Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Аурудың алдын алу шаралары



Pdf көрінісі
бет81/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Аурудың алдын алу шаралары
Баланың  денсаулығын  сақтау  –  ата-аналық 
міндеттердің  бірі.  Ал  оның  денсаулығын  сақтау 
шараларының бірі – аурудың алдын алу арқылы жүзеге 
асады. Аурудың алдын алу жоғарыда айтып өткен денені 
шынықтыру, тазалыққа көңіл бөлу, дұрыс қоректенуге 
байланысты.  Сонымен  қатар  Пайғамбарымыздың 
денсаулықты  сақтау  үшін  айтқан  келесі  өсиеттері  де 
өте маңызды. 
196
 Ибн Мажә, 4141. Х.
197
 Бухари, Марда, 19.


191
Тәрбие тармақтары
Бір  хадисте  былай  делінген:  «Асқазан  –  дененің 
қауызы. Тамырлар соған қарай ашылады. Егер асқазан 
саулықты болса, тамырлар (денеге) саулық жеткізеді. 
Егер  асқазан  бұзылса,  тамырлар  (денеге)  кесел 
жеткізеді»
198

Ауруға жол ашатын себептердің бірі хадисте былай 
түсіндірген: «Ыдыстарыңның бетін жауып жүріңдер, 
дорбаларыңның аузын байлаңдар. Себебі, жыл ішінде 
бір  түн  бар,  сол  түні  оба  түседі.  Беті  ашық  қалған 
ыдыстар  мен  аузы  байланбаған  дорбалардың  бәрінің 
ішіне кіреді»
199
.
Кейбір  хадистерде  денсаулығымызға  пайда-
лы  кеңестер  де  ұсынылған.  Мысалы,  «исмид»  де-
ген  сүрменің  адамның  көз  нұрын  арттырып,  шашты 
өсіретіні айтылған. Пайғамбарымыздың баяндауынша, 
Мәдина қаласындағы «ажуә» деген құрманы таңертең 
жеген  адамға  бір  күн  бойы  улану  мен  сиқыр  әсер 
етпейді. Әр айда таңертең үш күн бал жеген адам ауыр 
кеселге шалдықпайды, әртүрлі шөптермен қоректенетін 
сиыр сүтінде ауруларға шипа бар және т.б. аурулардан 
алдын  ала  сақтану  шаралары  да  жеткілікті.  Сонымен 
қатар жұқпалы аурулардан сақтану үшін сол кезеңнің 
өзінде хадистерде карантин әдісі өсиет етілген: «Алапес-
тен  арыстаннан  қашқандай  қаш»
200
,  «Бір  жерде  оба 
шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Егер сен 
тұрып жатқан жерде оба шықса, ол жерден кетпе»
201

198
 Мәжмауз-Зауаид, 5/86.
199
 Муслим, Әшрибә, 99.
200
 Бухари,Тыбб, 19.
201
 Бухари, Тыбб, 30.


192
Исламдағы бала тәрбиесі
Пайғамбарымыз тіпті сау мал мен ауру малды бір жер-
ге жайып, бір жерден су ішкізуге тыйым салған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет