Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет84/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Байыптылық пен жұмсақтық
Ислам  дінінде  баланы  әдепті,  көргенді  етіп  тәр-
биелеу  –  ата-ананың  ең  негізгі  міндеттерінің  бірі.  
Ата-ана баланы жөнге салуда байыптылықты ұстанып 
жеңілден  қиынға,  жұмсақтықтан  қаттылыққа,  кеш-
ірімділіктен  қаталдыққа  қарай  тәсіл  қолдануы 
қажет.  Мұсылман  тәрбиешілер  тәрбие  жұмысымен 
айналысатындарға  әуелі  тыйым  салынған  жағымсыз 
217
 Әбу Даууд, Әдәб, 22 (4/261, 4842. Х.)
218
 Фәйзул-қадир 4 (299, 5368. Х.)
219
 Фәйзул-қадир 5/257


198
Исламдағы бала тәрбиесі
істерді  атап  көрсету,  сосын  жұмсақ  сөз,  тәтті  тілмен 
оларға насихат айту, одан кейін барып Аллаһ тағаланың 
азабымен қорқыту керектігін айтқан
220
.
Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу 
керек.  Әнәс  Пайғамбарымыздың  басты  ерекшелігінің 
баршаға танытқандай «Әсіресе жанұясына (әйел-бала-
шағасына) тым мейірімді»
221
 болғандығын айтады. Со-
нымен  қатар  «Аллаһ  тағала  тым  жұмсақ,  кез  келген 
істе жұмсақтық танытуды жақсы көреді» деген ха-
дис те осы ұстанымға шақырады. 
Хазірет Әнәс Аллаһ елшісінің жұмсақтығы жайлы: 
«Хазірет Пайғамбарға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 10 жыл қызмет 
еттім.  Орындамаған  ісім  үшін  «Неге  орындамадың?», 
орынсыз істерім үшін «Неге олай істедің?» деп қабақ 
шытқан  емес.  Ешқашан  ауыр  сөз  айтып,  айыптаған 
емес» – дейді
222
. Пайғамбарымыздың құзырына келіп, 
тәрбиесіздік  танытып  зина  жасауға  рұқсат  сұраған 
жас  жігіттің  өзін  бірден  беттен  алмай,  ол  қылықтың 
жиіркеніштілігін байыппен түсіндіріп, артынша ол жас 
жігітке дұға еткеннен кейін әлгі жігіттің қалған өмірінде 
ардан аттамай өткендігін әңгімелейтін хадис те осыған 
мысал бола алады
223
.
Ардақты  елші  балалары  бар  ата-аналарға:  «Бала-
ларыңа  ізгілік  жолында  болуға  жәрдем  етіңдер, 
қалаған  (болашағын  ойлаған)  адам  оларды  ата-
анасына қарсы шығудан (дұрыс тәрбие беру арқылы) 
қорғасын!»
224
  деп  кеңес  берген.  Мунауи  бұл  хадисті 
220
 Қари, Айнул илм, 1/441 М.
221
 Әлия (әл-Мәтәлибул-әлия) 4 (26/3864. Х.)
222
 Бухари, Әдеп, 39; Муслим, Фәдаил, 13.
223
 Муснәд 5,257
224
 Фәйзул-қадир, 2/13 (Зи.)


199
Тәрбие ұстанымдары
«Балаларға  жақсы  қарап,  оларды  қинамай,  бәріне 
теңдей  қарап  ата-анасының  алдындағы  міндеттерін 
дұрыс  орындаулары  үшін  көмектесіңдер.  Оларға 
мейіріммен,  қайырымдылықпен  қарап,  ата-анасына 
қарсы  шығудан  сақтандырыңдар.  Балаларға  осы-
лай  қарау  оларды  мойынсұнушылыққа,  тәртіптілікке 
үйретіп,  қарсы  шығып,  бағынбауларының  алдын  ала-
ды» деп түсіндіреді
225
. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет