуі 
денінің  саулығымен  тығыз  байланысты.  Сол  үшін 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Аллаһтан кешірім 
және амандық-саулық тілеңдер. Себебі, адам баласына 
яқиннен (терең иман) кейін амандық-саулықтан артық 
нәрсе берілмеген (яғни одан артық нәрсе жоқ)» – де-
ген
192
. Деннің саулығы жайында келесі хадисінде былай 
дейді:  «Аллаһ  тағаладан  сұралған  нәрселердің  ішінде 
Оған ең сүйкімдісі – амандық-саулықтың сұралуы»
193

Бірде  бір  кісі  ең  жақсы  дұға  үйретуін  сұрағанда, 
Пайғамбарымыз: «Раббыңнан бұл дүниеде де, ақыретте 
де амандық-саулық беруін сұра»
194
 деп жауап берген. 
Жер  жүзіне  ескертуші  ретінде  келген  Әз  елші  
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 көбінесе адамдардың Аллаһ тағала-
ның  берген  екі  нығметінің  қадірін  біле  бермейтін-
діктерін, сол екі нығметтің бейне-бір адамның қолынан 
еш кетпейтіндей көріп алданатындықтарын ескертеді
195

Бұл нығметтердің бірі – денсаулық, екіншісі – бос уақыт. 
Пайғамбарымыз  осы  хадисі  арқылы  да  денсаулықты 
Аллаһ  тағаланың  берген  нығметі  ретінде  сақтау 
керектігін білдіреді. Ал дені сау адам жайында былай 
дейді: «Кім дені сау, өзіне (жаманшылыққа бармайты-
нына) сенімді күйде таңды атқызса және қасында сол 
192
 Ибн Мажә, Дұға, 5.
193
 Тирмизи, Даауат, 112.
194
 Ибн Мажә, Дұға, 5.
195
 Ибн Мажә, Зүһд, 15.


190
Исламдағы бала тәрбиесі
күндік  азығы  болса,  ол  адамға  әлемнің  бар  қазынасы 
тарту етілгенмен тең»
196

 Ислам дінінде өзін-өзі өлтіруге тыйым салынған. 
Яғни, адам баласы басына қандай қиыншылық төнсе де, 
өмір сүру үшін күресуі керек. Сол үшін Пайғамбарымыз: 
«Ешбір  адам  басына  төнген  қиыншылықтан  қашып 
өлім тілемесін. Егер осыған мәжбүр болса, жоқ деген-
де: «Уа, Раббым, өмір сүруім мен үшін қайырлы болған 
уақытқа дейін өмір сүруді нәсіп ет, егер өлім мен үшін 
одан да қайырлы болса, маған өлім нәсіп ет» десін» − 
дейді
197
. Ал өзін-өзі өлтірудің нәтижесі мәңгілік тозақ 
екенін ескертеді. Өмір – адам баласы үшін берілген баға 
жетпес  нығметтердің  бірі.  Осы  нығметті  қадірлеудің 
бір  жолы  –  денсаулықты  сақтау  арқылы  іске  асады. 
Сондықтан  дініміз  бойынша  денсаулық  Жаратушы 
Иенің  аманаты  ретінде  қаралып,  «Егер  алсаң  аманат, 
қайтар оны саламат» деп, аманатқа жауапкершілікпен 
қарау өсиет етіледі. Осы тұрғыдан алғанда денсаулықты 
сақтау шараларына көңіл бөлу де өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет